Астана қаласында жыл сайын Т.Айбергенов оқулары болып, ақынды еске алу кешінің өткізіліп отырылуы дәстүрге айналған. Бұл аталмыш жарыс жыл сайын ақиық ақынның әндерін орындап, өлеңдерін жатқа оқып, ақынға өз туындысын арнау бойынша өткізіліп тұрады. Алдымен аудандық жарыс ұйымдастырылып, оқушылар қалалық іріктеуден өтті. Алғашқы аудандық сайыста өзінің ақынға деген арнауын оқып, бас жүлдені жеңіп келген Балғынбекұлы Нұруллаh қалалық сайыстың III орын иегері атанып келді. Сайыс барысында Балғынбекұлы Нұруллаh қызыл тілдің шебері екенін де көпшілікке байқатты.

1мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымақ күніне орай мектебімізде «Достық шаңырағы» атты фестиваль өтті. Фестиваль мақсаты жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір ұлттардың татулығы бұзылмай өмір сүруін паш ету, қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.Бұл фестивалда оқушылар мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттардың салт-дәстүрінен көрініс көрсетіп, өнерінен шашу шашты.

10 "В" сынып оқушыларың Ахметжанов Думанды "Үздік гид - экскурсовод-2014" сайысында 3 орын алған үшін және Саркеева Диананы сертификатымен.
Соңымен қатар, биология және география пәнінің мұғалімі Тукенова Жаркын Казбекқызын "Атамекен" Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешеннің директоры Ү.Д.Мұналбаева атынан Алғыс хатымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

1-2 мамыр демалыс күндеріне мектебіміздің директордың тәрбие ісінің орынбасары Сулкеева Айнұр Жанатовна 9-10 сынып оқушыларын Бурабайдағы «Звездный» лагеріне ұйымдастырып апарып келді.

Астана күнінің 16-жылдық мерейтойына арналған «Астана үкілі үміттері»

Астана қаласы № 68 орта мектебінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Есенбаева Роза Түзелбайқызы және 9 сынып жетекшілері Нұржаңыл Қабдікәрімқызы Бақтыбаева мен Бақытбекова Айнұр Мейрамбекқызының ұйымдастыруымен «Қызғалдақ» қыздар клубының аясында «Тәрбиелі қыз- ұлттың айнасы» тақырыбында тәрбиелік іс- шара өтті.

«Мен таңдаған өмір» атты ойын сабағын 4 сынып оқушылары арасында Баймуханбетова Перизат Женисовна жоғары деңгейді өткізді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлесті.

Недавно мы посетили дворовый клуб «Замандас». Нам очень понравилось. Осталось море впечатлений от увиденного и услышанного. Во-первых, мы прослушали лекцию на проблемную для нашего возраста тему «Как ухаживать за кожей лица». После лекции совершили экскурсию по клубу. Мы были в восторге от оформления, интерьера. Побывали в кабинете психологической разгрузки. Ознакомились с перечнем кружков и секций, которые можно посещать в свободное время и к тому же бесплатно. Здесь есть секция каратэ, шахматный кружок, кружок домбристов, хореография, курсы английского языка, кружок театрального искусства, арт-терапии. Здорово, что в нашем микрорайоне появился такой клуб, где можно провести время с пользой для себя и в окружении интересных людей.
Ученики 8-х классов школы-гимназии №2 города Астаны

№53 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Абденова Т.К. және Нұржанова Г.С. 1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Астана – достық бесігі» атты қалалық фестивалін ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлт өкілдері мерекеде ән айтып, би билеп, жалпы халықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көрініс көрсетті.

Мектебімізде «Аталар даңқы – ұрпаққа үлгі» атты ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ардагерлер оқушыларға өткен өмірлерінен, майдан шебінде атқарған қызметтері туралы әңгімелерін айтып берді. Оқушыларға өздерінің баталарын беріп, жарқын болашақ тіледі. Кездесу соңында ардагерлерге дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Мектебімізде Ұлы Отан соғысы ардагері Ыбраш атамен кездесу ұйымдастырылды. Ыбраш ата оқушыларға өзінің соғыс жылдарындағы еңбектерімен бірге, соғыстан кейінгі еңбек жолындағы ұстаздық еңбегін де әңгімелеп берді және оқушыларға есептеудің оңай жолдарын үйретті. Мектеп директоры Қ.Ж.Әбдірәсілов кездесу барысында сөз сөйлеп, ардагер атаға рахмет айтты. Кедесуді «7Арна» арнасы түсірді. Түсірілім 7 мамыр күні көрсетіледі. Кездесуге 4 А және 4 Ә сынып оқушылары, сынып жетекшілері Нұрғалиева Б.Б., Шатаева К. қатынасты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны