Таяуда, Астана қаласы мектептерінің ұстаздары арасында алғашқы қалалық "Ел үшін туған ерден айналайын" атты, Наурыз мерекесіне арналған жігіттер сайысы болып өтті.
Наурыз мерекесіне орай, Астана қаласы мектеп оқушылары арасында қазақ күресінен өткізілген жекелей біріншілікте 57-92 кг салмақта күресіп жүлде таққан мектеп мақтаныштары.
2014 жылдың 18 наурызында Астана қаласында Ресей ғылыми және мәдени орталығында Дүниежүзілік поэзия күніне арналған «Поэзия,бейбітшілік,тіл» атты Әдеби кеш ұйымдастырылады.
Дәстүр бойынша әдеби кеште қаланың гимназия, лицей және мектеп оқушылары өздерінің өлеңдерін оқиды.
2014 жылғы 15 наурызда №6 гимназиясында 5-7 сынып оқушылары арасында «Полиглот» қалалық гуманитарлық олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті.
Қазақ жұрты үшін жыл басы саналатын ұлыстың ұлы күнін №71 мектеп-лицей оқушылары үлкен қуанышпен атап өтті.
Сатылай кешенді оқыту технологиясының мақсаты оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандырып оқытуға бағытталған.

Біздің мектепте Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз шашу» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында 7-8 сынып оқушылары мектептің бірінші қабатында ән салып, би билеп, дастарқан жайып, мектепке келген оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді Наурыз мерекесімен құттықтады.

2013-2014 оқу жылындағы бастауыш сынып бірлестігінің
«Ел болашағы-білімді ұрпақ» атты апталығы өтті.

15.03.14 күні 11.00-де «XXI ғасыр көшбасшысы» атты 4-сыныптар арасындағы интеллектуалды сайыс өткізілді.Әр сыныптан бір оқушыдан қатысты.

Қатысушылар: Әділқызы Айым, Жумашев Ринат,Муканов Алихан, Нусипкалиева Наргиз, Райымбек Мерей, Темірбекова Айша.

Сайыс ІV кезеңнен құралған.

«Қазақ аруы» республикалық байқауы продюсер Баян Есентаевнаның бастамасымен республикамызда 4-нші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша № 15 мектеп лицейінде 2014 жылдың ақпан айында технология пәнінен жас мамандарға арналған қалалық семинар өткізілді. Іс-шара барысында технология пәні Жас мамандар мектебінің жетекшісі Оспанова Айгуль Нурланқызы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың мақсаты: іс-тәжірибемен бөлісу және дидактикалық материалдарды қолдана отырып, технология пәнін қызықты етіп өткізу жолдарымен танысу.
Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің жүлде қоржыны тағы да медалдармен толыға түсті.
Наурыз айының 10-12 аралығында Алматы қаласында өткен ХХҮІІІ «Азия-Тынық мұхит» математикалық олимпиадасына 38 мемлекет: Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Панама, Перу, Филиппин, Пуэрто-Рико, Катар, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайван, Тәжікстан, Таиланд, Тринидад және Тобаго, Түрікменстан, АҚШ, Гондурас, Оңтүстік Африка, Түркия, Уругвай елдерінен, ал ХІІІ «Жібек Жолы» олимпиадасына Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан мемлекеттер: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және тағы да басқа елдерінен оқушылар қатысты.
Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей- интернатының оқушылары Астана қаласының оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Жас интеллектуал» олимпиадасына қатысып, жүзден жүйрік атанды.Олимпиадаға қатысқан 7-8 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен екі кезең (эссе, шығармашылық тапсырмалар) бойынша білім сынасты. Ең қуаныштысы қатысқан 5 оқушының бесеуі де жүлделі орындарды иеленді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны