Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің талабы. Қазіргі таңда оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологиялар кеңінен қолданылуда. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан -жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Осыған орай биылғы, яғни 2013-2014 оқу жылында Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен үш мектеп, бір балабақша «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының тәжірибе алаңы болып бекітілген. Нәтижесінде, биыл мектепте 1-5 сыныптар аралығында 9 сынып бірнеше пәндерден тәжірибе алаңына енгізілді. Ғылыми жетекші Нұрша Алжамбайқызы алғашқы күннен бастап пән мұғалімдерімен де, ата-аналармен де технологияның оқу үрдісіндегі тиімділігін жете түсіндіре отыра тәжірибе алаңының жұмысын қарқынды бастап кетті.

24.05.14ж. күні 9 сынып оқушылары, ата-аналары, сынып жетекшілері және мектеп директоры Астана қаласы №62 мектеп-лицейінде өткен кәсіптік бағдар беру бойынша конференцияға барды.

Астана қаласы №42 орта мектебінде 23-сәуір «Дүниежүзілік кітаптар күніне» орай мектеп кітапхана ісінің меңгерушісі Тұрсынбекова Ләйла Раушанбекқызы «Кітап – біздің досымыз» атты тақырыпта 5-сынып оқушыларымен бірге 1-сынып оқушыларын кітапханаға саяхат жасау мақсатында ұйымдастырып,әдеби кеш өтті.

Кештің мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызы ғылым мен білімнің пайдасы және кітапхананың мәдени-ағарту,ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру.Кітапханада кітаптарды пайдалану ережелерін сақтауды,сөздік қорын молайтып,өздігінен кітапханада жұмыс жасай білуге,кітап оқуға құмарлығын арттыру.

Тақырыбы: «Достық фестивалі»

Гинеколог дәрігерлермен дөңгелек үстел өткізілді

Мектепте 25 сәуірде «Жүктіліктің алдын алу.Контрацепция.Қыздардың репродуктивті денсаулығы. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар. ЖБИ-ң алдын алу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

«Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал» деген тақырыпта өткен қолданбалы және таңдау курстарының апталығы болып өтті.

Балалар құқығы туралы дәріс

24 сәуірде 9-10 сынып оқушылары арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жөспары бойынша «Балалар құқығы, туралы ережелерді түсіндіру факультативтік хаттамасы, балаларды сату және балалар проституциясы мен порнографиясы» тақырыбына лекция өткізілді.

28-29 сәуір күндері өткен Халықаралық дебат турнирінде БАС ЖҮЛДЕ иеленген №38 мектеп-лицейінің “Узурпаторы” дебат тобынның мүшелері: Өмірбай Ерсаин мен Шайдахов Дарханды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мектеп абыройын асқақтатқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

2014 жылы 28 сәуір күні Ұлы Жеңістің 69 жылдығына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 22 жылдығына арналған «Сапта жүріп ән айту» байқауы өтті. Байқауда сапта взвод бойынша амандасу, сапты 1 қатарға саптық дайындыққа тұрғызу.

Жеке көріністер: бір қатардан түзеу және керісінше, саптық жүріс қозғалыстағы бұрылыстар (оңға,солға, артқа), әскери жеке сәлемдесу.

2014 жылдың 27 сәуірінде №66 мектеп-лицейінде Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты ІІ қалалық ауызша командалық олимпиадасы өтті. Мақсаты: Білім алушылардың пәндер бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу,дарынды балалардың бірнеше тілді меңгеруі (қазақ,орыс,ағылшын т.б.),ғылыми танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.

№10 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қошқарбаева Г.О үшінші  (базалық) деңгейлік курстың мектептегі тәжірибесінде сабақтар өткізді.

«Темекі шегу» , «Сыра алкоголі», «Энергетикалық сусындар» атты баяндамаларды врач-нарколог Қойшыбеков Т.Т. №2 МГ-ның 7-9 сынып оқушыларымен өткізді. Ұсынған слайд материалдарды оқушылар аса назар аударып тыңдап көрді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны