Меню KDT

Новости

Главная Новости

13.05.2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт

2015 жылы 6 мамыр күні Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған «Во имя павших, во имя живых» атты мерекелік концерті өтті. Мерекелік іс-шара бағдарламасында мектеп оқушыларының орындауында соғыс жылдарындағы сүйікті әндер еске алынды және театрландырылған көріністер көрсетілді. Олардың орындауында «День Победы», «Әлия», «Катюша», «Көк орамал» әндері шырқалады... Бұл мәңгілік әндердің әуенімен соғыс ұмытылып, махаббат еске түскен. Себебі осы әндер оларға жеңіске жетуге рух берген.

12.05.2015

Әскери қолданбалы спорт түрлерінен қалалық ақтық сайыс

29.04.2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен ҚР Қарулы күштерінің 23 жылдығына орай №39 орта мектебі негізінде Астана қаласының колледждері мен жалпы орта білім беретін мектептер арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен қалалық ақтық сайыс өтті. №3 мектеп-гимназиясының оқушылары: 11а сыныбы Абдрахман Олжас, 10в сыныбы Зейнелгаби Адиль Сарыарқа ауданы мектептерінің құрамасында белсенділік танытты. Сайыс қорытындысы бойынша Абдрахман Олжас, 11а сыныбы, Зейнелгаби Адиль 10в сыныбы, Сарыарқа ауданы құрамасында І орын иеленді. 10в сынып оқушысы Зейнелгаби Адиль «Жалпы әскери қорғаныш жинақтамасын кию» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Камышев Г.К.

12.05.2015

«Отанды қорғау- Жас ұланға өсиет!»

06.05. 2015 жылы №3 мектеп-гимназиясының оқушылары Алтай Абай, Асылбек Нұрсұлтан, Зейнелгаби Адиль, Тастыров Дамир, Ануарбеков Алишер, Ахметов Расулбек «Отан қорғаушылар» алаңында ҚР Қарулы күштерінің 23 жылдығына арналған әскерге шақырылатын жастар арасында өткізілген «Отанды қорғау- Жас ұланға өсиет!» атты қалалық байқауға қатысты.

12.05.2015

5-6-7 сыныптар арасында сапта тұрып ән айту байқауы

5 мамырда №3 мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен ҚР Қарулы күштерінің 23 жылдығына орай 5-6-7 сыныптар арасында сапта тұрып ән айту байқауы өткізілді. Қорытынды бойынша, 5 сыныптар арасында І орын – 5 б, ІІ орын – 5в, ІІІ орын -5д, 6 сыныптар арасында І орын – 6 в, ІІ орын – 6 ә, ІІІ орын – 6г, 7 сыныптар арасында І орын – 7 ә, ІІ орын – 7 д, ІІІ орын -7б.

12.05.2015

«Соғыс туралы әндер»

Ұлы жеңістің 70-жылдығына орай өткізілген

«Соғыс туралы әндер» мектепішілік сайысында

1-орынды 2 «А» сыныбы иеленді

Сынып жетекшісі : Рахимжанова А.М.

12.05.2015

Джиу-Джитсу

Астана қаласы №29 орта мектебінің 2 «А» сынып оқушысы

Канапин Әділ Қазақстан Республикасы Джиу-Джитсу Федерациясының Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген

ІІ Республикалық ашық турнирге қатысып, 23 кг салмақта

1 орынды қанжығасына салып келді

12.05.2015

Білім беру қызметкерлерінің көркем өнерпаздар шығармашылығының гала-концерті

05.05.2015 жылы №3 мектеп-гимназиясының оқытушылары Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған білім беру қызметкерлерінің көркем өнерпаздар шығармашылық гала-концертіне қатысты.

12.05.2015

Мектебіміздің оқушылары ардагерлермен және тыл қызметкерлерімен кездесу өткізді

«Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар...»
«Ауылыңда қарт болса, жазулы тұрған хатпен тең», дегендей арамызда жүрген ардагерлеріміздің ұрпаққа айтар өсиеті жанға азық, өмірімізге темірқазық бола алады. Туған елді, Отанды сүюге, оған қорған болуға ғұмырын сарп еткен қарттарға қандай құрмет көрсетілсе де, артықтық етпейді.

12.05.2015

Абай оқулары

Астана қаласы жалпы білім беретін оқу орындарының оқу тілі орыс тілінде жүретін оқушылар арасында қалалық Абай оқулары байқауы өтті. Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені - білген адамға айқын шындық. Биылғы Абайдың 170 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген қалалық Абай, Шәкәрім оқулары байқауы №53 мектеп-лицейінде өткізілді. Бұл іс шараның мақсаты: Оқушылардың Абай өлеңдеріне деген қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл-қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп танытып отырады. Құшағын кең жайған дарқан қазағым десеңші…! Бүгін міне елімізде тұратын қаншама өзге ұлт өкілдері де осындай іс-шараларға өз үлестерін қосуда. Қалалық іс-шараға №53 мектеп-лицейінің оқушылары белсенділік танытып іс-шараны бастап берді 9«В сынып оқушысы» Қазыбеков Гафуржан Абай рөліндегі оқушы және 9 сынып оқушысы Молдабекова Айдана «Сегіз аяқ» әнімен келген қонақтарды өз өнерлерімен таң қалдырды. Байқауға қатысқан оқушылар «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай шығармаларын, қара сөздерін жатқа оқу, «Көңілім әнді ұғады» - Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы және «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» - Жас дарындар байқауы номинациялары бойынша байқауға қатысты.

11.05.2015

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

№48 мектеп-лицейінің ұжымы - Ұлы Жеңістің 70-жылдығына, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған білім беру қызметкерлерінің көркемөнерпаздар байқауында жүлделі ІІ орынды және халық шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталады.

11.05.2015

Жеңістің 70 жылдығына арналған концерт

8 мамыр күні N 3 мектеп-гимназиясының 5-11 сыныптары үшін Жеңістің 70 жылдығына арналған концерт өткізілді. 8 а сынып оқушылары әскери әнге көрініс көрсетті. Мектепшілік би ансамблі "Тырналар" биімен баршаны баурап алды. Оқушылар назарына қазақстандық батырлар жайлы бейне сюжет үзінділері көрсетілді. Мерекелік концертті ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. 8 а және 8 г сынып жетекшілері мен оқушыларына. Қаза болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

11.05.2015

«Әрқашан күн сөнбесін!»

Бұл күндері барлық шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр.  Соның бірі Жеңіс мерекесінің қарсаңында №65 мектеп-гимназисында
5-сыныптар арасында «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік шара өтті. Оқушылар қолдарына «Біз ешкімге тимейміз, Тигенге бас имейміз!», «Бәрі де Жеңіс ұшін!», «Қазақ елі мәңгі жасасын!» т б ұрандар ұстап сап түзеді.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны