<p>Астана қаласы №38 мектеп-лицейінде 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз - Думан» мерекелік іс-шарасы мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Шараға барлық мектеп ұжымы мен оқушылар және ата-аналар қатысып, ұмыт қалған салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мақсатында түрлі сахналық қойылымдар қойылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Мереке соңында пән бірлестіктері түрлі номинациялардағы Алғыс хаттармен марапатталды. Мереке өте жоғары деңгейде өтуіне барлық мектеп ұжымы атсалысты.</p>
1-9-сынып оқушылары арасында Наурыз мерекесіне орай сынып сағаттары өтті.
Әлжан негізгі мектебінде Наурыз мерекесі қарсаңында 5-9-сынып оқушылары арасында спорттық жарыс өтті.
14.03.2019 жылы №63 мектеп-гимназиясында «Экологиялық мәдениет:кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қалалық оқу орындарымен бірлескен семинар болып өтті. Семинардың басты мақсаты: экологиялық мәдениет қозғалысын дамытуға, мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында қоқысты сұрыптау әрекетін жандандыру дағдыларын дамытуға бағытталған. Семинарға Астана қаласының гуманитарлық колледжінің шет тілдер факультетінің студенттері мен Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінің болашақ экологтары қатысты. Сонымен бірге респубикалық «Әжетай» журналының редакторы Сандуғаш Нұрқанова қатысып, бастауыш сынып оқушыларының жұмыстарына тәнті болып кетті. Семинар барысында қонақтар мен қатысушылар мектептегі экологиялық білім мен тәрбиенің берілу барысында өткізіліп жатқан іс-шараларды тамашалады. Жұмыс барысы оқушы, ата-ана, мұғалім, қалалық мекемелермен тығыз-қарым-қатынаста жүргізіледі. Соның ішінде сынып сағаттары, ашық сабақтар, көрме, шеберханалар, қоқысты сұрыптауға қатысты қалдықтардан жасалған заттар мен суреттер көрмесі, «Екінші өмір сыйлаймын» тақырыбындағы ата-аналар ұйымдастырған сән салтанаты, қонақтармен, ата-аналармен өткізілген коучинг, «Жасыл идеялар мектебі» тақырыбындағы экосаяхатта болып өтті. Оқушылардың адамзат үшін қымбат та маңызды болып табылатын: су, ауа, жер мәселесі бойынша дайындалған ғылыми жобалар, пән мұғалімдерінің авторлық бағдарламалары да қорғаудан өтті. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы да оқушылардың табиғат байлықтарын сақтаудағы праткикалық дағдыларын дамытып, функционаллық сауаттылықтарын арттыруға бағытталса, ата-аналар арасында «Vсұрыптау» акциясын насихаттау, қалдықтарды сұрыптау дағдысын дамыту көзделген.<br /><img src="http://63.astana-bilim.kz/files/sites/1383501714865338/files/2018-2019%20%D1%83%D1%87.%20%D0%B3%D0%BE%D0%B4/CYMERA_20190316_125942.jpg?_t=1552719667" alt="" width="1200" height="1200" />
Мектебімізде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстанның "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы, "Болашақ " бағдарламасының түлегі Нүркенов Серік Амангедиұлымен кездесу өтті.
15 наурызында №4 мектеп-гимназиясында «ЭКО challeng» атты қалалық семинар өтілді.
Тақырып: «EcoKids 2019» экологиялық күн Өткізу күні: 2019 жыл 11 наурыз Өткізу орны: Астана қаласы әкімдігінің «№3 мектеп-гимназия» КММ, Республика даңғылы, 35 Ұйымдастырушылар: : Астана қаласы әкімдігінің «№3 мектеп-гимназия» КММ, Астана қ. «Білім беруді жаңғырту орталығы» КММ, «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры». Мақсат: қоршаған ортаға азаматтық жауапкершілік қатынастар арқылы экологиялық мәдени балаларды қалыптастырудағы №3 мектеп-гимназия жұмысының жүйелі тәсілдемесін көрсету; қоршаған орта ластану мәселесінің шешімін іздеу жолында ата-аналар мен оқушылар үшін тәрбиелік білім беру ортасын құру; практикалық дағдылар және икемділік негізінде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату сұрағына халықтың жаппай назарын аудару.
<p>Бүгін мектебімізде «Қыз сыны» байқауы өтті. Байқауға 9 «ә» сынып оқушысы Амангелдинова қатысып,сыныбымыздың намысын қорғады. Дилназ туралы:Әсем әннің шебері.Әрбір сөзі мәнерлі.Үйренген әрбір өнерді.Біздің Дилназ өнерлі деп болашақта шығармашылығын арттыра беруін тілейміз.</p>
<div>14-наурыз күні Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып бірлестігі ұйымдастырған «Ашық есік» күні өтті. Бұл күні өткен барлық сабақтарға ата-аналар белсене қатысты. Заман талабына сай жаңартылған білім мазмұны талаптарын жүзеге асыруға бағытталған сабақтар ата-аналардың көңілінен шықты. Сабақ соңында ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, жаңаша оқытудың артықшылығына тоқтала кетті. </div>
2019 jyly 15 naýryz kúnі № 68 mektep-gımnazııasynda «Miss- 68» baıqaýy bolyp óttі. Baıqaýda 8 úmіtker baqtaryn synady.
2019 jyly 15 naýryz kúnі Astana qalasy «Bıoaqparattandyrý jáne Sınergetıka» tehnologııasy boıynsha № 35 orta mektepte tájіrıbe almasý maqsatynda semınar bolyp óttі
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны