18.09.2014 жылы сағат 12:30 №52 мектеп – гимназиясының акт залында 8-9-10-11 сыныптарға құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жиналыс өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу:

Мектептің аумағын санитарлық тазалау айлығына сәйкес ұйымдастырылған алғашқы сенбілік 13 қыркүйекте сағат 11.00 басталып, өте белсенділікпен атқарылды. Бұл сенбілікке 6-сыныптардың оқушылары және сынып жетекшілері толығымен қамтылды. Мектеп ауласын қоқыстардан тазалап, сыпырды. Әдеттегідей мектеп алдына жиын ашып барлық оқушыларға еңбек қауіпсіздігі түсіндіріліп ескерткеннен кейін жұмыстарын сынып-сыныпқа бөліп өз аумақтарын тазалады.

Физикадан 45халықаралық олимпиадаға қатысып, өзіндік белсенділігі мен ізденімпаздығы үшін сертификатқа ие болған Тымбаева Гульнар Алтынбекқызы шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ фестивалін ұйымдастыру мен өткізудің апталық іс-шара жоспары бекітіліп, 15 қыркүйек күні 6-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Тілім тірлігімнің тірегі» тақырыбында Ғ.Ш.Шоқатованың ұйымдастыруымен 10 сыныптар ашық тәрбие сабағын өткізді.
№49 орта мектебінде №3 емхана дәрігер-гинекологы – Абдікаримова Айгүл Жеңісовна және әлеуметтік қызметкері Игенбаева С.К.
2014 жылдың 17 қыркүйек күні №3 мектеп-гимназиясы Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен қаланың жас мамандырына арналған «Өзін-өзі тану» пәнінен қалалық семинарын өткізді. Семинарға балабақша тәрбиешілері, мектеп ұстаздары және колледж оқытушылары қатысты. Семинарды Білім басқармасының «Өзін-өзі тану» пәнінен бас маманы Л.Ш. Темирлина алғыс сөзбен ашты, семинардың тақырыбымен таныстырды және пән берудің занауи жолдарын жас мамандарға жеткізу мақсатымен өткізіліп отырғандығын айтты. Семинарды дайындап жүргізген жоғары санатты бастауыш сынып және «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беретін мұғалім - Бургандинова С.Ф. Дәріс барысында Светлана Фаатовна қатысушалар үшін сабақ берудің құрылымы мен адамгершілік-рухани тереңдігін, сонымен қатар өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың позитивті көңілін қалай аударуға болатынын көрсете білді, сабақтың мониторингісін жүргізу мен ұлы адамдардың дәйексөздерін пайдалану тәсілдеріне тоқталып өтті. Семинарға қатысушылар белсені қатысып отырды. Семинарда Светлана Фаатовна жиналған бай материалдарын көрсетіп, өз әріптестерімен осы жинақталған материалдарымен бөлісті.

2014 жылы 17-19 қыркүйек аралығында Астана қаласы №55 орта мектебінде мектеп психологтары мен жоғары сынып жетекшілеріне арналған "Аңсаған арманға қалай қол жеткізуге болады" тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесі қарсаңында 17 қыркүйегінде ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің оқытушылары Мусин Дарын Тлеугалиевич пен Шалабаева Салтанат Укибаевнаның ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында «Жұлдызды сәт» атты сабақтан тыс интеллектуалдық ойын өтті. Бірінші орынды 7 «в», екінші орын 7 «б», үшінші орын 7«ә» сыныбы иеленсе, 7 «а» сыныбы төртінші орынды иеленді.

БӘРЕКЕЛДІ!
"Ана-менің ардағым, әке-менің қорғаным" атты отбасы күніне арналған қалалық жас ақындар мүшайрасына қатысқан 9-сынып оқушысы Нағышыбек Гүлжайна "Бас жүлдені" жеңіп алды. Өнерің өрге өрлей берсін, жас ақын! Қуанышыңа ортақпыз. Ұстазың Ильясова Ляззатқа рахмет.

Қазақ тілі-дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Қазақстанның болашағы да осы қазақ тілімен байланысты. Осыған орай жыл сайын біздің еліміз 22 қыркүйек- «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» мейрамын атап өтеді.Біздің де мектепте

осы тіл мейрамын атап өтуде қалыс қалмады.

Осыған орай қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Мухтарова Г.Қ мен Ташмағанбетова Б.М қыркүйектің он алтысы күні 6-7 сыныптар аралығында «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағын өткізді. Сайыс сабағы тартымды әрі қызықты өтті. Оқушылар бұл сайыс сабаққа өте жақсы дайындықпен келген. Олар тіл туралы мақал- мәтелдер айтып, тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп айтудан жарысты. Өздерінің актерлік қабілеттерін де таныта білді.

Бұл сайыс сабақта 7 сынып оқушылары бірінші орынға ие болды.Олар өздерінің нағыз тіл жанашырлары екенін таныта білді. Қалған топтар да қалыс қалмады, олар да белсене қатысты. Барлық қатысқан топтар мақтау қағаздарымен марапатталды

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны