19 маусым күні N 3 мектеп-гимназиясындағы мектеп лагерінде "Қорқақ қоян" қойылымы болды.

2015 жылдың 1-12 маусымы аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны шеңберінде бала еңбегінің ең нашар түріне жол бермеу және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын мақсатытында төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.
1. Мектептің І-қабатында тегін ұлттық сенім телефоны – 150 желісі, балалардың құқық қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, қалалық білім басқармасының сенім телефондары, сайттары туралы, ҚР Білім мен ғылым министрінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының блогтарының мекен-жайлары туралы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының, құқық қорғау органдарының телефондары мен мекен-жайлары жазылған ақпараттық бұрыш әзірленді.
2. 2015 жылы 5 маусым күні мектеп жанындағы «Күншуақ» лагерінің тәрбиеленушілері және тәрбиешілері «Біз бақытты баламыз» ұранымен флешмоб ұйымдастырды.

18 маусым күні N 3 мектеп-гимназиясындағы мектеп лагерінің отрядтары "Ителлект сити" орталығының үйірмелеріне барды.
18 маусым күні N 3 мектеп-гимназиясындағы мектеп лагерінің оқушылары өрт қауіпсіздігі мұражайында болды.

Лагердің 2-маусымының демалушылары Махметова Ә.Ж. басшылығымен ертегілер әлеміне бойлады.
«Балдәурен» тобы- «Шалқан» ертегісін сахналаса,
«Балдырған» тобы- «Теремок»,
«Қарлығаш» тобы- «Қызыл телпек»,
«Болашақ» тобы- «Бай мен Алдар көсе» ертегілерінен қойылымдар көрсетті.

Таза ауада демалғанға не жетсін шіркін! Балалар пони, атқа мініп, арбамен қыдырды.

Лагердің 1-маусымының соңында «Лагерь аруы-2015», «Жігіт сұлтаны-2015» сайысы өтті. Сайысқа әр топтан қатысқан жұптар өнерлерін аянбай көрсетті.Сайысты Машкенова З.Б. үлкен дайындықпен өткізді. Сайыс қорытындысында Родионова Анастасия «Лагерь аруы» атанса, Чекиев Халиф «Жігіт сұлтаны» деп танылды. Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласындағы бақылау бойынша комитеті және Республикалық «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығы бірлесіп 2015 жылдың 18 маусымында Астана қ. «НұрОрда» мектебінің базасында «Білім берудің құндылығы және заманауи оқулық» тақырыбына Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Маусым айының 6 жұлдызы №69 мектеп – гимназиясының «Балауса» жазғы лагерінде «Ең, ең, ең» рекордтар сайысы болып өтті. Іс-шараның мақсаты ең қызықты ақпараттармен балаларды қызықтыра отырып, лагерь балалардың ішінен ең ұзын шашты аруларымызды және ең әдемі қыз, ең әдемі жігіт, ең ұзын адам анықтау.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны