Меню KDT

Новости

Главная Новости

11.04.2019

Шаттық - 2019

Дәстүрлі «Шаттық - 2019» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ХІІІ қалалық шығармашылық байқауында «Вокал» номинациясыда мектебіміздің намысын қорғап, қола медальға ие болған мектебіміздің алтын дауысы Омар Рашиданы және жетекшісі Черныш М.С. құттықтаймыз. Жұлдыз болып жарқырай беріңіздер!

10.04.2019

Халықтық би

8 сәуір күні дәстүрлі «Шаттық - 2019» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ХІІІ қалалық шығармашылық байқауы басталды. «Халықтық би» номинациясыда мектебіміздің намысын қорғап, алтын медальға ие болған атақты «Наурыз» ансамбілінің биші қыздарын және жетекшісі Баумгернер А.А. құттықтаймыз. Жұлдыз болып жарқырай беріңіздер! Елубай Еңлік – 10 «В» сыныбы Мусабекова Дильназ – 11 «В» сыныбы Жалалова Нурия - 11 «В» сыныбы Шегай Виктория – 10 «Б» сыныбы Вебер Милана – 9 «Г» сыныбы Нежинская Алина – 9 «Г» сыныбы Якубова Дилярам – 9 «Г» сыныбы Бижанова Марика – 9 «Е» сыныбы Калабаева Дарина – 8 «Д» сыныбы Павлова Дарья – 8 «Д» сыныбы

10.04.2019

Ерекше жанр

8 сәуір күні дәстүрлі «Шаттық - 2019» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ХІІІ қалалық шығармашылық байқауы басталды. «Ерекше жанр» номинациясыда мектебіміздің намысын қорғап, қола медальға ие болған өнерпаздарды және жетекшісі Баумгернер А.А. құттықтаймыз. Жұлдыз болып жарқырай беріңіздер! 1.Ақылбек Райяна -1Г 2. Аменова Маргарита – 2В 3. Ахтаева Амина – 4е 4.Жалалова Дариға – 4Е 5.Зайцева Полина – 4Д 6.Абдуллаева Ясмина – 3Д 7. Әбу Адия – 4В

10.04.2019

Сыр-сұхбат

Бүгін №48 мектеп-лицейінде филология ғылымдарының докторы, профессор, Абайтанушы, Алаштанушы, Әуезовтанушы, ғалым, жазушы, «Отырар» кітапханасының директоры Тұрсын Жұртбай Құдагелдіұлымен 8 сынып оқушылары арасында сыр-сұхбат кездесу болып өтті. Жазушы өзінің өмірлік тәжірибеде алған сабақтарын, басынан өткен қызығы да, шыжығы да мол оқиғаларымен бөлісті. Оқушылар өздерінің көкейде жүрген сауалдарына жауап алып, ерекше әсерде болды. Ағамыз өзінің оқушыларға деген ықылас, тілектерін білдіріп, осындай оқырмандары бар болғанына қуанып қайтты.

10.04.2019

«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты республикалық әкелер слеті

«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты республикалық әкелер слеті

10.04.2019

ҚАЛАЛЫҚ ШАТТЫҚ - 2019 БАЙҚАУЫ

2019 жылдың 8-10 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептер, гимназия, лицей, техникалық және кәсіптік лицей оқушыларының 

10.04.2019

«Шаттық» өнер және шығармашылық конкурсы ұйымдастырылды.

9-10.04.2019 күндері аралығында Астана қаласының Білім басқармасы, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы, Астана қаласының Әкімдігінің оқушылар сарайы, №1, №2, №3 балалар музыка мектептері, №1, №2 Өнер мектептері, техникалық шығармашылық орталығы және балалар көркем мектебі «Шаттық» өнер және шығармашылық конкурсын ұйымдастырды

10.04.2019

"Талантты ұстаз-дарынды оқушыға"

<p>Тағы бір жас маманымыздың жеңісіне куә болдық! №63 мектеп-гимназиясының мұғалімі М.С. Кулаxметова "Астана дарыны" орталығының ұйымдастыруымен болып өткен қалалық "Талантты ұстаз-дарынды оқушыға" байқауында жүлделі 2 орынға ие болды! Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!<img src="http://63.astana-bilim.kz/files/sites/1383501714865338/files/56205177_567773233708690_3917983804383297536_n.jpg?_t=1554874582" alt="" width="960" height="498" /></p>

10.04.2019

Қадыр оқулары-2019

<p>Сәуір айының 9-жұлдызында Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттау мақсатында қалалық Қадыр оқулары өтті. Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Сабиғат Ақжол «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда...» номинациясы бойынша Бас жүлдені иеленді. Ақжолға Республикалық кезеңге сәттілік тілей отырып, тек жеңіспен оралуын күтеміз.</p>


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны