«Мектепке қауіпсіз жол» желілік әлеуметтік жоба аясында әзірленген үгіттеу ақпаратты 6 сынып оқушылар командасы ұсынды.
Қуандық Аманжолұлы Астана қаласы №49 орта мектеп 7-9 сынып оқушылары арасында «Отбасы тарапынан көрсетілген зорлық

Желтоқсан айының 19-ы күні «Қазақстандық қоғамның бағалы азаматын тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Сайыста мектебіміздің 2 Д сынып оқушылары ең жоғары деңгейде костюмдерін қорғап, бас жүлдені

Тәуелсіздік күніне орай 6А, 6Г сынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Мектебіміздің ардагер ұстазы М.Х.Аминов балаларға өз тілегін айтып, еліміздің нағыз патриоты болуларына және дәстүрімізді, ұлттық және адамзаттық құндылықтарымызды қастерлеуге шақырды.

Желтоқсан айының 12 – ші жұлдызы күні жас таланттарымыз, мектеп жұлдыздары
5 «Ә» сынып оқушысы Құдайберген Қасиетәлі,

5 «А» сынып оқушысы Амангелді Аслан,

2 «А» сынып оқушысы Кеңесхан Алан

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында өткен салтанатты жиында өз өнерлерін көрсетті. Жиын соңында Ұлттық білім академиясының президенті Жылбаев Жанбол Октябрұлымен кездесіп, фотаға түсті. Жас таланттарға айтарымыз, жұлдыздары жарқырай берсін!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Астана – есірткісіз қала» Республикалық Федерация «Каратэ – до кекушинкай» Астана қаласы бөлімінің ұйымдастыруымен балалар арасындағы сайыста 1 «В» сынып оқушысы Әскер Алдияр «Каратэ – до кекушинкай» - дан жүлделі ІІ орын алды. Сынып жетекшісі Мара Жамбылқызы, сынып оқушылары Алдиярдың болашақ спорт жұлдызы екеніне сенеді. Жұлдызың жарқырап, ел мақтанышы бол!

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай

«Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат»-атты

мектепішілік іс-шара

2014 жылдың желтоқсанның 12 күні Астана қаласы №45 орта мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат»-атты мектепішілік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты:

Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру; Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ батырларының ерлігімен таныстыру; тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен құрбан болғандарын оқушыларға жете ұғындыру.

Тәуелсіздік-мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін білу үшін тарихқа көз жүгіртті. Тарихи-әдеби қойылым сахналанған театрландырылған көрінісімен ашылды. Қазақтың кұрсағы қашанда қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахынасына әкелді. Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктірген тәуекелге бел буған Абылай ханның ерлігі, әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақыл-кеңестері халыққа тастаған ұраның, ержүрек батырлардың ролін оқушылар шынайы сомдап көрсетті. Интереактивті тақтадан Желтоқсан оқиғасы туралы видеролик және терең ойға шомылдырар слайдтар көрсетіліп отырды.

Мектеп оқушылары мен ұстаздар ұжымының назарына Тәуелсіздік шежіресінен сыр шертер көріністерден кейін патриоттық әндер ұсынылды. Ұйымдастырушылар тарих пәнінің мұғалімдері С.М. Рсмаганбетова, А.Х. Искакова оқушыларға Ұлы қазақ ұрпағының ұланы екенін мақтаныш сезімімен жеткізе білуге, тарих сахнасында мәңігілік орын алар ел басынан өткен қасіретті шебер суреттеуге, азаттықтың оңай келмес ауыр жүгін таныстыруға асқан шеберлігін көрсетті.

Шараға арнайы шақырылған Білім Басқармасының әдіскері Ахметжанова Гүлнәр Габдушқызы «Сандаған ғасырлар бойы бабаларымыздың асыл арманы орындалған Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Бүгінгі іс-шарада жалындаған, патриот оқушыларды көріп риза болып отырмын. Сендердей жүрегі ел, Отан деп соққан балаларымыз барда еліміз дамып, қарыштай беретініне сенемін. Келешек сендердің қолдарыңда! Егеменді еліміз жасай берсін!» деген жүрек жарды лебізін білдірді.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай! деген ізгі тілекпен Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінімен аяқтады. Іс-шараның өте әсерлі өткенін көрермендер жанарынан анық көріне білді.

Мектеп директоры: Кишибаев Б.К.

Желтоқсан айында Республикалық «KIO» қашықтық олимпиадасына тарих пәнінен 37 оқушы, қазақ тілі пәнінен 78 оқушы, география пәнінен 8 оқушы қатыстырылып, сертификаттарға ие болды.

Біз әлбетте білімді, талапты жастарымызды жариялаймыз!
11 сынып оқушысы Абдикаримова Маншук «қолданбалы математика» секциясында «Один из эффективных способов перевозки шарообразных предметов» тақырыбымен І орынды иеленді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны