Меню KDT

Новости

Главная Новости

08.03.2019

Байқау «Көктем аруы - 2019»

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Астана қаласы №60 мектеп-лицейінде 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Көктем аруы-2019 » атты арулар байқауы өткізілді. Бұл байқаудың  наурыз мерекесі қарсаңында өткізілу мақсаты: Қыздарымызды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Еліміздің ертеңі мына жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.

Сайысқа қатысқан қыздарымыз бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін байқау барысында бар мүмкіндіктерінше көрсете білді. Сайыс мынадай кезеңдермен ұйымдастырылды.

«Өзге емес,өзім айтам өз жайымды» өзін-өзі таныстыру барысында аруларымыз өздерін сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырды.

«Өнер өрге жетелейді» өз өнерін көрсету кезеңінде аруларымыз өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерді бір серпілтіп тастады.

«Зерделінің ойы озық» – деп аталатын бұл кезеңде, әр аруға сұрақтар қойылды. Бұл кезеңде де аруларымыз өз ойларын жинақтап, білімдерін көрсете алды.

«Қыздарға әсемдік жарасады»  киім үлгісін көрсету кезеңінде, қыздарымыз сыртқы бейне арқылы өздерінің нағыз қазақ қызына лайық екендерін дәлелдеп берді.

Байқауға әділ бағасын беретін қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасының мүшесі мектеп басшысы  Дюсенова  Айман Жұмағалиқызы. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Муханбедина Эльмира Михайловна. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарсекулова Ақбота Оралбаевна. Сайыс кезеңдері арасында 5 «Т» сыныбы оқушылары  флешмоб  биледі. 5 «Ә» сыныбы оқушылары флешмоб биледі. 5 «Қ» сынып оқушысы Құралова Тоғжан «Dask Till Dawn» әнін ағылшын тілінде орындады. 5 «Ғ» сынып оқушысы Амантай Нұрай мен Оразова Асель «Көңілді күн» әнін шырқады. 5 «С» сынып оқушысы Аминева Камила «Күзгі әуен» күйін  қобызбен орындады. Байқауға қатысқан барлық сыныптардың жанкүйерлері қолдап, қолпаштап отырды. Байқау бойынша бас жүлдені 6 «Ғ»  сыныбы  оқушысы Абулкадырова Медина иемденді. 1-ші орынды 7 «Қ» сынып оқушысы Кажыгалиева  Эльдана, 2-ші орынды 7 «Ғ» сынып аруы Еркеғали Жібек, 3-ші орынды  6 «Ә» сынып аруы Ауғанбек Гүлназ, 6 «М» сынып оқушысы Габдсаттарова Жұлдыз қанжығасына байлады.Болашақта инабатты да ибалы, қылықты қыздарымыз көбейе берсін!

07.03.2019

Мерекелік іс шаралар

Әлжан негізгі мектебі жанындағы шағын орталықта аналар мерекесі өтті.

07.03.2019

"ШУАҒЫН ШАШҚАН АРУЛАР"

2019 жылдың 7 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде көктемнің ғажайып мерекесі арулар күніне

07.03.2019

"КӨКТЕМ АРУЫ - 2019"

2019 жылдың 6 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне

07.03.2019

«№31 мектеп гимназия» КММ-де Республикалық ақпараттық-ағартушылық «Өмірге Ия деп айт!» акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

12-22.02.19 жылы 5-7 сыныптар аралығында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамыту бойынша психологиялық тренингтер жүргізілді.

07.03.2019

«Anaǵa qarap qyz óser» taqyrybynda analar men qyzdar arasynda saıys óttі

№68 mektep-gımnazııasynda 8 - naýryz halyqaralyq áıelder kúnіne oraı 4 - synyptar arasynda «Anaǵa qarap qyz óser» taqyrybynda analar men qyzdar arasynda  saıys óttі.

07.03.2019

«Қазіргі білім беру: сабақ үрдісіндегі ізденістер мен жаңашылдық»

Ақпан айының 15.02.2019 наурыз айының 6.03.2019 аралығында «Қазіргі білім беру: сабақ үрдісіндегі ізденістер мен жаңашылдық» тәжірибе алмасу алаңында жас мамандарға арналған шебер сабақтар өтті. Бұл шебер сабақтардың әр жас мұғалімге ой салар тұстары көп болды. Барлық сабақ құрылымы, әдіс - тәсілдер, сабақты ұйымдастыру формалары, бағалау, оқушылармен қарым - қатынас философиясы сабақтың мақсатқа жетуіне, оқушылардың пәнге қызығушылығын оятуға қызмет етті. Жас мамандар үшін бұл үлкен тәжірибе мектебі болды десе де болады. Шебер сабақты өткізген төмендегі майталман ұстаздарға айтар алғысымыз шексіз!

07.03.2019

Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметті Ханымдар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Көктемнің осы бір ерекше күнінде ерен еңбектеріңіз, даналық пен төзімділіктеріңіз үшін, қамқорлықтарыңыз бен мейірімге толы жүректеріңіз үшін алғысымды білдіреміз.
Қазақ әйелі – ең әуелі, ардақты ана, отбасының сақтаушысы болып отыр. Ол дүниеге әкелген перзенттеріне тәлім-тәрбие беру жолында жан жылуымен жүректегі мейрімін аяған емес. Балалар біздің болашағымыз десек, аналарымыз сол жасұрпақтың бойына адалдық, шыншылдық, адамгершілік, имандылық пен отансүйгіштік деген асыл қасиеттерді дарытып жүр.
Сіздерге шын жүректен бақыт пен мейірім, татулық пен келісім, отбасы берекесі мен мықты денсаулық тілейміз. Мерекеңіз құтты болсын!

07.03.2019

«Ару қыздар – 2019» байқауы өтті

2019 жылы 8 наурыз мерекесіне орай № 60 мектеп – лицейінің 3 «С» сыныбында Қази Гүлжан Исақызының жетекшілігімен «Ару қыздар – 2019» байқауы өтті. Байқауға сыныптың 14 қызы қатысты. Қазақ қыздарына тән әдептілік, инабаттылық, ізеттілік, өнер секілді асыл қасиеттерге ие, көркемдік талғамды, ақылды да ажарлы, өнерлі де талантты ару қыздар өз өнерлерін ортаға салды. Барлық қыздар да бағамына сай марапатталды.

07.03.2019

«Жас дарын» сайысы

Астана қаласы № 60 мектеп –лицейінде 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 3 –қазақ сыныптарының арасында «Жас дарын» сайысы бастауыш сынып мұғалімдері Г.С. Әубәкір мен Г.И. Қазидің ұйымдастырылуымен өткізілді. Сайыстың көздеген мақсаты: Атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген құштарлығын арттырып, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсінуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін, табиғи дарындарын анықтау, өзіндік «Менін» қалыптастыру. Сайыста оқушылардың сөзге шеберлігі, ұсталығы жалпы дарындылығы көрінді. Сайыс нәтижесі бойынша оқушылар марапатталды.

07.03.2019

ЖІГЕРЛІ ЖАС МАМАН

Жуырда Астана қаласының Білім басқармасы мен білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырған "ҮЗДІК ЖАС МАМАН" атты қалалық байқау өз мәресіне жетті. Байқауға қаланың білім беру ошақтарының 100-ге жуық жас мамандары қатысып, оның 11 -і финалға өтті. Бірнеше кезеңнен суырылып алға шыққан мектебіміздің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі - Рыхсиев Еркебұлан Нұрмаханұлы мәре төрінде "ЖІГЕРЛІ ЖАС МАМАН" номинациясымен марапатталды

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны