Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. — Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

Мектебімізде «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша мектепішілік ауызша командалық олимпиада жоғары деңгейде өтті. Мектепішілік олимпиадаға эксперимент бойынша жұмыс істейтін 12 команда - 1 А», 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 1 «В», 1 «Г», 1 «Ғ», 1 «Д», 4 «Б», 4 «Б», 5 «А», 5 «А» сыныптары қатысты. Әр сыныптан 7 оқушыдан қатысып, команданың аты, ұраны, топ басшысы, жетекшісі болды. Комиссия қорытындысы бойынша 12 команданың 10 командасы қалалық ауызша олимпиадаға жолдама алды.

19 наурыз күні мектебімізде халқымыздың жаңа жылы, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі тойланды.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар сіздерді қазақтың дәстүрлі төл мерекесі, Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

"Наурыз – 2015" мейрамы құтты болсын!

№53 мектеп-лицейінде 18 наурыз күні 5 және 6 сынып оқушыларыарасында "Ұлыстың Ұлы" күні Наурызмерекесіне орай ұлттардың ұлттық ойындар сайысы өткізілді.Дене шынықтыру пән мұғалімдері 5 және 6 сыныптар арасында тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, аударыспақ, қазақша күрес, ұлттық тағамдар бойынша сайыстар өткізді. 6-шы сыныптар арасында 1-ші орынды 6"Е" сыныбы, 2-ші орын 6"Д" және 3 орын 6"Г" сыныптарына берілді. 5-ші сыныптар арасында 1-ші орын 5"Ә" сыныбы, 2-ші орын 5"Ж" және 3-ші орын 5"Б" сыныптарына берілді.

19 наурыз күні мектептің бастауыш сыныптары арасында Наурыз – 2015 мерекесі кең көлемді аталып өтті.

Мектепішілік іс-шара бағдарламасы

Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында 17-18 наурыз күндері Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-Думан» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында 7-10 сынып оқушылары мектептің бірінші қабатында ән салып, би билеп, дастарқан жайып, мектепке келген оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді Наурыз мерекесімен құттықтады. Мектептің екінші қабатында бастауыш сынып оқушылары өздерінің қолдан жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, сыныптарында ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен наурыз мерекесін өткізді. Мереке барысында ойнатылған ұлттық ойындар мен «Қаражорға» биі оқушыларды ерекше қызықтырды. Балаларының өнеріне тәнті болған ата-аналардың ризашылығында шек болмады. Мектеп ұжымын, ата-аналарды, оқушыларды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз құтты болсын,

Дендеріңіз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытқа кенелсін,

Еліміздің несібесі көп болсын!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны