4 қазан күні сағат 12:00 - де №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында мектебіміздің ең талантты оқушыларының және мұғалімдерінің қатысуымен ұстаздар мерекесіне арналған концерт өтті.
2019 жылдың 4 қазанында №43 мектепте Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған мереке өтті! Балалар біздің мектептің барлық ұжымына арнап өлеңдер биледі!

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КҮНІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖИНАЛЫСЫ

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі «Ұстаздар күні» қарсаңындағы алғашқы ұйымдастыру жұмысын бастап кетті. 11-сынып оқушыларынан құрылған «Өзін-өзі басқару күні» оқушылардың өзіндік идеясынан туындап жатқаны қуантады. «Мектеп әкімшілігі» алғашқы жұмыс уақытын бүгінгі атаулы күнді сапалы ұйымдастыру үшін шұғыл отырыс өткізуден бастады.

Бүгінгі күніміз сәтті өткей.

Мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер'

ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСЫНДА ҰСТАЗ ТҰРАР...

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде аталмыш тақырыппен "Ұстаздар күнінің" мерекелік салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын мектеп директоры Алмагүл Тлектесқызының құттықтауымен басталып, ұстаздарымыз біліктілігі мен сіңірген еңбегіне орай, мектеп басшысының, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозиннің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жас мамандарымыз өздерін жаңа қырынан танытып, инклюзивті оқыту бағытындағы балапандарымыз мерекелік музыкалық құттықтауларын арнады. Мерекелік концертке 70-ке жуық оқушы, 20 педагог қатысып, 175 педагогикалық ұжым тамашалады.

ЭКОСАҒАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ СӘТТЕРІНЕН

2019 жылдың 4 қазан күні Сырбай мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде экологиялық сағат арнайы жоспар бойынша жүйелі түрде бірнеше шара қатар атқарылды. Таңертеңгі сағат 09.00-ден «Бала және жер», «Адам және ғаламшар» анимациялық бейнеролик мектептің 1,2,3-қабаттарында арнайы экраннан көрсетілді. Оқушылар ерекше қызығушылық танытып, табиғаттағы адамзат тарапынан болатын түрлі іс-әрекеттерді жолдастарымен бірге үзіліс кезінде талқылап жатқанын байқадық. Кішкентай ғана бейнероликтің оқушыларымыздың қоршаған орта қадірін түсінуге жол ашқанына қуандық. Экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырылған "Эко сағат" акциясы аясында мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушылары "Қоқысты дұрыс сұрыптау" акциясын өткізді. Мектеп дәліздеріне қойылған арнайы қорапшалар орналасу шеңберіне қарай сыныптарға бөлініп берілді. Оқушылардың қоқысты дұрыс сұрыптап жинау мәдениеттерін мектебіміздің биология пәні мұғалімдері акция соңында тексеріп, ең таза ұқыпты сұрыптаған сыныптарға алғыс хат пен сыйлық берілді. Сағат 12.00-де биология пәні мұғалімі жоғары сыныптар үшін мектептің салтанат залында «Туған өлкенің таза табиғаты» тақырыбында экологиялық бағыттағы сабақ өткізді. Жоғары сынып оқушыларына туған өлке тазалығы туған үйінен, мектебінен басталатынын түсіндіре отырып, жер-әлемнің қазіргі таңдағы басты проблемаларына тоқталды. Оқушыларға ой салды, кейбір сұрақтарды бірге талдады және пікірлесті. Сағат 10.00-11.00 аралығында «Менің аулам – менің мектебім» айдарымен мектеп ауласын жапырақтан арылту шарасына мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Сағат 12.00-ден бастап мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Хайдар Ергалиевтің ұйымдастыруымен мектептің жоғары сынып оқушыларынан құрылған арнайы топ жасақталды және техника қауіпсіздігі өткізілді. Оқушылармен және ер мұғалімдердің қатысуымен мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызылды. Ағаш мектептің бастауыш қосымша мектебі аймағына отырғызылып, шара өз жұмысын аяқтады. Экологиялық сағат оқушыларымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыдан күн ретінде есте қалды

Нұр-Сұлтан қаласы №65 мектеп - гимназиясында 3 қазан күні балаларға кітап оқуды насихаттау және әртістік қабілеті бар дарынды балаларды анықтап, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында 2-3 сыныптар арасында мектепшілік «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға әр сыныптан 1 оқушыдан қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Байқау жеңімпаздары 2 «Л» сыныптан Талғат Ғазиза жетекшісі: Файзуллина С. У., 3 «Ж» сыныптан Сейтқасым Сырым жетекшісі: Сулейменова Қ. К. Мектепшілік кезеңнің жеңімпаздары қалалық кезеңге қатысады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Еңбегінің жемісін шәкірттерінің алғысын алғанда сезінесін. Дәл бүгінгі күні біздің 64 мектеп-лицей мұғалімдері үшін ерекше күн болды. Таңғы 07.00 де мектептің кіре-берісінен бастап, түлектеріміз қызыл кілемнен өткізіп, ұстаздарына алғыстары мен әндерін тарту етті. Бір күн болсада көмекші ретінде сабақтарымызды өткізуге көмектерін білдіріп, сағат 12.00 де мектеп акт залында ерекше мерекелік конценттік бағдарлама өтті. Мерекелік шара мектебіміздің ашылғанына 10 жыл толуына бағытталып, кезінде мектебіміздің жұлдызы болған бүгінде қаламыздың белді жүргізушісі Олжабай Дарын жүргізіп, эстрада жұлдызы Арыстанбеков Бекболат тілегін айтып, өнерлері көрсетті. Шара барысында Білім және ғылым министрлігінен, Ы.Алтынсарын басқармасы басшысынан, Әділет кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.Мұғалім мен шәкірт арасында "Екі жұлдыз" форматы негізінде әндер шырқалып, "Сарыарқа" би ансамбілінің билерін көрерменнің қуанышына айналды.

2019 жылдың 3 қазаны күні №64 мектеп-лицейде «Таза болса табиғат, аман болар адамзат!» атты Республикалық экосағатқа арналған экологиялық маңызы бар іс-шаралар өтті. Іс-шараның ашылуына арнайы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Көшербаев Ермек Беделбайұлы және Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы әкімі Сарсенбаев Әділбек Зейнуллаұлы келіп қатысты.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны