Оқушылардың танымдық қасиеттерін арттыру және патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 2014 жылдың 15 желтоқсаны сағат 14-00-де Астана қаласы Ақан Құрманов атындағы № 17 МГ-ның қабырғасында «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» тақырыбында 6-7 сынып оқушыларының арасында кеш өтті. Кеште тәуелсіздік жолындағы 23 жылдың жетістігі мен Елбасының салиқалы саясаты туралы айтылды. Оқушылар би билеп, ән айтып, өлеңдер оқыды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың 2-кезеңінің (аудандық)нетижесі.
Желтоқсанның 15- күні «Бақытты боп жүргенім, сенің арқаң ұлы Отан!» атты музыкалық-әдеби кеш ұйымдастырылды. «Тәуелсіздікке арнаймын» тақырыпта оқушылар өлеңдер оқып, жыр-шумақтарын тарту етті. Мектеп директоры Рауза Аксеитқызы оқушылар мен ұстаздарды
Мектепте «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында 104 оқушы «Жас Ұлан» ұйымына салтанатты түрде ұйымға қабылданды. Балалар өз жерін, елін қорғауға, мәдениетін, ана тілін

Тақырыбы: Тәуелсіздік – тірегің Мақсаты:Оқушыларды отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Туған жерді қадірлей білуге, бағалауға үйрету. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз екенін түсіндіру.

Бастауыш сыныптар арасында мерекелік сап түзеу өтті. Әр сыныптың оқушылары бар өнерлерін салып өлең оқыды, би биледі, ән шашуларын тарту етті. Қол өнер жұмыстарының көрмесінің нәтижесінде оқушыларға мадақтама және алғыс хаттар таратылды.

Мерекелік сап түзеудің ашылу салтанатының алғашқы сөзін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрпейсова Лаззат Жақыпқызына берілді. Лаззат Жақыпқызы балаларды мерекемен құттықтап, өз тілегін білдірді.

Бастауыш сыныптарының оқу ісінің меңгерушісі Ерназар Шынар Қаржаубайқызы қорытынды сөзінде оқушылар мен қонақтарды құттықтай отырып, балаларды марапаттап, алғысын айтты.

15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай, «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыбында 7 «Ә» сыныбында ашық тәрбие сағаты болып өтті.

2014 – 2015 оқу жылы 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанатты іс – шара болып өтті. «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің үздік оқушылары, аудандық, қалалық жарыстарда, сайыстарда, олимпиадаларда мектебіміздің намысын абыроймен қорғап жүрген оқушыларды қабылдадық. «Жас Ұлан» ұйымына мектеп бойынша 73 оқушы қабылдадық.
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

15 желтоқсан 2014 жылы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздік-Тәңірдің сыйы» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауы мектептің педагогтік Кеңесінде талқыланды.

Мектептің мәжіліс залында 5 сынып оқушыларының қатысуымен еліміздің тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар тәуелсіздік туралы, Отан туралы, қазақ елі туралы өлеңдер оқып, ән салып, күй де тартты. Әсіресе көрермендерді тәнті қылғаны Абдығалым Мерей, Уринбасаров Зиябек, Алдияров Бекболат, Хусаинов Айсұлтан, Сейтмұрат Нұрдаулет, Каирбеков Аландардың қатысуымен жасалған «Қазыбек би мен Қоңтажы» атты көрініс болды. Сонымен қатар Құтбаханова Назым, Баймағанбетова Ұлданай, Ақмырзаева Аружан, Тыныштыбек Әліби өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды.

Құрметті, асылтекті Алаштың мәңгі жасар ұрпағы! Ұлы даламыздағы ең ұлы мерекеміз -Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Көк байрағымыз желбіреп, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын. Қазақ елі мәңгілік жасасай берсін!

Құрметті Қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні- ұлы мерекесімен құттықтаймыз!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны