15 қазан күні сынып жетекшілерінің оқушылар ортасын зерттеу және жағымды орта қалыптастыру талаптарымен таныстыру бағытында тренинг өтті

Тақырыбы: «Бір ел- бір кітап 2024» акциясын қорытындылау

Күні: 15.10.2024 ж.

Іс-шара: "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бір ел- бір кітап 2024» акциясын қорытындылау мақсатында кітапханалық сағат өтті. Б.Соқпақбаевтың танымал повесті желісімен түсірілген «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінді қосылды. Мектеп кітапханашысы ұйымдастырған көрмеге "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Әжесінің баласы" кітаптары қойылды. "Қайдасың, Гауhар?", "Өлгендер қайтып келмейді" кітаптарын QR – код арқылы оқыған оқушылар викториналық ойынға қатысып, сұрақтарға жауап берді. Жазушы шығармасы мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдады.
Мақсаты: "Бір ел - бір кітап 2024" акциясын қорытындылау, жазушының шығармашылығын насихаттау, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

https://www.instagram.com/reel/DBf8zjWic3X/?igsh=MW42MDRrNXg2bzNzbw==

2024 жылдың 10 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ 5-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында квест ойындарын өткізді. Іс-шара психолог А.Б Сапарғалиевамен бірлесіп, балаларға интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық маңыздылығын түсінуге және киберқауіптерден қорғануға үйрету мақсатында ұйымдастырылды.

10 қазан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Тазалық күніне” байланысты мектеп парламенті тазалыққа жауапты адамдарымызға алғыс айтып, құрметтерін көрсетті.

9 қазан күні “ Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Кәсіби бағдар” күніне байланысты мектеп оқушылары үшін арнайы мобилография курсынан сабақ өткізілді.

Курс барысында оқушыларға камераны дұрыс пайдалану, видео түсірудегі фишкалар мен лайфһактар, монтаждауға арналған тиімді программалар көрсетілді.

Қазір өзін-өзі таныстырудағы әлеуметтік желілер мен ондағы ақпараттың өтімділігі маңызды болғандықтан, мобилографияның оқушылар үшін керек әрі пайдалы мамандық екені сөзсіз.

13 - 23.09.2024 жылы жарияланған конкурстың нәтижесі

"№43 Қосымша білім беру мектеп орталығы" ШЖҚ МКК бойынша 5-11 сынып оқушыларының арасында жасөспірімдер өміріндегі буллинг, кибербуллинг пен қорқыту, мектептегі буллингті анықтауға және алдын алуға байланысты 9 сұрақтан тұратын сауалнама парағы таратылып берілді. Әр оқушыға сауалнаманы мұқият оқып, сұрақтарға жауап беру тапсырылды. Сауалнама жасырын түрде жүргізілді.

р/с

№1

сұрақ

№2 сұрақ

№3 сұрақ

№4 сұрақ

№5 сұрақ

№6 сұрақ

№7 сұрақ

№8 сұрақ

№9 сұрақ

«А»

100%

3%

12%

13,5%

64%

13%

«Б»

0%

68%

1%

44,5%

12,5%

67%

6%

48%

«В»

32%

30%

87,5%

33%

30%

32%

«Г»

3%

87%

12%

7%

«Д»

94%

Қосымша-1

2 қазанда психолог және әлеуметтік педагог " қалай табысты болуға болады?!"9-11 сынып оқушылары үшін. Іс-шара барысында балалар кәсіби салада табысқа жету үшін қажетті негізгі дағдыларды талқылады, саналы шешімдер қабылдау және өздерінің күшті жақтарын талдау қабілетін дамытты. Ойын қатысушыларға әртүрлі кәсіптер туралы біліп қана қоймай, жеке қасиеттер мен ұмтылыстар өмір жолын таңдауға қалай көмектесетінін түсінуге мүмкіндік берді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны