Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны», Түрік республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін», Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО- ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері еліміздің танымал ақыны Мұхтар Шаханов №2 мектеп-гимназиясының 20 қазан 2015 ж. күні құрметті қонағы болды.

Ақынмен ілесіп келген сенімді өкілі, «Жалын» журналының директоры Мұхамеджанов Ерғали Сапарғалиұлы, «Жалын» журналының кітап бөлімінің басшысы Ахметова Сауле, сонымен қатар кездесуге қатысқан «Өрлеу» БАО әдіскері Ғалымжанов Баянғали, Білім басқарамасының әдіскері Баяхметова Күнімбала Ізтілеуқызы кештің қадірмен қонақтары болды. Ақын қонақтармен бірге мектепте ұйымдастырған Ғафу Қайырбековтың мұражайына кіріп, «Тілек кітабіне» өз қолтаңбасын қалдырды.

Ұстаздар және оқушылармен бірігіп ұйымдастырылған «Өмірмен үндес асқақ жырлар» атты іс-шара мектептің мәжіліс залында өтті. Ақынды асыға күткен оқушылар мен ұстаздар жылы ықыласпен қарсы алды. Кездесу барысында М.Шаханов өлеңдері мен әндері шырқалып, кеш көңілді өтті. Ақынның өз өмірінен қысқаша айтқан қызықты әңгімелері және жазған туындыларынан үзінділерді отырған қауім бар назарымен тыңдап, өмірі мен шығармашылық еңбегі туралы сұрақтар қойылды.
Ұстаздар мен оқушылар ақынның жаңа туындыларына өз қолымен жазып берген жылы тілектер мен қолтаңбасын алды. Кеш соңында Мұхтар ағаға, ортамызға келіп, бізді жалынды жырларымен рух берген үшін алғыс айтып Жылдарыңызбен жемісті, айларыңыз арайлы, күндеріңіз көңілді. Қазағымыздің бағына ортамызда қажымай – талмай жүре беріңіз!!!

Астана қаласы №73 мектеп-лицейде өткен «Тіл-халықтың қазынасы» атты Тілдер мерекесінің өткізілуі туралы есеп

Қыркүйек айының 14-22 аралығында Қазақстан халқы тілдерінің ХVIІ aясында өткізілетін іс-шаралардың жұмыс жоспары бірлестік мүшелерімен талданып, мектеп әкімшілігінің тарапынан бекітілді.Апталықтың мақсаты ана тіліне деген оқушының сүйіспеншілігін арттыру,өзге тілге құрметпен қарауға үйрету. Әр сынып тіл мерекесіне байланысты қабырға газеттерін шығарып, көрме ұйымдастырды. «Тіл- халықтың жаны» атты тіл туралы шығармалар байқауы өткізілді. Нәтижесінде 8 «Б» сынып оқушылары Наурыз Нұрсұлтан, Орыналы Қарлығаш, Есентурова Аружан деген оқушылардың шығармалары жақсы бағаланды. Пән мұғалімі Сүлейменова Д.Ж. «Ана тілім- асыл қазынам» атты 8«А» сынып оқушыларының іс-шарасы өтті.. Ана тілі туралы айтылған жыраулардың жыры мен ұлт көсемдерінің қанатты сөздерін басты қағида ретінде ұстанып, қазақ тілінің қоғамдық орны мен маңызына назар аударуға шақырды. Елбасымыз Н.Назарбаевтің қанатты қағидаларынан үлгі ретінде ұстанды. Орыс, корей тілдерінде ән айтылып, ұлттық билері биленді. Қазақтың халық күйлерін сынып оқушылары Көшербай Айша мен Абдраимов Темирлан нәшіне келтіре орындады. Жиынның соңы Қазбекқызы Алтынайдың орындауындағы «Сәлем саған,туған ел» әнімен аяқталды

Ең үлгілі дәптерді таңда!

Мектепте қазан айының 19-ы мен 21 аралығында «Ең үлгілі дәптер» атты көрме ұйымдастырылды. Бірінші этапта 19 –шы қазан айына дейін

2-11 сынып аралығындағы оқушылар өздерінің жұмыс дәптерлерін мұғалімдерге тапсырды. Екінші этап байқауына осы дәптерлер арасынан ең жақсы дәптерлерді іріктеп алынды. Екінші этап байқауы бойынша көрме ұйымдастырылды, мектеп оқушылары мен мұғалімдер ең жақсы деген дәптерлерге дауыс берді. Осыған байланысты белгілі жетондар дайындалды дауыс берушілер дәптерлердің санын көрсету арқылы таңдады және дауыс беретін жәшікке салынды.

Осы екі күн ішінде дауыс берушілер үшін мұғалімдер бірлестігі кезекшілік ұйымдастырды. Мектеп оқушылары дауыс беруде белсенділіктерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша дәптерлер 3 номинация арқылы таңдалды.

«Ең үлгілі дәптер 1-4 сынып оқушылары арасындағы» номинациясында келесі түрде таратылды:

1 орын-Сирик Мария (2Г, орыс тілі). 2 орын- Сайлам Алпамыс (3А, матем.) 3-орын Сагиндыкова Карина (4Ж, орыс тілі)

«Ең үлгілі дәптер 5-8 сынып оқушылары арасындағы» номинациясында:

1 орын- Болатбеков Аскар (5Д, орыс тілі), 2 орын- Рахымова Әмина (5Ә, матем). 3 орын- Симоненко Алена (6Д, орыс тілі).

«Ең үлгілі дәптер 9-11 сынып оқушылары арасындағы» номинациясында:

1 орын –Қалдыбаева Әлия (10 «Г», алгебра, физика) 2 орын –Акибаева Камилла (10 «Г», физика) 3 орын- Азенова Альмадина (10 А, алгебра).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Оқушыларға енді кімге тең келуі белгілі! Келесі байқауда енді әркім жеңіске жетуді қалайды!

Директордың ғылыми-әдістемелік меңгерушісі Алибекова Г.З.

2015 жылдың 21 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК-да ашық есік күні болып өтті. Бұл жолғы колледжіміздің қонағы Астана қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілері болды. Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы және «Верь в чудеса» атты қайырымдылық қорының қолдауымен балалар колледжімізге кәсіби бағдар алу мақсатында келген болатын. Қонақтар мен студенттер алдында ҚКХП Астана қалалық бөлімінің атқарушы хатшысы Аубакиров Марат Абдуалиевич, «Верь в чудеса» атты қайырымдылық қорының өкілі Игенбаева Ботагоз Ертаевна, сондай-ақ колледж директорының орынбасары Вильчик Ольга Валентиновна сөз сөйледі.

2015 жылдың 21 қазан айында Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК, 0511000 «Туризм» мамандығы бойынша Астана қаласы «Балалар үйі» КММ тәлімгерлері үшін «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

2015 жылдың 21-ші қазанында «Автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бөлімінің оқытушылары Астана қаласының «Балалар үйі» МКМ-нен келген қонақтарды қарсы алды. Іс-шараның мақсаты: қонақтарды мамандықпен, квалификациясымен таныстыру. ПЦК төрайымы Ю.С.Шуева мамандықтың қыр-сырын, бүгінгі таңда автомеханик мамандығы заман талап ететін, кең тараған мамандықтың бірі екенін айтып өтті. Сіздер басқа елге қоныс аударсаңыздар да, жаңа жұмысқа орналассаңыздар да егер автомеханик мамандығының дипломы болса, сіздерге жұмыс әрдайым табылады.

«Функционалдық сауаттылық: бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Астана қаласы білім басқармасының бастауыш сынып әдіскері Ақмоншақ Нұғман және қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семнардың теориялық бөлімінде филология ғылымының магистірі ҚазОА атқарушы директоры Сапаргул Мирсеитова «Оқуға үйрену: үйрену үшін оқу» тақырыбында тренинг өткізді.

Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған «Лучший учитель русской словесности» атты конкурсынан Қожахметов Қалқаман Доскенұлы І орынды жеңіп алды. Марапаттау рәсімі астанадағы Ресей елшілігінің ғимаратында өтті.

Мектеп директоры Зәуре Жақанқызы 9-11 сынып ер балаларымен жиналыс өткізді. Мектебімізде «Астана-есірткісіз қала» бағдарламасы тұрақты жұмыс істейді, ол «Заңсыз есірткі айналымымен күресу салалық бағдарламасының аймақтық жоспары болып келеді» - деді Зәуре Жақанқызы. Профилактиканың әртүрлі модельдері және жұмыс үлгілері қолданылады. Зауре Жақанқызы есірткі салдары және зияны туралы ақпарат беріп, салауатты өмір салтын насихаттады.
2015 жылғы 10 қазан күні 3-4 сынып оқушылары арасында «Математикалық сайыс» өтті, біздің мектеп оқушылары: 1. Хасенова С. – 3 сынып 2. Шакалов Я. – 4 сынып 3. Михайленко А. – 4 сынып екінші кезеңге өтіп, 17 қазан күні финалда ІІІ жүлделі орынды иеленді, жетекшілері: Ильина Любовь Николаевна и Аракелян Сата Константиновна. ЖАРАЙСЫҢДАР, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

2015 жылдың 20 қазан күні 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімі онкүндігінің салтанатты түрде ашылуы болып өтті. «Халықаралық аспаздар күні» қарсаңында болып өткен мерекелік жиынға оқу ордамыздың барлық оқытушылар құрамы, сондай-ақ білім алушылар мен олардың ата-аналары куә болды. Колледж директорының орынбасары Вильчик Ольга Валентиновна бөлім оқытушылары мен білім алушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны