Меню KDT

Новости

Главная Новости

25.12.2014

Құттықтаймыз!!!!

«Жас филолог» сырттай байқауы сынақтарының нәтижесі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акирапбаев Нұрбол Болатбекұлы ІІ дәрежелі дипломмен, ағылшын тілі пәні мұғалімдері Исмаилова Сандуғаш, Ибрагимова Шахноза және Мамбетбаева Алия грамоталармен марапатталды. Еңбектеріңіз білімнің шыңында көріне берсін!

25.12.2014

Қала Әкімінің атынан жаңажылдық мереке

Жаңа Оқушылар Сарайында 25 желтоқсанда қала Әкімінің атынан өткен жаңажылдық мерекеде, №19 орта мектеп 7а сынып оқушысы Сапарбек Рамазан және Бейсембин Адиль 7г сынып оқкшысы қатысты.

25.12.2014

Жаңа жыл құтты болсын!

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы "Жаңа жыл-2015" мерекесін өз деңгейінде атап өтті.

25.12.2014

25 желтоқсан күні ІІ тоқсан қорытындысына арналған салтанатты саптүзеу өтті.

Мектеп директоры Жамал Базарқұлқызы оқушыларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жылымызды табысты та берекелі болуын тілек етті.

25.12.2014

«Жол қауіпсіздігі» мектеп олимпиадасының 1 турдың қорытындысы

Қазақстандағы «Шелл» концерні мен ҚР ІІМ АПК бірлесіп ұйымдастырған «Балалық шақтың қауіпсіз жолдары» жобасы аясындағы «Жол қауіпсіздігі» мектеп олимпиадасының 1 туры аяқталды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 6 сынып оқушылары Икромзада Абубакр, Тимошенкова Анастасия және Русланұлы Әкежан ІІ турға өтті. Құттықтаймыз!!!

25.12.2014

Жас филолог Толқынды жеңісімен құттықтаймыз!

Астана қаласының  білім беру ұйымдарының арасында  «Жас филолог» байқауы  өтті

25.12.2014

Құрметті ата-аналар, әріптестер және қымбатты оқушылар!

Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар жыл болсын. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

25.12.2014

"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы" атты қалалық шығармашылық байқауы

«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты қалалық шығармашылық байқауына қатысып,  7 сынып оқушылары  Садық Нұрсұлтан «Автокөлік» номинациясында – ІІІ орын, «Әскери ұшақ» номинациясы бойынша   Советбек Алинур – ІІІ орын,

24.12.2014

Аурудың алдын-алу

Аурудың алдын-алу

Тұмаудың алдын алу шаралары бойынша дәрігерлер ерте қамданып, алдын алу шараларына кірісіп те кетті. Бірақ, ауруханаларда дәл осы уақытта балалар арасында тағы бір қауіпті дерттің белең алатыны белгілі. Жедел респираторлық ауру ОРЗ белгілері тұмауға ұқсас. Бұл маусымдық қауіпті дерттің алдын алу шаралары ата аналардың өз қолында. Күздің қара суығын елеп ескермеген ересектер де төсек тартып қалатыны жасырын емес. Ал, балалар үшін оның қауіптілігі аталмыш ауру да тез тарайтын жұқпалы дертке жатады. Вирус адам ағзасын бірден әлсіретіп жібере алады.

Адам өз бойындағы барлық қабілеттерді игеріп, аурудың алдын алуға қауқарлы. Бұл дәрігерлердің ұсынысы. Ақ халаттылар барлық адам ағзасында кез келген ауруға қарсы тұра алатын «антивурус» барлығын айтады. Ең бастысы аурудың алдын алуға әрекет ету. Иммунитетті көтеру үшін алдымен адам өз ағзасын артық заттардан үнемі тазартып отыру керек. Бұл алдымен жеке бас тазалығын сақтау болып табылады. Содан кейін жақсы тамақтану, жаттығу жасау, көп жүру және денені салқын ауа райына үйрету болып табылады. Сондай ақ, соңғы кездері мамандар аурудың алдын алу үшін ет, балық сияқты тағамдардан бас тартуды да ұсынып жүр. Иммунитетті түсіретін тағамдарды көп пайдалану да ағзаның жұмысын нашарлатады.

Тыныс жолдарының ауруы

Аурудың алғашқы белгі-лері біліне бастағанда кәдімгі пияздың иісімен де емделуге болады. Ол үшін ұсақтап туралған пиязды шыны ыдысқа салып, оны иіскеу арқылы да ауруды аластатуға болады екен. Мұны күніне үш - төрт рет қайталауға болады. Фитонцид деп аталатын қышқыл жұқпалы дерттің ви-рустарын бірден жойып жіберуге ықпал етеді.

Алғашқы күні жедел респераторлық тыныс ауруларының адамды алқымнан алып, мазасын қашыратыны анық. Бұл күні өзіңізге демалыс жариялаңыз. Тіпті, науқасқа теледидар көрудің өзі аса ауыр салмақ болады. Мұрын қуыстарының бітеле бастағанын байқасаңыз, үш төрт тамшы алоэ сығындысын тамызуға болады. Бірден жедел әсер ететін антибиотик пен сироптарға жүгірудің қажеті жоқ. Ал, дене қызуы көтерілгеннен қорқудың да қажеті жоқ. Мамандар 38 градусқа дейін қызуы көтерілген науқастарға уақытша тамақ ішуден бас тартуға кеңес береді. Дене қызуы күрт көтеріліп кеткен науқас ашығу арқылы да аурудың бетін қайтара алады екен. Ол үшін тіпті екі күнге дейін тамақ іш-пеуге тура келеді. Алдымен бұл кезде адам ағзасы артық заттардан әбден тазарады. Тамақ ішпеу деген тәулік бойы нәр татпау деген сөз емес. Дегенмен, артық тамақтанудың салдарынан ас ауырған адамның бойына дарымайды деген қағиданы есте ұстаған абзал.Соның кесірінен де науқас бірден әлсіреп кетуі мүмкін. Ашығу кезінде қайнаған суға лимон қосып осы сұйықтықты тәулігіне бірнеше рет ішіп отырған абзал. Егер дене қызуы 37 градустан сәл ғана асып тұрған болса мұндай кезде ет, балық, жұмыртқа сияқты ауыр тағамдардан бас тарту керек. Қара қарақат мұндайда ауырған адамға теңдесі жоқ дәрумен. Дене қызуының бірден көтеріліп кетуінен қорқудың қажеті аз. Өйткені адам бойындағы қызу ауруды жоюға бағытталған күш.

Вирустық ауруларды антибиотик жеңе алмайды

Әрине, алқымнан алған ауруды оңай жеңу жолдарының бірі антибиотик қабылдау. Ал, қазір дәрігерлер сол дәрі түйірлерінің кері әсерінің көп екендігін дәлелдеп бағуда. Мысалы, антибиотик адам ағзасындағы ішек бактерияларын жойып жібереді екен. Сондықтан бірден дәріге жүгіруге болмайды. Көпшілік дене қызуы көтерілген кезде әсері мықты дәрілер қабылдаған дұрыс деп шешеді. Қазіргі заманғы медицина оны теріске шығаруда. Салқын тиіп ауырған науқас дәрігердің бақылауында болып, оның тұмау еместігіне көз жеткізген соң өздігінен де емделуге мүмкіндік бар. Тіпті, бүгінде дәрігерлер ағза қызуы 39 градусқа жетпей әсерлі дәрілер ішуге кеңес бермейді. Жарнамадағы дәрі түйірлерінің тек ақша үшін көрсетілетінін естен шығармаған абзал. Егер, дене қызуыңыз көтеріліп, әлсіреп кеткеніңізді бай-қасаңыз, ваннаға дейін жететін қауқарыңыз болса, төрт бес минут жылы душ қабылдауға да болады. Мұндайда адамның бойы сергіп, күш қуат жинайды. Содан кейін жылы орамалға оранып он минуттай демалып алыңыз. Тіпті, мұндай жылы душты күніне үш төрт рет қабылдауға да болады. Бірақ, су құйынудың уақытын ұзартып алмау қажет.Бұл да иммунитетті көтерудің табиғи және ең пайдалы түрі. Бойды сергітіп алған соң, халық еміне жүгініңіз. Бал қосылған жылы шәй ішіп терлеуге де болады. Қазіргі кезде дәріханаларда әртүрлі пайдалы шөптердің орнын алмастыратын капсулар да бар. Олар шөптен жасалғандықтан, ағзаға ешқандай кері әсері болмайды. Мысалы БАД: Капсула құрамында цинктен бастап көптеген пайдалы дәрумендер бар. Бұл құрал бір жағынан аурудың алдын алуға да септігін тигізеді. Екіншіден аурудың алғаш-қы белгілері біліне бастаған күндері пайдасы көп. Және шөптен жасалған құралдың бағасы да онша қымбат емес. Толық емделіп кету үшін күніне жеті сегіз капсулаға дейін ішуге болады.

Бірден дәріге жүгірудің қажеті жоқ

Бүгінгі күні балалар арасында тамақ ауруларының көптеген түрі кездеседі. Олар бронхиттен бас-тап, ларингит, трахеит, тонзилит т.б. Асқынған аурулар жедел тыныс жолдары ауруларына ұласады. Аурудың вирусы асқынып кетсе, адамның басқа ағзаларын зақымдайды. Ал бүгінгі күні аталмыш ауруларды да антибиотиктердің көмегінсіз емдеуге болатынын дәрігерлер де мойындай бастаған сияқты. Мұнда да халық еміне жүгінуге болады. Ол сұйықтықты көп ішу, тамақты тұзды сумен шаю т.б. Дегенмен өз бе-тінше ем қабылдаудың да қауіпті тұстары бар. Сондықтан салқын тиіп ауырған адам үшін зиянды заттарды да жазып отырмыз. Мысалы, дене қызуы 38 градусқа жетпесе, қызуды түсіруге ұмтылудың қажеті жоқ. Бірақ, кейбір кішкентай нәрестелердің мұндай қызуды көтере алмайтынын да ескерген абзал. Ол үшін әрине, тағы да міндетті түрде дәрігердің кеңесіне құлақ түрген дұрыс. Ал, артық дәрі, дәрмек беру ең алдымен кішкентай сәбилер үшін аса қауіпті. Дәрігердің ұсынысынсыз берілген дәрілер баланың бауырын зақымдауы әбден мүмкін. Және бір жасқа толмаған баланы ыстығы көтерілген сәтте әртүрлі майлармен сылауға да болмайды. Негізі ересектерге тамағына иод жағудың қауіпті екендігін де көбіміз біле бермейміз. Ал, баспасы бар адамдар көбіне тамағын қыздыр-ғанды ұнатады. Ауру уақытша тынышталған сияқты болады. Бірақ, керісінше ауруды асқындырып алатынын көпшілік біле бермейді. Сарымсақ кез келген жұқпалы дертке шипа. Балалы үйдің дастарханында сарымсақ міндетті түрде тұруы керек. Әсіресе, күз көктем айларында, бала бақшаға мектепке баратын балалар үшін аурудың алдын алуға оның көмегі көп. Тыныс жолдары аурулары да негізінен жедел тарайтын жұқпалы аурулар қатарына жатқызылады. Тіпті, ғалымдар кәдімгі сарымсақтың өзі аурудың алдын алуға арналған басты дәрілік құрал екендігін дәлелдеумен келеді. Сарымсақтан моншақ жасап та балаларды жұқпалы дерттен сақтауға әбден болады.

24.12.2014

Құттықтаймыз!

Қалалық ғылыми  жоба сайысында жетістікке жеткен және қатысқан оқушылар мен ғылыми жетекшілерге алғыс айтамыз! Әлі де алар асуларыңыз көп болсын!

24.12.2014

Құттықтаймыз!

Аудандық пән олимпиадасында білімімен мектеп намысын қорғаған оқушылар мен ұстаздарға айтар алғысымыз шексіз. Биіктен биікке самғай беріңіздер!

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны