05/03-2014 ж. Халықаралық 8 наурыз мерекесіне орай « Ана өмір шуағы» атты мектеп ұстаздарына және қыздарға арналған сап түзеу өтті.

Праздник "От улыбок маминых светло"
Цель: создать праздничное настроение.
Задачи: Формировать умения учащихся преподносить торжественность, умение выразительно читать, красиво петь, танцевать.
Развивать положительные черты характера, артистичность.
Воспитывать любовь к маме, уважение к маме, подругам.

Құттықтаймыз!

«Сендер менің бақытымның бұлағы, сендер менің дарыныма жел берген,» - деп ұрпағына сенім білдірген ақиық ақын Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арналған аудандық «Т.Айбергенов оқулары» болып өтті. Дәстүрлі оқуға мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Аренованың дайындаған оқушылары 10 «Г» сынып оқушысы Исаева Замира мен 6 «А» сынып оқушысы Сомжүрек Еңлікгүл қатысып, мектебімізді биіктен көрсетті.

1. Хор ұжымы – алтын медал, жетекшісі Жұмашев Амантай Жұмашұлы

2. Шашу халықтық би ансамблі алтын медаль, жетекшісі Тәуіржан Рахатұлы

3. «Домбыра - дастан» ұлт аспаптар ансамблі , жетекшісі Кируова Жанат Кәрімқызы

«Өзіңе және өзара көмек көрсете біл!» деген айлық аясында 2014жылғы 04 наурыз күні мектепте 6 сынып оқушылары арасында мектеп дәрігері Қайыркенова А.Қ. мен медбике Сағындықова .Б.Спрактикалық сабақтар өткізді.
Мектебімізге "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамының орынбасары Қ.Мінуаров мырза келіп, "Дені саудың-жаны сау" тақырыбында дәріс оқыды.

2014 жылдың 19 ақпан күні №32 «Балдәурен» балабашасының педагог-психологы Шонтыбаева Айжан Нұрмұхамбетқызы «Мектепке саяхатқа барамыз» атты психологиялық ашық сабақ жүргізді.

5-наурыз 2014жылы 7А,Ә сыныптарында география пәнінен «Ғылым апталығында» интеллектуалдық олимпиада өткізілді. Материктер бойынша сұрақтарға ,әртүрлі ойындарға балалар қызыға қатысты.Әсіресе Көшербай Ғасырбек және Жангарашева Алина өздерінің терең білімдері мен пәнге қызығушылықтарын көрсетті.Екі команда да географиялық карта бойынша номенклатураны жақсы меңгергендіктерін,тиянақты білімдерін байқатты. Бейнелі сұрақтарға жауап беріп өздерінің білімге деген ұмтылушылықтарын көрсете білді.

«Ғылым» апталығы төңірегінде 5 Наурыз күні 8 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізілді. «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі сайыс сабағымыздың тақырыбын «ЖИТС-21 ғасыр дерті» деп алып отырмыз. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында сабақты түрлендіріп өткізуге тырыстым. Әрине, әр сабақтың құндылығы мұғалімнің білім деңгейіне байланысты. Сабаққа оқушылардың « ЖИТС » тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылап, бір жүйеге келтіру, вирус аурулары мен қоршаған орта арасындағы байланысты анықтай білуге үйрете отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға салауатты өмір салтын ұстануға тәрбие беру мақсатын қойдым. Білім алушылар екі топқа бөлінді.1.«Болашақ» тобы. 2.«Жасұлан» тобы. Әр топта 10 оқушыдан. Екі топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылды, сайыс мақсатымен таныстырылды. Сайыс сабақ жоспары: 1. Визиткалық карточка ( топ аты, ұраны, топ эмблемасымен таныстыру), 2. «Ситуациялық жағдайды талдау», 3. Пікірталас, 4. «Бейнелі сұрақ», 5. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс», 6. «Болашақ» жобасын қорғау. Қазылар алқасы әр кезеңнен кейін ұпайлық жүйемен бағалады. Қазылар алқасы құрамында биология, химия, физика пән мұғалімдері отырды. 2 топта белсенділік танытып сайыс сабағымыздың тақырыбын аша білді.
Қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі – оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе. Сондықтан әрбір адам осы ауру туралы жан-жақты білсе, мұндай дерттің алдын алуға болады.

Биология пән мұғалімі: Сансызбай Нургуль

1 Наурыз - Дүниежүзік азаматтық қорғаныс күні 7а сынып оқушылары аэромобилді құтқару жасағының орталығына саяхатқа барды
Көкшетау техникалық институтының курсанттарымен 9-сынып оқушыларының кездесуі
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны