Бүгін елордада көктем мерекесі Наурыз мейрамына арналған халықтық серуендер басталды.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

22 наурыз –Наурыз мейрамына орай №63 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Бельгибаева К. Р., Оразалинова Д.А., Бейсембаева А. Б. ұйымдастыруымен «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты мәнерлеп оқу сайысын жүргізілді . Сайысқа 4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қазақ тілінде өлеңдер оқып, белсенділік танытты. Мерекелік шарада 4 «Е» сынып оқушысы Акулов Марсель «Қос алқа» күйін шертті. Сонымен қатар, оқушылар би билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті.

19.03.2019 күні наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық ойындарды балаларға нақыштау мақсатында «Балапан» телеарнасының ұйымдасытруымен «Наурыз -Думан» қалалық ұлттық ойындар сайысына 4-сынып оқушылары қатысып, «Сал домбыра» аталымы бойынша диплом, ойын–сауық орталығына арналған сертификаттар және сыйлықтармен марапатталды.

"Жас Интеллектуал" математика пәні олимпиадасыныңда 4 «Ә» сынып оқушылары Іңкәрбай Әбілмансұр 2 дәрежелі дипломмен, Абилов Таир 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Өтениязова Қарлығаш Орынбаевна. Құттықтаймыз!
15 наурыз күні мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары Наурыз мерекесіне орай «Оқушылар сарайында» ұйымдастырылатын би кешіне қатысты.
Астана қаласы білім беру мекемелерінің 3-4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткен "Алтын сақа" олимпиадасында мектебіміздің 4 «Ә» сынып оқушысы Абилов Таир 1 орынға, Іңкəрбай Əбілмансұр мен Токанов Алибек 3 орынға ие болды. Жетекшісі: Өтениязова Қарлығаш Орынбаевна. Құттықтаймыз!
19 наурыз күні мектебімізде дәстүрлі рейтингтік саптүзеулер өтті.Тоқсан бойы өткізілген интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық сайыстар мен түрлі олимпиадаларда мектебіміздің намысын қорғап, жүлделі орынға ие болған оқушылар марапатталды. 3 тоқсанның қорытындысы бойынша Миронова Мария Михайловна жетекшілік ететін 10 «Б» сыныбы «І ауысымның үздік сыныбы» атағын сақтап қалды. Сондай ақ, әр сыныптың үздік оқушылары марапатталды.
17 наурыз күні 5 «Б» сынып оқушысы Наношкина Алина «Созвездие» ансамбілінің құрамында «Латын синхроны» номинациясында Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Құттықтаймыз!
2019 жылдың 19 наурыз 5-11 сыныптар аралығында Наурыз мейрамы тойланды.
Наурыз барша исі мұсылман халықтарының Жаңа жыл мерекесі. Мектепте барлық ұстаздар, оқушылар ұлттық киімде болды.
19.03.2019 күні Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны