Рухани жаңғыру аясында өткен «Ұмыт қалған салт дәстүрлерді жандандыру»

27.04.2019 жылы Халықаралық олимпияда өтті.Оған ағылшын тілінен 1А сынып оқушысы Ниғматулла Шыңғысхан қатысып 1-орын иеленді.Мектеп басшысына алғыс хат,кубок және жетекшісі мен ата-анасына алғыс хат берілді.Ал,Шыңғысханға төс белгі,диплом,медаль табысталды.

Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде 8-мамыр күні Ұлы Отан соғысының 74 жылдығы мерекесіне арналған бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.

Бастауыш 1-4 сыныптар «Естелік сағаты» тақырыбында майданда қаза тапқан жауынгер батырлар туралы видеороликтер көріп, естелік әңгімелер тыңдап, өлең-жырларын оқыды.

5-11 сыныптарда алдын-ала жоспар бойынша бекітілген «Мәңгілік ұлықталар Ұлы Жеңіс», «Жалынды жылдар жаңғырығы» тақырыптарында Ұлы Отан соғысының 74 жылдығы мерекесіне арналған бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар тәрбие сағаты барысында Ұлы Отан соғысы туралы мағұлмат ала отырып, Ұлы Жеңіске жеткізген жерлес жауынгерлердің ерлігін, батырлығын, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандығын баяндады. Жеңіске жетуге үлес қосқан өзге ұлт өкілдерінің де ерлігі айтылып, оқушылар тарих сабағында алған білімдері мен деректі фильмдерде көрген мәліметтерімен бөлісті.

Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде 8-мамыр күні Ұлы Отан соғысының 74 жылдығы мерекесіне арналған9-сынып оқушылары мен орыс тілі пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ардагерлер арамызда «Ұлы Жеңіске – 74 жыл» кездесу кеші» өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар 19 жасында Москва түбінде шайқасқан, Халық ағарту ісінің үздігі, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекмадиев Ақат Бекмадиярұлына концерттік бағдарламаларын ұсына отырып, ғибратты әңгімелерін тыңдап, батасын алды. Ауған соғысы ардагері Құрманғазы Бекжан Жамбылұлы да кеш қонағы болды.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілімен кездесу

Жазда суда шомылу бойынша алдын ала дәрістер оқылды. Төтенше жағдайлар департаменті өкілі келіп, қауіпсіздіктің алдын алу бойынша дәріс оқыды.

10 мамыр күнгі қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен байқау сынақ қорытындысы!
3 мамыр күні Әлжан негізгі мектебінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық іс шаралар өтті.
Әлжан негізгі мектебінің оқушылары "Рухани жаңғыу" бағдарламасы аясында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрына саяхатқа барып, қойылым тамашалады.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болар» деп Нармамбет ақын жырлағандай мектебімізде жыл сайынғы дәстүр бойынша республикалық, қалалық, аудандық деңгейде білім, өнер, спорттық сайыстарда жүлделі орын алған оқушыларды және жетекшілерін мектеп әкімшілігі тарапынан марапаттау мақсатында 8 мамыр күні «Жұлдызды жауын» шеруі өтті.
Әлжан негізгі мектебінде 9 мамыр мерекесіне орай мерекелік іс шара өтті.
5,6,7-сынып оқушыларымен "Жеңіс келді далама" атты сынып сағаты өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны