2014 жылдың 30 қыркүйегінде 5-қазақ сыныптары бойынша «5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу барысы» атты психология-педагогикалық консилиум өтті. Консилиумге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Залетаева А. Нурекенова А. А. («Кембридж» курсының І деңгейін бітірген), бастауыш сынып мұғалімдері: Маханова Б. Д., Турабекова М. Б., педагог-психолог Шонаева Б. С., және 5-сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері қатысты. Консилиум барысында бастауыш сынып жетекшілері жеке-жеке сыныпқа мінездеме бере отырып, сыныптағы оқушылардың ерекшеліктеріне тоқталды. 5-сынып жетекшілері сыныптың бүнгі күнгі ахуалына тоқтала отырып, өзгерістер мен жетістіктерін атап өтсе, пән мұғалімдері бақылау жұмыстарының қорытындысына және сынып ұжымының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Консилиум үшін ең маңыздысы Нүрекенова Алма Абдуахитқызының «Сынып жетекшісі оқушы көзімен», «Сабақ оқушы көзімен», «Пән мұғалімі оқушы көзімен» атты сауалнамалары болды. Әр сауалнаманың қорытындысын талдау барысында оқушылардың жалпы мектептегі оқуға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне деген көз қарастарын, пікірлерін аңғаруға болды. Сонымен қатар мектеп психологі Шонаева Баян Серікқызы бесінші сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі кезіндегі алаңдаушылық деңгейлерінің диагностикасы мен оқуға деген мотивациясының деңгейлері зерттеулерінің қорытындысымен таныстыра отырып, пән мұғалімдеріне оқушылармен жұмыс жасау кезінде ескерулері қажет шарттарды атап өтті.

Консилиум соңында қатысушылар 5-сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу барысында кездесіп жатқан мәселелермен жұмысты нақты бағыттармен жалғастыру жөнініде шешім қабылдады.

2014 жылдың 31 қазанында алтын күздің әдемі шағында Астана қаласы №38 мектеп-лицейінде «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Күзгі бал» мектепішілік байқауы өткізілді. Байқауға 9-10 сынып оқушылары төмендегі бөлімдері бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Тамаша жыл мезгілінің бірі күзде келіп жетті. Әр жыл мезгілі өз табиғатымен ерекшеленеді. Біздің мектебімізде жылдағы дәстүрімізге сай 5 сыныптар арасында «Күзгі балл» кеші болып өтті. Сайысқа 7 топ қатысты. Сайыс 3 турдан тұрды. Олар: 1 тур – Өнер сайысы, 2 тур – Күзгі сән үлгісі, 3 тур – Табиғи материалдардан жасалған жұмыстардың көрмесі. Сайыс барысында тамаша дайындығымен, әсерлі өнерімен, ғажап шеберлігімен топ жарып, оқтай озып шықан топтар жүлделі орындарға ие болды. 5«А» - 1 орын, 5«Б» - 2 орын, 5«В» - 3 орын. «Күзгі балл» кеші өз деңгейінде өтті. Бәрінің көңілінен шықты. Келесі күзді асыға күтеміз.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының Ішкі Істер Департаментінде 30-31- қазан аралығында «Мен және менің полициям» атты республикалық акция өтіп жатыр. Атаулы акцияға Астана қаласының Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп гимназиясының инспекторы полиция капитаны Ыдырышканова М.К., әлеуметтік педагог Нүрсейітова А.К. және бастауыш сынып мұғалімі Дильмагамбетова Ж.К. жетекшілігімен 2 «Ә» сынып оқушылары Сарыарқа аудандық Ішкі Әстер Департаментіндегі музейге барды. Мектеп оқушылары полиция тарихынан толық ақпараттар алды
30 қазан күні 2г сынып оқушылары Астана қаласының ІІД мұражайында экскурсияда болды.
29 қазан күні 5 сынып оқушылары Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Академиялық театрында болды. «Арыстанның қорқынышы» ертегі.
8-9 сынып оқушылары үшін 29 қазан күні «Кәмелетке толмағандардың құқығы және міндеттері» атты дөңгелек үстел өтті.

2014-2015 оқу жылы қазан айында бастауыш сынып бірлестігі бойынша апталық басталып кетті.

Апталықтың тақырыбы:Білімді ұрпақ-келешек негізі.

Жоспар бойынша апталықтың 1-ші күндері бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Данар 1 «А» сынып оқушыларына «К к әрпі мен дыбысы» атты ашық сабақ өткізді.

2014 жылдың 30- қазанында №10 мектеп-гимназиясында география пәнінен Республикалық интернет олимпиаданың екінші туры өтті.

Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 2014-2015 оқу жылының І тоқсан қорытынды есебі нәтижесінде «Ең үздік сынып» газет шығару байқауы өткізілді.

ҚР Білім және ғылым министіргілі Жастар ісі комитетінің қолдауымен «Қазақстан жастары конгресі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан КВН одағы» Республикалық «Жайдары Жас Ұлан» финалдық бәсекесіне обылыстық сайысының жеңімпаздары Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы «Ғафу шәкірттері» КВН командасы қатысты сонымен қатар тек Астана қаласы ғана емес Қазақстанның түкпір түкпірінен жас жеткіншектер мектеп оқушылары сонымен қатар бастауыш сыныптың оқушыларыда қатысты. Командалардың бәріне сертификат номинациямен марапаттады, және І, ІІ және ІІІ орынмен тағайындады. Ұйымдастыру алқасы мен жүргізуші Есен Елеукен болды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны