Меню KDT

Новости

Главная Новости

18.09.2024

№ 43 ҚББ мектеп-орталығында әлеуметтік педагог және мектеп Парламенті мүшелерімен 5-10 сынып оқушыларымен «Кәсіптер әлемі» тақырыбында сауалнама-викторина өткізілді

Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде Кәсіптік бағдарлау күні оқушыларға оқыту бейіні мен болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау процесінде кәсіптік бағдарлау қолдау көрсету және қажетті қасиеттерді қалыптастыруға көмек көрсету мақсатында, № 43 ҚББ мектеп-орталығында әлеуметтік педагог және мектеп Парламенті мүшелерімен 5-10 сынып оқушыларымен «Кәсіптер әлемі» тақырыбында сауалнама-викторина өткізілді. Балалар қызықты түрде түрлі мамандықтар туралы көптеген жаңалықтар білді, жұмбақтар мен кроссвордтарды ашуға ынталы болды, блиц-сұрақтарға жауап берді.Мектеп кітапханашысы «Кәсіп арқылы табысқа» атты кәсіби бағдарлау көрмесін рәсімдеп, онда мерзімді басылымдар, кітаптар, кәсіптер туралы буклеттер қойылды.Оқушыларды «Туризм және қонақ үй бизнесі» мамандықтарымен таныстыру мақсатында 10ә сыныбында орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Саттыбаева Кулаш Кенжебайқызы «Туризм және саяхат» тақырыбында «Мамандық таңдау - жауапты қадам» атты зерттеу сабағын өткізді. Оқушылар топта жұмыс істеді. Оқушылар үш топқа бөлініп, әр топ жобаның тақырыбын таңдады: 1. Туризм мен саяхатқа байланысты қандай мамандықтар бар? 2. «Туризм және қонақ үй бизнесі» мамандығы туралы ақпарат табу Туристік агенттікті қалай жарнамалауға болады? Жарнама жасау. Топтар жобаларды әзірледі, қосымша материалдарды іріктеп алды, топта міндеттерді бөлді. Оқушылар туризм және қонақ үй бизнесі кәсібі, туризм және қонақ үй бизнесі мамандықтары еңбегінің мазмұны мен сипаты туралы өз түсініктерін кеңейтіп, кәсіптердің жеке қабілеттеріне және адам тұлғасының ерекшеліктеріне қойылатын талаптармен танысты. Күні бойы өткізілген барлық іс-шаралар балалардың кәсіби қызығушылығын дамытуға, сондай-ақ оқушылардың кәсіп әлемі туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.

17.09.2024

Балалар - біздің болашағымыз

Балалар - біздің болашағымыз. Біздің болашағымыз дені сау болуы үшін балаларға бала кезінен салауатты өмір салты дағдыларын үйретіп, оларды өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу, спортқа үйрету қажет.

№ 43 ҚББ мектеп-орталығында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сейсенбі, яғни,  17 қыркүйек күні Денсаулық күні өтті. Күн дене жаттығуынан басталды.

«Колибри» тобының және спорт секциясының оқушылары флешмоб ұйымдастырды. Сабақтарда  физминуттар өткізілді.
Бастауыш сынып  пен 5-6 сынып оқушылары үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  С.Д. Ельев пен Р.А. Гуреев «Көңілді старт» өткізді. Балалар екі үлкен командаға бөлініп, спорттық тапсырмаларды сапалы, жылдам және епті орындауға тырысты. Жарыс бағдарламасы мазмұнды болды. Оқушылар барынша жинақылық, эмоционалдық тұрақтылық, ерік-жігер көрсету қажет болатын жағдайларда өздерінің қозғалыс, шығармашылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік алды.

16.09.2024

16 қыркүйек күні білім ордамыздың орта және жоғары сынып арасында мектепшілік дебат сайысы болып өтті.

16 қыркүйек күні білім ордамыздың орта және жоғары сынып арасында мектепшілік дебат сайысы болып өтті.

Қарар: “Оқушыларға мектепте ұялы телефон ұстату керек пе?”

Үкімет: “Nomad”

Оппозиция: “Bolashaq”
Сайыс нәтижелері бойынша, “Bolashaq”  командасы үздік танылып, келесі аудандық лигаға жолдама алды.

15.09.2024

Қыркүйектің 15-ші күні тойлаған осы аналар күнінде барша аналарға шексіз махаббаты мен қолдауы үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.

Қыркүйектің 15-ші күні тойлаған осы аналар күнінде барша аналарға шексіз махаббаты мен қолдауы үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.  Сіздерді мектеп парламенті атынан аналар күнімен құттықтаймыз!  Біздің болашағымызға инвестиция салып жатқан қажырлы еңбегіңіз бен шыдамдылығыңызды бағалаймыз.  Әр күніміз қуанышқа, шаттыққа, толы болсын.  Біз үшін жасаған барлық істеріңіз үшін рахмет!

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны