Астана қаласының мешітінің бас имамы Мұқатай Ермек бүгін бізде қонақта болды.  Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Бас имам балаларға имандылық тәрбиесі жайында баяндама оқып, пікірталасты.

8,10 сәуірде №3 мектеп-гимназиясының 10в сынып оқушысы Досмагамбет Мерей Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс туы желбіре!» атты қалалық авторлық әскери-париоттық әндер байқауына қатысып, 3 орын иеленді. Құттықтаймыз!

2015 жылы 10- сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің Тарих факультетінде Евразиялық зерттеулер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ мемлекеттілігі және « Мәңгілік ел» идеясы» тақырыбында дәстүрлі «Гумилев олимпиадасы» өтті.

№65 мектеп гимназиясында «Табиғатты аялайық» тақырыбында сенбілік өткізілді.
№3 мектеп – гимназиясында француз тілі пәні бойынша «Менің дербес жобам» деп аталған қалалық байқауы өтті.

М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған «Астана балалары бейнелейді» атты Х қалалық компьютерде сурет салу көрме – байқауында 7 сынып оқушысы Шакирхан Айсулу ІІ орынға ие болды.

Жетекшісі: Анарбаева Айнур Султановна

8 сәуірде №3 мектеп-гимназиясының кітапханасында қалалық француз тілінде жоба қорғау байқауы өткізілді. №3 мектеп-гимназиясының 8 б сынып оқушысы Салыкова Эльмира өзі жасаған жобасы үшін 1 орын иеленді.
2015 жылы 8 сәуірде М.Утемисов атындағы Оқушылар сарайында жыл сайын өтетін «Весенние дни добра» атты патриоттық акция өткізілді. Акцияға №3 мектеп-гимназиясының 8В сынып оқушылары қатысты.

6-7 сыныптар арасында физика – информатика пәні бойынша топтық сайыс өтті.

Сайыс 3 бөлімнен тұрды.

І орынды – Эврика тобы,

ІІ орынды – Призма тобы,

ІІІ орынды – Анимация тобы иеленсе, Алгоритм тобы мақтау қағазымен марапатталды.

2015 жылдың 14 күні сағат 12:00-де «Нұр Астана» мешітінің ұстазы, теолог Қонысбек Манарбекұлы мектеп оқушыларына «Көркем мінез - мұсылманның көркі» атты тақырыпта әңгіме жүргізді.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты оқушылардың патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында география пәні мұғалімі Ерғалиева Нағима Уткелбаевнаның жетекшілігімен 5ә сынып оқушылары қалалық жаяу жүру экскурсиясын жүргізді. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларының ескерткіштерін жаяу аралады.
7 сәуірде М.Утемисов атындағы Оқушылар сарайында Жеңістің 70 жылдығына арналған «Астана балалары сурет салады» атты компьютерлік суреттер көрмесі өткізілді. №3 мектеп-гимназиясының 6в сынып оқушысы Береза Милана қатысқаны үшін диплом иеленді. Жетекшісі: Козина О.В.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны