Астана қаласының Білім басқармасы 2014 жылғы 22 қаңтарда №70 мектеп-лицейде мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен білім ұйымдарының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері үшін кеңес өткізді, онда оқушыларды мектептің спорт секциялары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне қамту мәселесі талқыланды. <br />Білім басқармасы басшысының орынбасары Қ.Сенғазыев жиналғандардың назарын аталған бағыттағы жұмыстың өзектілігіне аударды. Оқушылардың денсаулығы олардың дене белсенділігіне байланысты екені атап өтілді. Жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға баулу құқық бұзушылықтың алдын алу көрсеткішіне әсер етеді.
21 қаңтар айында №64 мектеп-лицейінде аттестациядан өтетін технология пәні мұғалімдерінің өз білімдерін көтеруге байланысты қалалық семинар өтті.
2014 жылы 21 қаңтар айында №64 мектеп-лицейінде аттестациядан өтетін технология пәні мұғалімдерінің өз білімдерін көтеруге байланысты қалалық семинар өтті. Семинарға Білім басқармасынан технология пәнінің әдіскері Ахметжанова Гульнара Габдушевна және қала мектептерінен 25 мұғалім қатысты. Семинар тақырыбы «Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі». Семинардың мақсаты: оқушыларды сәндік қолданбалы өнер арқылы тәрбиелеу, мұғалімдердің теориялық білім-біліктерін практикамен ұштастыру. Семинардың бағыттары бойынша оқушыларды сәндік қолданбалы өнер арқылы тәрбиелеу, тәжірибе алмасу шеберлік сынып сабақтары мен ашық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар «Ұлттық өнеріміз – біздің сенімді болашағымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
№71 мектеп-лицейінде қаңтардың 23 күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат,бір мүде,бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы және Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұловпен мектеп оқушыларымен бірге кездесу ұйымдастырылды.
<p>2014 жылғы 23 қаңтарда «№ 22 «Әлем балабақшасы» МКҚК базасында «ДАМУЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА ТҮЗЕТУ КӨМЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ» тақырыбына түзету мекемелерінің мамандарына арналған қалалық семинар өткізілді. </p>
Қаңтар айының 30 - ы күні мектебіміздің Акт залында жаңа жылдық .....
Барлық қазақ елін жаңа жыл мерекесісен құттықтады...
Казахстан получил финансирование на реализацию проекта «Модернизация технического и профессионального образования»
План закупок ГККП «Колледж транспорта и коммуникаций» Управления образования города Астаны в рамках проекта «Модернизация технического и профессионального образования» на 2014 год
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны