Меню KDT

Новости

Главная Новости

25.02.2014

Орда бұзар - Отырар

Ақпанның 24 – ші күнінде Оқушылар сарайының төрінде өткен мектеп аралық КВН ойындары жалауын желбіретті. Жалпы сөзбен айтқанда 1/8 сайыстары өтті. № 8 орта мектебінің үкілеп қосып, үміт күткені Отырар командасы.

Отырар командасы үмітті ақтады. Олар қаншама үздіктер арасынан оттай озып, сүйбідей суырылып шықты. Командамызға қолдау көрсетіп демеу болған көрермен достар көп табылды. Керемет әзілдер арқасында, Отырарымыз - Орда бұзды, 1/4 ойындарына жолдама алды. Отырар командасына тек сәттілік тілейміз! Жеңістері ешқашан тоқтамасын!

25.02.2014

Ата-аналар жиналысы

Ертең 26.02.2014 ж. сағат 18.00-де 11-12 жастағы қыз балаларының ата-аналары мен жиналыс өтеді. Жиналысты өткізетін дәрігер-гинеколог мамандары. Жиналысқа қыз балалардың аналарының қатысуын сұраймыз.

24.02.2014

Қалалық математикалық «Зерде» олимпиадасының Ережесі

Бұл ереже 4-5 сыныптар арасындағы Қалалық математикалық «Зерде» олимпиадасының

(Ары қарай - Олимпиада) ұйымдастыру тәртібі мен өткізуінің, ұйымдастырушылық-әдістемелік жағынан қамтылуын, Олимпиадаға қатысу тәртібі мен жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.

24.02.2014

Құттықтаймыз

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

24.02.2014

«Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қамту бойынша профилактикалық жұмысы» білім мекемелерінің педагог-психолгтарына арналған қалалық семинарынан ақпарат

2014 жылдың 20 ақпанында №40 ОМ базасында білім мекемелерінің психологтарына арналған «Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қамту бойынша профилактикалық жұмысы»  атты семинар өткізілді.

24.02.2014

«Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қамту бойынша профилактикалық жұмысы» білім мекемелерінің педагог-психолгтарына арналған қалалық семинарынан ақпарат

20 февраля 2014 года на базе  СШ № 40   состоялся городской семинар педагогов-психологов организаций образования на тему  «Профилактическая работа по обеспечению психологического здоровья несовершеннолетних».

24.02.2014

Ашық есік күндері

2014 жылғы 25.02 күні сағат 15.00-де А.З.Молдахметов атындағы лицейде 9-сынып оқушылары үшін ашық есік күндері өтеді.

24.02.2014

ҰБТ

ҰБТ тапсыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі

№ 8 орта мектепте биылғы оқу жылында да ҰБТ-ға дайындық жұмыстары қыркүйек айының ортасында-ақ басталып кетті. Биылғы жылы мектеп бітірушілер әр аптаның сенбі күндері байқау сынақтарын тапсыруды әдетке айналдырған.

Сынақ нәтижелері шығарылып, қатемен жұмыстар жүргізіліп тұрады. Соңғы ақпан айындағы жазған тест қорытындысы көрсеткіші төмендегідей нәтиже көрсетті.Не ексең, соны орасың демекші, жастар егіндік сияқты. Жастайынан жақсы істер жасап, пайдалы білім алғандар, ертеңгі күні өзінің өнімін береді. Сондай жастарымыз мектебіміздің 9- сынып оқушылары деп айтуға болады. Балалар жылда өткізілетін ОЖСБ – ға дайындықтарын қарқынды жүргізуде. Жоспар бойынша аптаның екі күні 9-сынып оқушылармен ОСЖБ – ға дайындық жұмыстарына арналған. Мұғалімдер дайындықты әр түрлі формада өткізеді: сұрақ – жауап, тест, дәріс, практикалық жұмыстар арқылы өткізіледі. Осы оқу жылында өткізілген төрт сынама ОЖСБ - ның қорытындысы төмендегі нәтижелерді беруде

23.02.2014

«Тұран – Астана» университеті ұйымдастырған қала мектептерінің 10 - 11 сыныптар арасындағы «Бүгінгі дені сау жастар – ертеңгі бақытты ұрпақ» ғылыми жобалар сайысында 11 «а» сынып оқушысы Аубакирова Айша Грамотамен және оның ғылыми жетекшісі Қойлубаева Жанна Манасиденовна Алғыс хатпен марапатталды.

«Тұран – Астана» университеті ұйымдастырған қала мектептерінің 10 - 11 сыныптар арасындағы «Бүгінгі дені сау жастар – ертеңгі бақытты ұрпақ» ғылыми жобалар сайысында 11 «а» сынып оқушысы Аубакирова Айша Грамотамен және оның ғылыми жетекшісі Қойлубаева Жанна Манасиденовна Алғыс хатпен марапатталды.

Жарайсыңдар, құттықтаймыз!!!

23.02.2014

Өмірғали Сұлтанғазин атындағы Олимпиаданың екінші кезеңі өтті

Өмірғали Сұлтанғазин атындағы Олимпиаданың 2 кезеңіне сегізінші сынып оқушылары Бейсенбаева Динара және Понамарев Валерий мен 11 сынып оқушылары Мавжуд Откур және Воронкин Артур өтті. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша: 8 сынып оқушысы Понамарев Валерий – 3 дәрежелі дипломмен марапатталды; 11 сынып оқушысы Воронкин Артур – белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

23.02.2014

2014 жылдың 12 ақпан күні №3 мектеп-гимназиясының 5 – 7 сынып оқушылар арасында «Жас математик» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті

2014 жылдың 12 ақпан күні №3 мектеп-гимназиясының 5 – 7 сынып оқушылар арасында «Жас математик» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Қорытындысы бойынша 5 сыныптан Алексютин Даниил, 6 сыныптан Юлдашев Михаил және 7 сыныптан Кригер Людмила қалалық кезеңге жолдама алды. Қалалық олимпиадасында сәттілік тілейміз

23.02.2014

2014 жылғы 3 және 12 ақпан аралығында жоба авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай №3 мектеп-гимназиясында «Өзін –өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті

«Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізу бойынша ақпарат 2014 жылғы 3 және 12 ақпан аралығында жоба авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай №3 мектеп-гимназиясында «Өзін –өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Онкүндік мақсаты: қоршаған әлемге махаббат және қуаныш сыйлап, сезімталдық, мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, балаларды мейірімді болуға үйрету, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны дамыту. «Өзін-өзі тану» онкүндігін 3 ақпан күні «Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі М.К.Бакина ашты. М.К.Бакина онкүндік басталғаны туралы айтты, іс-шара жоспарымен таныстырды және оқушыларды онкүндік іс-шараларына белсенді қатысуға шақырды. С.А Назарбаеваның өмірбаянымен таныстырды және құттықтау сөзін оқыды. Өлеңдер оқылды, әңдер айтылды. 3 және 12 ақпан аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспары әзірленді. Мектептің үшінші қабатында онкүндікке арналған іс-шаралар жоспары, С.А.Назарбаева туралы ақпарат пен балалардың шығармашылық жұмыстары орналасқан стенд безендірілді. Б.К.Салкимбекова –мектеп кітапханашы кітапханада С.А.Назарбаеваның қайырымдылық қызметі туралы «Алтын жүрек анамыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Өзін-өзі тану» жоба авторының жұмыстары ұсынылды. Балалар Сара Алпысқызы туралы кітаптарды оқып, еңбектерімен танысты. Мектепте онкүндік барысында «Мейірімділік жолымен жүр» атты шығармашылық байқаулар өтті. Сурет мұғалімі ұйымдастырған көрмеде балалардың күн жылуымен, махаббат және бақытпен безендірілген сүреттер, қолдарымен жасалған бұйымдар ұсынылды. Онкүндік шеңберінде балалар сүреті, қолдан жасалған бұймдар, шығармалар, «Мейірімді ана» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайыстары жарияланды. 1-7 сыныптар арасында өткен «Ең үздік портфолио» байқауына 60 портфолио ұсынылды. Бастауыш сынып оқушыларының партфолиолары жүйелілігімен ерекшеленеді, орта буын оқушыларының портфолиолары түрлі жұмыстармен, басқаларға ұқсамайтындылығымен және даралығымен ерекшеленеді. Өзін-өзі тану мұғалімдері және оқушылар «Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық педагогикасы» және «Барлығы махаббаттан басталады» тақырыбында стенд безендірді. Стендте байқауға қатысушы балалардың барлық шығармашылық жұмыстары орналастырды. Рухани құндылық үйі құрылды. Сынып жетекшілер мейірімділік, махаббат және рақымшылық тақырыптарында тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. Онкүндік барысында өзін-өзі тану мұғалімдері А.П.Алиакпарова, Ю.Ф.Попова, Л.В.Зорина «Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ», «Дорогу к знаниям,ищет человек», «Сила мысли и слова», «Сабырлық пен ұстамдылық» тақырыптарына ашық сабақтар өткізді. Қалалық сурет, мәнерлеп оқу және «Рахмет, ана!» атты шығарма байқауына қатысты. Ең үздік шығармаларды жазған оқушылар: Гараев Тимур, Ложкина Маша, Калиева Гульмир және басқалары, ең үздік портфолиоға, газетке, слайд-тұсаукесерге байқаулар өтті. 10 Б сынып оқушысы Стручков Влад және оның командасы мектеп бойнша сұхбат жүргізіп, бақыт туралы бейне фильм түсірді. Республикалық «Қамқорлық» акциясы шеңберінде 1-11 сынып оқушылары арасында «Мейірімдік жолымен жүр» атты акция өткізілді. Ең үздік сыныптар: 10б, 6д, 3б, 5д. Психолог - мұғалімдері Л.А.Вишневская мен Ж.Жақыпбекова 5-9 сынып оқушылары арасында рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған тренингтер өткізді. Онкүндік жабылуына және қорытындыларды шығаруға арналған гала-концерт өткізілді, онкүндікке белсенді қатысқан барлық оқушылар «Махаббатқа толы жүрек» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды. Қорытындылар мен ұсыныстар: «Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндігі тиісті деңгейде өтті, онкүндік шеңберінде өткен қалалық және мектептік іс-шаралар рухани-адамгершілік тәрбиеге бағытталған болды, балалар осындай іс-шараларға қызуғышылық танытты. «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдерінің жемісті еңбегін атап айтуға болады: А.П.Алиакпарова, Ю.Ф.Попова, Л.В.Зорина, кітапханашы Б.К.Салкимбекова және «Өзін-өзі тану» пәнінің ӘБ жетекшісі М.К.Бакина.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны