Меню KDT

Новости

Главная Новости

29.04.2019

"Ерлікке тағзым" атты Тәжік ауған соғысында каза болган жауынгерлерді еске алу кеші

24-25сәуір күні №55 орта мектепте "Ерлікке тағзым" атты Тәжік ауған соғысында каза болган жауынгерлерді еске алу кеші екі күнге жалғасты. Бірінші күні футбол ойыны бойынша жарыс өткізілді. Жарысқа қала мектептерінен 5 мектеп және жеке кәсіпкер орталығынан да командалар қатысты. Екінші күні еске алумен қатар марапаттау кеші болды. Қаза болған жауынгерлер туралы бейнефильм тамашалап, олардың ерлігі туралы мәлімет берілді. Марапттау барысында ардагерлеріміз мактау қағазымен және арнайы кубок тарту етті. Бірінші орын алган №55ом "Жас ұландар" командасына футбол формасын тарту етті. Кеш соңы кафеде қаза болғандарға құран бағышталып, ас берілді. Кеш ұйымдастырушысы тариx пәні мұғалімі Оралбаева Күнсулу Керімбайқызы және Ардагерлер одағының Республикалық қоғамдық бірлестік жетекшілері.

29.04.2019

Мектебіміздің үгіт тобы аудандық жол инспекторларының "Үгіт бригада-2019" номинациясы бойынша жеңіске жетті

Мектебіміздің 6-сынып оқушыларынан құралған үгіт  тобы "Үгіт бригада-2019" байқауында жеңіске жеткені үшін марапатталды

29.04.2019

"Ғылымға қадам" ғылыми конференциясы.

27 сәуірде №14МГ  ғылыми жобаларды қорғау бойынша "Ғылымға қадам" ғылыми конференциясы өтті.

29.04.2019

«АРХЕОЛОГИЯ және ЭТНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІ» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар

24.04 күні Нұр-Сұлтан қаласының №63 мектеп-гимназиясында Еуразия Ұлттық университетінің Тарих және Археология кафедрасының мамандарымен бірлескен Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» атты бағдарламасы негізінде «АРХЕОЛОГИЯ және ЭТНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІ» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Cеминар жұмысына Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университтетінің мамандары, атап айтқанда Садықов Тілеген Садықұлы- т.ғ.д., профессор, Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультетінің деканы, Хабдулина Марал Калымжановна т.ғ.к., доцент, К.А. Акишев атындағы археологиялық ғылыми зерттеу институтының директоры, Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы т.ғ.к., доцент, «Еуразиялық зерттеулер» кафедрасының меңгерушісі, Үмітқалиев Ұлан Үмітқалиұлы т.ғ.к., доцент, «Археология және этнология» кафедрасының меңгерушісі, Кабылтаева Самал Казизовна доктор Ph.D, «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы қатысып, өз ойларымен бөлісті.. Семинарға қала мектептерінің 53 тарих пәні ұстаздары қатысты, семинар жоғары деңгейде өтті.

29.04.2019

Кәсіби бағдар

Академик М.Ф. Решетнев атындағы ғылым және технология Сібір мемлекеттік университеті №63 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдарлы мақсатта мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді. 11 сынып оқушылары емтихан бойынша тест тапсырып, 10 сынып оқушылары алдында жоғары оқу орнының өкілдері ақпарат ұсынды.

29.04.2019

Инновациялық ғылыми жоба байқауы

29.04.2019 ж. «Туризм менеджменті және қонақ үй бизнесі» кластері щеңберінде «Көпбейінді коллджі» МКҚК «Ақмола обылысында ішкі туризм мен қонақ үй бизнесін дамыту» инновациялық ғылыми жоба байқауы өткізілді.

29.04.2019

Жастар жылы аясында өткізілген балалар мен жасөспірімдер "Шаттық - 2019"

Жастар жылы аясында өткізілген балалар мен жасөспірімдер "Шаттық - 2019" ашық шығармашылық қалалық байқауында

28.04.2019

АЛТЫН ТҮЛЕКТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!

АЛТЫН ТҮЛЕКТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!

Бүгін "Астана дарыны" дарындылықты дамыту мен психологиялық сүйеумелдеу орталығы және "Зерделі" ақыл-ойды дамыту орталығының ұйымдастыруымен қала мектептерінің 10-сыныптар арасында математика пәнінен "Алтын түлек" олимпиадасының нәтижесі шығып, жеңімпаздар марапатталды. Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі - Сихынбекова Меруерт Орынбасаровна дайындаған шәкірттері олимпиадада оза шауып, жүлдегер болды: Абдуллина Анель ІІ орын, Маукен Камила ІІІ орын, Болатов Мирас ІV орын және жалпы командалық есеппен қала мектептері арасында 53-нші мектеп-лицейі жүлделі ІІІ ОРЫНҒА ие болды. Ал, наурыз айында бастауыш сыныптар арасында өткен қалалық математика пәнінен олимпиадада мектебіміз жалпы командалық есеппен жүлделі ІІ орынға ие болған. Жетекшілері: Разакова Т., Қалықбаева А.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

28.04.2019

Республикалық юниор олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңі өтті

24 сәуір күні 7-8 сынып арасындағы жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниор олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңі өтті. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар:

27.04.2019

АТА-АНАЛАР ПЕДУНИВЕРСИТЕТІ

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте оқу-тәрбие жұмысы бойынша ата-аналармен кездесу шаралары жиі өткізіліп тұрады. Бүгін де мектебімізде сенбі күнін тиімді пайдалану мақсатымен ата-аналарымыздың пән мұғалімдермен, сынып жетекшілермен, мектеп әкімшілігімен кездесулеріне және мектеп формасының түрлі үлгілерімен танысуларына мүмкіндік жасалды.

27.04.2019

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны