Қазақ қашаннан да өлең-жырға, әдемі сөзге әуес.

Бастауыш сыныптар онкүндігі

Қарашаның 16-25 аралығында бастауыш сыныптардың онкүндігі өтті. Онкүндік «Жаңаша оқыту-заман талабы» тақырыбында өтті. Тақырыпқа сай қабырға газеті, баннер шығарылып, бекітілген жоспарға сай ашық сабақтар өтілді. Ұстаздар өз сабақтарында қолданып жүрген технологияларын көрсетті. Әсіресе, 4 «А» сынып мұғалімі Досполова Г.А. дүниетану пәнінен «Жер асты сулары. Минералды сулар» тақырыбы бойынша «БиС» технологиясын қолданып өткізген сабағы оқушылардың белсенділігін арттырып, межелі 63 пайызды бағындыруға көмектесті. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер: Курмангалиева Р.Н., Рахимжанова Ә.М., Смагулова Б.Ж., Есен Ұ.С., Мухантаева Ш.С. өткізген сабақтары оқушылардың өз беттерімен ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасады.

2015 жылдың 14 қарашасы күні Есіл ауданының прокуратурасының, Есіл ауданының ІІБ және Ханшатыр ОСО-ның ұйымдастыруымен, жасөспірімдерді тәртіпке тарту, ұрлықпен күрес жайлы айта отырып, «кері байланысты» қалыптастыру мақсатынды мектептің жоғарғы сынып оқушыларына «Ұрлыққа жол жоқ, Жастар ұрлық жасамайды!» акциясы өткізілді.
13 қараша күні мектебімізде «Жасөспірім және зиянды әдеттер» тақырыбында 8-11 сынып ұлдары арасында жиналыс өткізілді. Жиналысқа ДТІЖО :Ғ.С.Сариева, әлеуметтік педагог Аканова А.Д, мектеп инспекторы Акупова Марал және «Достық» денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері және психологі қатысты.Олар ұлдарға темекінің денсаулыққа қаншалықты зиян тигізетіндігі туралы слайд көрсетіп, оқушылардан сауалнама алды.
Ұлттық валюта-теңге күніне орай танымдық саптық тізіліс өтті. Мектеп фоесінде теңгенің шығу тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өзгерістері туралы зерттеулер, мақалалар,мәліметтер т.б. және теңгелердің суретті бейнелерінен көрме ұйымдастырылды.

16 қараша күні мектеп психологі Г.Е. Сүгірбай «Сіздің құқығыңыздың бұзылуы – бұл зорлық» тақырыбына 8 - сынып оқушыларымен жекелей психологиялық тренинг өткізді. І орын – 7 «Ә» сыныбы, ІІ орын 7 «А», 7 «Б», ІІІ орын – 7 «Г» сыныбы иеленді.

Бізге – 8 жыл!

Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінің 8 жылдық туған күніне орай апталықтың ашылуы болды. Салтанатты саптүзеуге ардагер ұстаздар, әкелер кеңесі мен ата-аналар комитеті қатысып лицейді туған күнімен құттықтады.

№18 орта мектебінде Жолда жүру ережесін үйрету мақсатында, театр қойылымы болып өтті

Қараша айының 12-13-ші жұлдызы күндері №7 балабақшаның мектепалды даярлық тобының балалары тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен мектепке топсеруен жасап, мектеп өмірімен танысты.

«Жарқын болашаққа нық қадам »

2015 жылдың 14 қарашасында №2 өнер мектебінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы орта мектептер мен колледждердің арасында қалалық «Жарқын болашаққа нық қадам » атты жас кинорежисерлердің сайысы болып өтті. Сайысқа 42 қалалық мектептер мен колледждер қатысты. Осы сайыс №42 мектеп информатика пәнінің мұғалімі Каирбекова Б.К жетекшілігімен Мендесбаева Г.Ж -ның сценариіне жазылған мектебіміздің жас кинорежисерлері түсірген « Болашағын, бұлдырламасын жас ұрпақ » атты бейнефильмді ұсынды.Нәтижесінде Астана қаласы орта мектептері және колледждері арасында өткен қалалық «Жарқын болашаққа нық қадам » атты кинобайқауының «ҮЗДІК Сценарист» номинациясымен 11«А» сынып оқушысы Жүнісов Ақжол марапатталды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны