"Тоғызқұмалақ" ойынынан жарыс өтті.
Астана қала мектептерінің арасында наурыздың 12-14 аралығында "Тоғыз-құмалақ" ойынынан спартакиада өтті. Бұл спартакиадаға біздің мектептің оқушылар және ұстаздар командалары қатысты. Оқушылар командасы Есіл ауданы бойынша І-орынға, ал қала бойынша ІV-орынға иеленді.

15. 03 2014 года в 13.05 в 35 кабинете был проведен коучинг по теме: «Методы активного

обучения». На коучинг были приглашены все руководители МО,

а также по 2 человека из каждого методобъединения. Под руководством Садвакасовой Р.В. и

Аяпбергеновой Г.А. учителя работали с формами организации групп, выработали правила работы

в группах. В ходе выполнения заданий (Вавилонская башня, 6 шляп), наглядно использовали навыки критического мышления,

оценили важность этих видов работы в учебном процессе. Практический использовав навыки

критического мышления, в результате анализа собственных действий, учителя осмыслили актуальность

использования групповой работы, обучения критическому мышлению.

13.03.2014 ж. сағат 14 00-де Астана қаласы С. Мәуленов атындағы №37 орта мектептің кітапханасында мектебіміздің 7 "А" сынып оқушыларымен Астана қалалық "Өрлеу" ПБЖ институтының қызметкері, ақын Баянғали Ғалымжанұлымен кездесу өткізілді. Бұл шараға мектеп әкімшілігінен Күлян Қарабайқызы, Кенжеғұл Садманұлы, кітапханашылар Бибсара Саматқызы, Бағдат Қайыржанқызы, әдістеме бірлестігінің жетекшісі Нағима Сейтжанқызы қатысты. Шараны ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Төлеуова Гүлжан Дәрібайқызы.
2014 жылдың 13 наурыз күні кешке 9-сынып оқушылары «Арман кала» ДСО дерматовенерологы А.БЖакуповамен кездесті. Оқушыларға жыныстық жолмен жұғатын аурулар туралы дәріс оқылды. Оқушылар дәріс барысында ЖЖЖИ жұғу жолдары мен алғашқы белгілерімен танысты. Жастар арасында ЖЖЖИ-дан қатаң сақтануларын қалыптастыру дәрістің өткізілу мақсаттарының бірі болып табылады.

Ақпанның бірі күні Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимазиясы жыр алыбы Жамбылдың 168 жылдық мерейтойына арналған «Жамбыл оқулары» атты қалалық ғылыми - тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Конференция «Жамбыл және әдебиет» және «Жамбыл және тарих» секциялары бойынша 8- 11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Біздің мектептен «Жамбыл және әдебиет» секциясына «Өтенген батыр» дастаны тақырыбы бойынша баяндамамен 10 «ә» сынып оқушысы Әнел Жолжақсы қатысып, жұмысы жинаққа енді.

Жамбыл Жабаевтың туғанына 168 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жамбыл әлемі» атты қалалық Жамбыл оқуларында №4 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Әбдуәлі Айдана және мұғалімі Қаршыға Сайлаукүл І орын, 10 сынып оқушысы Балтабай Райхан және мұғалімі Нұрғали Әлия Әбдрахманқызы ІІІ орын, 10 сынып оқушысы Төлепберген Сымбат грамотамен марапатталды

Көрісу айты – қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі.Көрісу айты – күн мен түннің теңелу мерекесіне бір апта қалғанда басталады.Көрісу салты -ағайын-туыстың жақындығын білдіріп, бір-біріне амандық, жақсылық тілеп тілек айтады. Салт бойынша көрісу күндері 40 үйге кіріп, амандық сұрасып тілек айтатын болған.Осындай салт бойынша Ә.Марғұлан атындағы № 40 мектептің директоры Ербол Исламұлы бастаған ұстаздар қауымы мектебімізге келіп көрісу салтын жасады.

13 наурыз күні мектеп акт залында Наурыз мерекесіне орай 8-сынып оқушылары арасында «Қазағымның жырысың сен, домбыра» атты қазақ ұлттық аспаптары туралы ең үздік презентация көрсету байқауы өтті. Мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әр сынып оқушылар қазақ ұлттық аспаптары туралы презентациялар дайындады. Асатаяк, дауылпаз, жетіген, домбыра және сыбызғы қобыздардың үндері мен шығу тарихтары көрсетілді. Қатысушылардың барлығы ұлттық киім киіп шықты. Бірінші орынды 8 «Ә» сыныбы иеленді.

Наурыз айының13-жұлдызында Астана қаласы №69 мектеп-гимназиясында мектепшілік «Әй,әй,-Керім-Әйкерім» атты арулар байқауы өтті. Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау 5 кезеңнен тұрды.

Образовательная программа ОЮЛ «KAZENERGY» информирует о том, что 15 февраля 2014 года в г.Астана при поддержке АО «НК «КазМунайГаз», прошел интеллектуальный конкурс «Юный химик». Мероприятие состоялось в 9.00 ч. в школе – лицее № 66, по адресу: г. Астана, ул. Д.Кунаева, 33/1, в актовом зале (3 этаж), на казахском и русском языках.

Жиында мектеп психологы Атамбаева Дина Жұмақанқызы «Нашақорлық ғасыр -дерті» деген тақырыпта баяндама жасап, баяндамада қазіргі кездегі қоғамдағы «нашақорлықтың» алып отырған орны, адамзат баласының одан тартып отырған қайғы- қасіреттері туралы, жастарды бүгінгі күннен бастап отбасынан, мектеп қабырғасынан «нашақорлыққа» қарсы тұру және алдын алу мәселері бойынша түсініктемелер беріп, жастарға салауатты өмір салтының сақталуының қамқоршысы болу әр қайсымыздың жауапты міндетіміз, нашақорлыққа қарсы күресті жалпы халық болып жүргізуіміздің қажет екендігін атап өтті.

Құрметті әріптестер!!!

Мухаметжанова Арай Аукеновна 21.03.1972ж.

Башаева Нурсауле Биралыевна19.03.1973ж.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны