Меню KDT

Новости

Главная Новости

21.09.2019

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

«Отбасы – алтын бесік», «Мектеп – алтын ұя». Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде мектеп ата-аналарына арналған жаңа оқу жылындағы алғашқы «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Алғашқы бөлімінде мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы мектептің 2019 жылғы бюджет қаражатын бөлу туралы есеп берді.  Сондай-ақ, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мен әлеуметтік педагогтар тарапынан 2019-2020 оқу жылына арналған мектептің жұмыс жоспарымен таныстыру: білім сапасы, жаңартылған білім мазмұны, кластер жұмысы, тәрбие жұмысы, жетістіктер мен мәселелер, "Жалпылама білім беру" қорының қаражатын пайдалану, "Мектепке жол" акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларына көмек көрсету мәселелері төңірегінде баяндама жасалып, ата-аналар назарына ұсынылды.

«Ашық есік күнінің» екінші бөлімінде мектептегі «Қосымша білім беру» бағытында үйірмелер мен спорттық секциялардың, мектебімізде биыл ғана ашылған IT, гидропоника аймақтарының жұмыстарымен және заманауи биология кабинетімен, STEM-лаборатория кабинетімен, «Мәуленов мұражайымен», асхана қызметімен таныстыру мақсатында ата-аналармен бірге мектепке экскурсия жасалды. Айта кетерлік тағы бір жаңалық, Рухани-жаңғыру аясында мектебімізде мұғалімдер мен оқушылардың күшімен жасалып, жинақталған этнокешеннің тұсауы кесілді. Ата-аналарымыз дәстүрлі ән, хореография, домбыра, қазақша күрес, алыпсоқ, баскетбол, қолөнер сияқты үйірме жұмыстарымен етене танысты, туындаған сұрақтарына да жауап алды.

Мектебімізде дәстүрге айналып отырған «Ашық есік күні» әр ұйымдастырылған сайын өз жаңалығымен ерекшеленіп отырады. Бүгін де жұмыстарымыздың барысында ата-аналар тарапынан ұялы телефондар арқылы сауалнама ұйымдастырылып, кері байланыс жасалды.

«Қымбатты ата-аналар, сіз бен біз бір баланы оқытып, тәрбиелеп отырмыз. Үйде Сіздер, мектепте біздің тарапымыздан жағдай жасасақ, тәрбиелесек, нашар ұрпақ болмайды. Сондықтан, қашан да біз Сіздермен біргеміз», - деген ниетімізді жеткізе отырып, ата-аналарымызды шығарып салдық.

21.09.2019

«Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері»

2019 жылдың 21 қыркүйек күні  Нұр-сұлтан қаласы №63 мектеп ұжымының география, физика, математика, информатика, тарих мұғалімдері бірлесіп «Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері» атты семинар өткізді.

Мақсаты: Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімнің әр сабақта қалыптастырушы бағалауды кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отыруына ықпал ету,тәжірибе алмасу.

Семинар барысында мұғалімдер қалыптастырушы бағалау бойынша өз ой-пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты. Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін ұсынды: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Бес саусақ», «Бағалау ағашы», «Мадақтау сэндвичі», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болатынын атап өтті. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болатынын география  мұғалімі Галижапарова Э.Қ  ұсыныс жасады.

Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталатынын физика мұғалімі Абдукаримова П.С атап өтті.

Семинардың нәтижесінде  білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде жинақ құрастырылады. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болады. Жинақта бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады. Жинақтың ұсынылған сипаты  білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіне, бейімделуіне  мүмкіндік береді.

21.09.2019

Сенбілік

Үстіміздегі жылдың 21 сәуір күні № 79 мектеп- лицейі Есіл әкімдігінің қолдауымен өткен сенбілікке ұстаздар, оқушылар, мектеп қызметкерлері болып қатысты.

21.09.2019

Қалалық сенбілік

Қыркүйек  айының 21-ші жұлдызы күні № 48 мектеп-лицейде ұйымдастырылған түрде қалалық сенбілік өтті. Мектебіміздің барлық  8-9 сынып оқушылары сенбілікке белсене қатысып, әр сынып өзіне берілген аумақтарды тазалап өздерінің еңбекке деген ынтасының жоғары екенін көрсетті. Қажетті құралдармен жабдықталған балалар қуана-қуана мектеп аумағын тазартты.Нәтижесінде мектеп ауласының маңайы қоқыс пен қалдықтардан тазартылды. Біздің мекткептегі сенбілік –бұл аумақты тазарту және көріктендіру ғана емес, сонымен қатар бұл оқушыларды ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік.  Жасалған жұмыс балалар мен үлкендерді тазалық сақтап, табиғатты аялауға бір қадам болса да жақындатты деп ойлаймыз.

21.09.2019

Шығармашылық бастаманы қолдау, ғылымының дамуына ықпал ету аясында № 79 мектеп-лицей оқушылары жас ғалымдармен кездесті.

Шығармашылық бастаманы қолдау, ғылымының дамуына ықпал ету аясында № 79 мектеп-лицей оқушылары жас ғалымдармен кездесті. Кездесу аясында жас ғалымдар өзекті мәселелерді қозғап, саланы одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

21.09.2019

35 үйірме және спорт секциялары жұмыс істеуде

Мектебімізде 2019-2020 оқу жылының басынан оқушыларды пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және бос уақыттарын дұрыс пайдалана білу мақсатында ақысыз 35 үйірме және спорт секциялары жұмыс істеуде.

21.09.2019

«Жалтыркөл» демалыс аймағы

19 қыркүйек күні тәрбие  жұмысының жоспарына  сәйкес 5 «А», 5 «Ә», 6 «А», 6 «Ә», 7 «А», 7 «Ә» сыныптары  «Жалтыркөл» демалыс аймағына барып, уақыттарын көңілді өткізіп қайтты.

21.09.2019

«Правила дорожного движения»

УИП ОЮП ОМПС УП района «Алматы» г.Нур-Султан с 01.09.2019 года по 01.10.2019 года проведена лекция на тему «Внимание дети», «Правила дорожного движения», «Безопасная дорога» начальным классам СШ №29.

21.09.2019

№4 мектеп-гимназиясында жаңа Ұланбасының орнына сайыс өтті

№4 мектеп-гимназиясында жаңа Ұланбасының орнына сайыс өтті

20.09.2019

Төтенше жағдайлар туындаған кездегі объектілік жаттығу

№79 мектеп-лицейінде 19.09.19 ж. күні оқушылармен және де мектеп ұжымы (мектеп әкімшілігі, ұстаздар, тех. персонал) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі объектілік жаттығулар өткізілді.

20.09.2019

«Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау»

« Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау»тақырыбында 2019 жылғы 20қыркүйек күні  №63мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері үшін Баймуканова Гульбаршин Киясовна және Божкенова Қарлығаш Қамбаровна     семинар-тренингөткізді.

Семинардың мақсаты: критериалды бағалау жүйесін оқу үдерісінде тиімді қолдану дағдысын дамыту.

Семинар барысында төмендегідей сұрақтар талқыланды: критериалды бағалаудың тұжырымдамалық құрылымы мен түйінді идеялары; оқушы жетістігін критериалды бағалау; критериалды бағалаудың қағидаттары, қалыптастырушы бағалау кезіндегі кері байланыс беру және оларды тәжірибеде тиімді қолдану т.б.

Семинарға қатысушылар критералды бағалау туралы теориялық түсініктерін кеңейтіп, практикалық тұрғыдан орындап, қалыптастырушы бағалау үдерісін жүргізу мен кері байланыс беру дағдыларын дамытты.

Семинар барысында пән мұғалімдері қалыптастырушы бағалаудың түрлерін, оларды беру стратегияларын қарастырып, тәжірибе алмасты.   Сынып жетекшілер, қалыптастырушы бағалау кезеңінде тапсырмаларға дескрипторлар құрастыруды тәжірибе жүзінде пысықтады.

Бұл семинар оқыту және оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды дұрыс түсініп, тиімді қолдана білген мұғалімнің кәсіби шеберлігінің артуына, бастама нүктесін дәл анықтап әрі қарай дамуына, жаңа идеяларға ұмтылуына серпіліс берді.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында мұғалімдермен психологиялық тренинг

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны