Мереке қарсаңында мектеп оқушылары ұстаздарға "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік іс - шара ұйымдастырды. Ұстаздарды құттықтауға былтырғы бітіріп кетккен түлектер де ақ тілектерін білдірді. "Нағыз қазақтар" КВН командасы өз қоржынындағы әзілдермен бір қуантты. Бұл күні "Ұстазым", "Мектебім" сынды әндер орындалып ұстаз жүрегінен орын таба білді. Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана қаласы № 55 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дәмелі Бимағамбетқызының 55 жасқа толуына орай "Өмірім - өлеңім" атты шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Ұстаз осы жылы 55 жас мерейтойын тойлап жатыр. Оны құттықтау үшін кешке арнайы достары, жақындары , педагогикалық салада бірге істеп келе жатқан әріптестері және шәкірттері келіп ізгі ниет-тілектерін білдірді.Дәмелі Бимағамбетқызының өлеңдерін оқу үшін алыста жүрген шәкірттері келді. Сонымен қатар мерейтой иесіне жіберілген құттықтау жеделхаттары оқылды. Кешті қазақ тілі маманы Ақжан Марденқызы жүргізді.Жиналған жұртшылық рухани азықпен сусындап, мерекелік кештен риза болып тарқасты.
1 қазан күні № 55 орта мектепте  "Қарттарым - асыл қазынам" атты «Қарттар күні» мерекесі тойланды. Бұл мереке дүниежүзілік деңгейдегі мейрам саналғалы оны атап өту дәстүрге айналды. Шаштарын ақселеу шалған, шынайы шежіре іспетті аға ұрпақ өкілдерінің мейрамында мектеп директоры Жанат Талғатқызы ардагерлермен кездесіп арнайы сый сияпат ретіндегі шағын сыйлықтарын тарту етті. Үлкендер тілегін білдіре отырып, жылы ілтипатын білдірді. Өткен мен болашақтың алтын көпірі іспетті ата-әжелеріміз кездесу барысында өз тарихи шежірелерінен сыр шертіп берді. Ақылы дария үлкендерімізге құрмет – ұрпақтар сабақтастығының белгісі ғана емес, тәрбиенің де қайнар көзі болып қала бермек.
03.10.15жБілім басқармасы қолдауымен қалалық деңгейде «Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы» эстрадалық вокал байқауынан 8 в сынып оқушысы Рузимуратов Ислам Бас жүлдеге және 6 ә сынып оқушысы Турашева Жасмина 1 орынды, 10 «А» Кадыр Анел, Маканова Дарина, Шабанбай Мадиналар 3 орын алғаны үшін ДИПЛОМмен марапатталды.

«Ұстаздарға мың тағзым!»
03.10.15ж. - №79 мектеп-лицейінің акт залында мектеп оқушылары қарттар күніне және ұстаздарға арнап мерекелік концерт ұйымдастырды. Оқушылар тарапынан қарттарымызға, мұғалімдерге гүлдер табысталып, жылы лебіздер, ақ тілектер айтылды. Мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқан ұстаздарға Астана қаласы Білім басқармасы басшысының және мектеп-лицейіміздің директорының атынан мақтау қағаздары табыс етілді.
Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
03.10.15ж. - №79 мектеп-лицейінде өзін-өзі басқару күні болды. Лицейіміздің жоғарғы сынып шәкірттері ұстаздарын алмастырып, өздерінен төмен сыныптарда сабақ жүргізді. Ұстаздарымен ақылдаса отырып, сабақтарын қызықты етіп өткізуге тырысып бақты. Сабақ жоспарларын құрып, алдын ала бекітіп алған оқушыларымыз сабақ беруде жан салмай, бар қабілеттерін көрсете білді.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
3.10 күні 5 «ә» сыныбында «Ұстаз- ұлы тұлға» деген тақырыпта ашық сынып сағатын өткізді.

3 қазан күні мектебімізде ұстаздар күніне орай 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз-ілім шамшырағы» тақырыбында мерекелік іс шара өтті.Алғаш сөз кезегін алған мектеп басшысы Ахмет Базыл Әлдешұлы мұғалімдер ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап,осы салада жемісті еңбек еткен ұстаздарға алғыс білдіріп,Мақтау қағазын тапсырды.Бұдан кейін оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарына ыстық лебіздерін айтып,әннен шашу шашты.Көрермендер «Үнді» биін билеген бишілердің өнеріне тәнті боды.Сөз кезегін алған мектеп бітіріп кеткен түлектер білім нәрімен сусындатқан ұстаздарының еңбегінің қиындығын еске ала отырып еңбектеріне сәттілік тіледі.Бұл іс шарада ардагер ұстаздар да назардан тыс қалмады.Мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымы мүшелері ардагер ұстаздарға өздерінің сый-сияпаттарын жасап,ыстық лебіздерін әнмен жеткізді.Мерекелік іс шара соңында ұстаздар мен оқушылар «Ұстазым» әнін шырқады.

Қарттар күніне арналған «Құрметтейік қарттарды!» аттық мерекелік концерт өтті.

Таяуда 4 «А» сыныбында «Қарттарым – асыл қазынам» атты қарттар мерекесіне арналған тәрбие сағаты өткізілді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны