«Жас мамандардың кәсіби педагогикалық қабілетін дамыту жолдары» деген тақырыпта №53 мектеп-лицейінде қалалық сызу пәнінің жас мамандарына арнайы кезекті оқу-семинары өтті.
2014 жылдың 31 наурызында «Мектепке дейінгі мекемелердің инновациялық кеңістігіндегі болашақ маманның кәсіби құзіреттілігі: тәжірибе, ізденістер» тақырыбында өтетін дөңгелек үстелөтті.
Дөңгелек үстел тақырыбының келелілігі: қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын кәсіби педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мен тәрбиелік-білім беру міндеттерін тиімді шеше алу қажеттіліктерін анықтау. Жыл сайынғы мектепке дейінгі білім беру салалары үшін мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыстың артуына байланысты бағытталған мәселелерді шешу жолдары да қарастырылды.

Биылғы «Ұлыстың ұлы күні - Әз – наурыз» мерекесі ерекше тойланды. Үркер шағын ауданындағы Наурыз мерекесінің ерекше өтуіне №69 мектеп – гимназия оқушылары мен мұғалімдері ұйытқы болды. «Нұрсәуле» бала-бақшасы да концерттік бағдарламаларға ат салысты. Наурыз думан мерекесі әкімшілік өкілінің құттықтау сөзімен, ауыл ақсақалдарының ақ батасымен басталып, ұлттық салт-дәстүр негізінде қойылған көріністерге ұласып, асқақтаған әндер шырқалды.

Наурыздың 28-29-ы аралығында қалалық математикалық «Зерде» олимпиадасы өтті.
2014 жылғы 01 сәуірде М. Тынышпаев атындағы Қаз ККА Ақмола колледжінде «Студенттер сессиядан сессияға дейін көңілді өмір сүреді» КТК қалалық байқауы өткізілді.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасы мектеп бітіруші түлектерді «Филология әлеміне саяхат» аттты ашық есік күніне шақырады

Өткізілетін орын:

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, оқу-тәжірибелік бөлімі (Қажымұқан көшесі 11), № 206 аудитория «Пушкин қонақ үйі».

Өтетін күні мен уақыты: 2014 жылдың 4 сәуірі. Сағат 13-00-де.

«Серпер» домбырашылар ансамблі «Жас талап» байқауының І орын иегерлері

Қалалық білім беру қызыметкерлері спартакиадасының волейболдан өткен жарысында жүлделі 2- орын жеңіп алған мектеп-лицейіміздің команда мүшелерін жеңістерімен құттықтаймыз. Сіздерге мектеп-лицейіміздің мерейін асқақтатқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

27 наурыз күні № 70 мектеп-лицейінде «Үздік мектеп психологы» атты қалалық конкурсы өтті. Конкурсқа барлығы 14 психолог қатысып, еңбек өтілі бойынша сайысқа түсті. «Үздік мектеп психологы» атты қалалық конкурсы нәтижесінде №38 мектеп-лицей психологы Қуандықова Мөлдір ІІ орынға ие болды.

31.03.2014 жылы мектебімізде «Отбасы тәрбиесі» тақырыбында педагогикалық кеңес болып өтті. Тәрбие жөніндегі директор орынбасары Аблкаирова А.Б. ІІІ тоқсан бойынша тәрбие жұмысына есеп берді және «Отбасы мен мектеп» тақырыбында баяндама жасады. Осы тақырыпты әрі қарай мектеп психологы Исаева М.Н. алдын ала шақырылған ата-аналармен және мұғалімдермен семинар-тренингпен жалғастырды.

Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гиназиясының «Летучий голландец» командасы кезекті саяхатқа № 5 мектеп-гимназиясына барды. Команда мүшелері өте қызықты мәлімет алып, шетел композиторы Фредерик Шопеннің музыкалық шығармаларын тыңдады. Мұражайда орналасқан кітап, оқулықтармен танысты. Бір-біріне қызықты сұрақтар қойып, түрлі тапсырмалар орындады. Осындай саяхаттар қала мектептері оқушыларының арасында достық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына үлкен ықпал етеді. Оқушылар он сегіз ұпай алды.

№69 мектеп-гимназиясында наурыз айының 18 жұлдызында Халық педагогикасын оқу-тәрбие барысында қолдануды жүзеге асыру, ата-ана, оқушы, ұстаз ұжымын ынтымақтастыру мақсатында «Отбасы – алтын діңгек» байқауы болып өтті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны