2014 жылғы 27 қыркүйек күні экологиялық айлық аясында 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті

2014 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласындағы «Мақсат» спорт кешенінде дзюдодан қалалық жасөспірімдер арасында ҚР кубогы өтті. Жарысқа Астана қаласы, Ақмола облысының спорт мектебінің ең үздік спортшылары қатысты.

29 қыркүйек күні колледжде халықаралық туризм күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. Колледж директоры Серик Балтыханович студенттерді және оқытушыларды мерекемен құттықтап және декаданың өткізілу қортындысы бойынша диплом және мадақтама берді.

Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп – гимназиясында 7 «А» және 7 «Ә» сынып оқушылары тамаша «EXPO-2017» көрмесіне Астанада өтетін, «Болашақтың энергиясы» атты сабақ көрсетті. Пән мұғалімдері: Ахметова Алтын Олжабаевна мен Жанайдарова Жібек Хасеновна.

Қазіргі таңда әлемнің қарқынды дамуы, жер бетіндегі адам санының көбеюі, адамзаттың тұтынушылық қабілетінің өсуі әсерінен, біздің өмірімізге ең қажетті азық-түлік, ауыз судың тапшылығы көп елдерде сезілуде.

Ал XXI-ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т.с.с) елестете алмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды.

Атап айтар болсақ Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесі өткізіледі 2017 жылы. Бұл көрмеде баламалы энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетіледі деп жоспарлануда.

Мектебімізде 10-сыныптар арасында 29-тамыз Ядролық сынақтарға тиым салу күніне орай дөңгелек үстел өткізілді. Жауапты тарих пәнінің мұғалімі Авдхалым Асия. Мақсаты: Ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы, ядролық сынақтарға тыйым салу туралы оқушылардың білімдерін кеңейту. Дөңгелек үстел барысында мұғалім мен оқушы пікірлері тыңдалып онда, «Ядролық сынақ зардаптары» бейнефильмі, және арнайы жасалған фото көрмесі ұйымдастырылды. Жер бетіндегі сынақтан басқа полигонда 340 - тан астам жерасты сынағы: тік ұңғылар мен көлбеу туннельдерде жасалғаны айтылды. «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды?» деген сұрақ арқылы оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ойларын арнайы стикерге түсіру арқылы қорытынды жасалды.

10 В сынып оқушылары 23.09.14 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбев қатысқан Республикалық әскери-патриоттық форумы негізінде №17 мектеп-гимназиясындағы соғыс мәртебесі музейінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті. 10 В сынып оқушылары №17 мектеп-гимназиясындағы соғыс мәртебесі музейінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері Каишин В.В және Кайшина Р.Е-мен кездесті
24 қыркүйек күні 9 ә сынып оқушылары Қазақстандық Халықаралық “Шетелдегі білім” көрмесіне барып қайтты
26 –қыркүйекте Н.Әбдіров атындағы № 33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешенінің балалары 1- қазан «Қарттар күніне»
8 г сынып оқушылары 2014 жылдың 23 қыркүйегінде ҚР Президентінің Мәдениет орталығы кітапханасында “Ашық есіктер күніне” қатысты
4 сынып оқушыларымен -Эстафеталық ойындар сауық шарасы ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар салауатты өмір салтын ұстанып, спорттың бірнеше түрінен мүмкіндіктерін сынап көрді. Жүгіру, секіру, шеңберді айналдыру, велосипед тебу сынды қиындықтарды бағындырды. Аталған шараға барлық сынып оқушылары белсене қатысты. «Кім бірінші?» « Обручтың арасынан өту» «Доппен жарыс» т.б ойын түрлері өткізілді. Әр сынып өз командаларына қолдау көрсетіп, жанкүйер болып отырды.
«1 қазан – қарттар күні» мерекесі аясында 5-7 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Қарттар – асыл қазынам» атты тәрбие сағаттары өті
27 қыркүйек күні №38 мектеп-лицейдің 15 жылдық мерей тойына арналған 5-7 сыныптар арасында "Менің сүйікті мектебім" атты флешмоб сайысы өтті.
Сайысқа барлық сыныптар қатысып, өте тартысты өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны