Меню KDT

Новости

Главная Новости

03.07.2015

Толағай отбасылық сайысы

Лагерь тәрбиешілері мен дене шынықтыру мұғалімінің ұйымдастыруымен "Толағай" отбасылық сайысы қызықты өткізілді. Жазғы демалыста ата-аналар да өз балаларымен белсене атсалысты. Спорттық ережені ұстана отырып, әр түрлі ойындарға жақсы қатысты. Қатысушы отбасылар 4 сынып оқушысы Мыңбаева Розалинаның отбасы "Қырандар" тобы,1 сынып Амирзада Нұрайдың отбасы "Сұңқар" тобы, 1 сынып Ғабитұлы Мұхаммедиар отбасы "Тұлпар" тобы болды.

03.07.2015

Астана күні

Астана күні – жалпы ұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді. Қазақ өмір кезеңдерін мүшел жаспен өлшенетін арақатынаспен есептейді. Бұл орайда, биылғы жыл Елорданың алғашқы мүшел жасынан аздап өсті. Дегенмен, жастығына қарамастан Астананың бүгінгі бағындырған биіктері мен жеткен жетістіктері жетерлік. <br /><br /><br />

29.06.2015

3 маусымдағы Хикаялар күні

<p>Лагерьдің алғашқы күні Хикаялар күні деп аталады. Себебі біз бұл күні Азиа парк ойын сауық кешенінде орналасқан кинозалда 3D форматта "Хранитель солнца" атты компьютерлік қойылымдағы  мультфильм тамашалауға бардық. Арнайы автобуспен жүру балалар үшін де , біз үшін де өте ыңғайлы. Директорымыз Казмухамбетова Жанат Талғатқызына алғыс білдіреміз. Балалар мультфильмді жақсы назарында ұстады. Себебі күнделікті теледидарданкөретін мультфильмдердің көп саласы осы компьютер саласынан. </p>

29.06.2015

Конституцияға 20 жыл

29 маусым күні "Жасұлан" жастар қанаты бірлесігінің ұйымдастыруымен Конституцияның 20 жылдығына және тұңғыш президенттің ата заңды қолдаудағы роліне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу бойынша жалпы ұлттық форумы өткізілді. Біздің мектептен 6-8 сынып оқушылар арасынан 20 оқушы қатысты. Жұмабаева көшесімен өткізілген шеру патриоттық сезімді оята білді.

29.06.2015

Мектеп жанындағы «Радуга» лагерінің үшінші ауысымының ашылуы

2015 жылдың 29 маусымында мектеп жанындағы «Радуга» лагерінің соңғы үшінші ауысымы ашылды

28.06.2015

Күншуақты жаз сауықтыру лагерінің 3 маусымы басталды

Сауықтыру лагері 3 маусымы өз жұмысын бастап кетті.Балалар мектеп алаңында өз топтарын таныстырып, ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Әр шарға өз тілектерін жазып ұшырған балалар арман мақсаттарына жетуді армандайды.  Лагердің әр күнін қызықты өткізу балаларға жақсы көңіл күй сыйлайтыны анық.

28.06.2015

Құттықтаймыз!!!

Астана қаласы әкімдігінің "Шығыс" балалар мен жасөспірімдер орталығы "Дидарлы жаз-2015" спорттық-ойын алаңдарының II маусым қорытындысы бойынша  топтық ойындарда III орынға ие болғаны үшін № 55 орта мектеп командасы марапатталады. Құттықтаймыз!!!

28.06.2015

Диарлы жаз спорттық ойыны "Алау" мұзайдынында

2 маусым  үшін белсене қатысқан балаларына "Алау" мұзайдынына  тегін кіру жолдамасы берілді. Онда балалар коньки теуіп үйренді. Бұл күн балалар үшін көңілді болды. Тек қыс мезгілінде тебітін коньки жазғы ыстықта  шаттыққа толы болды. Балалардың 3 маусымға сұраныстары да арта түсті. Дидарлы жаз-2015 балаларға жарқын көңіл күй сыйлай білді. Себебі әр күні әр мектепке барып ойнау әрі жаңа достар табумен толықтырды.

28.06.2015

Дидарлы жаз 2015

"Дидарлы жаз -2015" 5-7 сыныптар бойынша сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда. Жетекшісі Ауезбаев Мереке балаларды  күнделікті жарыстарға дайындауда. №14 мектеп жанындағы алаңда волейбол жарысына барып қайтты. Жарысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты Ойын ережесімен таныс болған балалар өз ойындарын жалғастырды. Ойын соңы 9-8 есебімен жеңіске жетті.  

28.06.2015

Күншуақты жаз демалысының 2 маусымы аяқталды

2 маусым қызықты 10 күндігі өз мәресіне жетті. Лагерь тәрбиешілері бұл жолы да балалармен әр күнді бір-біріне ұқсамайтындай өткізе білді. Әр күн өз қызығымен ерекшеленді. Бассейн, Астаналық саябақ, Аружан ойын-сауық кешені, Лагерь аруы-2015, Азиапарк кешені,Сарыарқа кинозалы, Алаңдағы ойындар күнде толассыз өткен ойындар бала көңілінен шыға білді. 

28.06.2015

Алатау спорт кешеніне саяхат

Оқушылардың асыға күткен Алатау спорт кешеніне орналасқан бассейнге шомылу кезегі келіп жетті. Бассейнге жүзе білмесе де шомылудың өзі аптап ыстық күндері көңіл толтырады. Тәрбиешілер суда шомылу ережесін ескерте отырып балаларға көмек беріп отырды.

28.06.2015

Астаналық саябақта серуендеу

Астаналық саябақ балалар үшін керемет жер болып табылады. Себебі балаларға арналған ойын түрлері мен су бетінде жүзген аққулар мен қаздар жақсы көңіл күй сыйлайды. Балалардың сұранысы бойынша осы саябаққа келуді ұйғардық. Балалар саябаққа келген бойда әсем су бұрқақтарды тамашалап, су шашып ойнай бастады. 


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны