Мектебімізге "Достық" емханасы бас дәрігері орынбасары Дулатбаев Көбеген Набиұлы және салауатты өмір салты бойынша дәрігер Айдабулова Арайлым Мұратқызы 8-11 сынып ата-аналар жиналысын өткізіп "Қызылшаға қарсы екпе және қызылша ауруы түрлері" атты баяндама оқып, ауру түрлерімен таныстырды. Қоғамда орын алып отырған осы ауру түрлерінің көбеюі салдарынан оны емдеу түрлерін таныстырып, анкета алды. Ата-аналар қойған сұрақтарына толық мәлімет алды.

Еңбек адам өмірінің мәні болып қала бермек. Жер бетінде жақсылық атты ұғым барда шынайы бақыт, еңбек бақыты да қоғамның бір құндылығы ретінде сақталатыны анық. Жұмыртқадан жүн қырыққандардың жолы болған заманда ауадан ақша жасап, еңбексіз-ақ табысқа жетуге әркім құштар. Алайда, материалдық өндіріс ой өндірісінен кемшін түсіп, тиісті үндестік бұзылған қоғам қалайда дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 22 қарашасында арнаулы Жарлыққа қол қойып, Еңбек күнін жариялаған. Бұл мереке жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін болып бекітілген еді.
Мектебімізде "Еңбек күні" қарсаңына 5-6 сынып оқушыларымен сенбілік өткізілді. Ашылу салтанатын арнайы флешмоб биімен басталды. Сенбілікке оқушылар ағаш түптерін тазалап мектеп маңайын жиыстырды.
18.09.15ж. - №79 мектеп-лицейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар болып өтті.
Сынып жетекшілері 5-11 сыныптарда «Қазақ хандығының 550жылдығы» атты сынып сағаттарын, А.Б. Рыспаева 1 «Б» сыныбында «Қазақ хандарын білейік» танымдық сабағын, осы тақырыпта А.А. Саликова 2 «А» сыныбында сұхбат сабақ және 3 «А» сыныбында «Тарихы терең қазақ елі» тақырыбында Ж.Х. Дүйсекова ашық сабақ өткізді. Осы сабақтардың мақсаты: қазақ халқының тарихы тереңде екендігін ұғындыру, қазақ хандарымен таныстыру, сонымен қатар оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.
Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты ұстаздарымыз қазақ елінің тарихынан сыр шертіп,қазақ елін біріктірген Керей мен Жәнібектің, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезінде қилы болған қазақ елінің өмірімен таныстырды. Патриоттық әндер айтылып, би биленді.

18 қыркүйек күні 6 сыныптар арасында «Отбасы күні» мерекесіне орай спорттық жарыс өткізілді.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шараға жанұялық «Барыс», «Жүйріктер», «Сильная семья», «Динамит», «Сұңқар»командалары қатыстырылды. Сайыс 8 кезеңнен құралған.Барлық командалар «Баскетбол добын кедергілердің арасымен жүргізіп өту», «Футбол добын аяқпенкедергілердің арасымен жүргізіп өту», «Волейболдобын екі аяқтың ортасына салып секіріп жүгіру», «Гимнастикалық таяқшадан секіру», «Баскетбол торына кезекпен допты түсіру», «Арқан тарту», «Қаппен секіру», «Фейерверк» кезеңдері бойынша сынға түсті. Ең үздік өнер көрсеткен командаларға әділ қазылар тарапынан әділ баға беріліпжүлделі І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.І орын – «Сильная семья» командасы; ІІ орын – «Сұңқар» командасы;ІІ орын -«Жүйріктер» командасы; ІІІ орын –«Динамит» командасы; ІІІ орын - «Барыс» командасы.

2015 – 2016 оқу жылы 18 қыркүйек күні мектебіміздің 3 – 4 сынып оқушыларына арналған кездесу болып өтті. Кездесуге страший инспектор Группа по делам несовершеннолетних Линейного управления внутренних дел по станции Астана капитан полиции Крымкожин Б. М., старший лейтенант полиции Кұрманғазыұлы Арман қатысты. Негізгі тақырып темір жол бойындағы оқушылардың өмір қауіпсіздігі, ереже сақтаулары туралы болды.

Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектепте 18 қыркүйекте Абай атамыздың 170 жылдық мерей тойына арналған 5-6 қазақ сыныптары арасында «Абай-дана , Абай-дара» атты әдеби кеші өтті.

№53 мектеп-лицейінде 15-ші қыркүйек күні Абай Құнанбайұлының 170 жыл толуына орай «Абай дана, Абай дара қазақта» атты 5-11-сынып оқушыларының арасында «Абай» оқулары өтті. Байқаудың мақсаты: Талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту. Абай оқуы ІІІ номинация бойынша өтілді. Бірінші номинация: «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы»  Абай шығармаларын жатқа айту сайысы. Бұл номинация бойынша 18 оқушы қатысты. Екінші номинация: «Ұйықтап жатқан көңілді ән оятар» Абайдың әндерін орындаушылардың сайысы. Бұл номинацияға 23 оқушы қатысты. Үшінші номинация: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» жас дарындар сайысы. Бұл номинацияға 22 оқушы қатысты. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты номинацияның бас жүлдесін 11«А» сынып оқушысыКеңесқалиева Назым иеленді.

Таяуда мектебімізде тілдер айлығының аясында «Тіл тағдыры – Ел тағдыры» деген тақырыпта мерекелік кеш өтті. Салтанатты шараға филология ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы мұражайдың аға ғылыми қызметкері Құрманғалиев Ілияс Рысбекұлы қатысты.

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары арасында өткізілетін ХVI Республикалық Абай оқулары өтті.

Халқымыздың үш бірдей даналарын өмірге әкелген Абай елі республиканың әр өңірінен келген ұстаздар мен оқушыларды құрметпен қарсы алды.

Мектебімізде «Өмірлік жолда-спорттық адыммен» атты денешынықтыру онкүндігінің ашылуы және денсаулық күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс –шараға мектеп оқушылары,сынып жетекшілер және пән мұғалімдері ат салысты.

Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте 2015ж. 17 қыркүйек айында 8 сынып оқушылары арасында «Отбасы - тірегі тіл» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны