19 қараша 2015 жылы №10 мектеп-гимназиясында "Тұңғыш президент күніне арналған Спорт - денсаулық кепілі" тақырыпбында суреттер көрмесі өтті.

Кеше мектебімізде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған "Үздік мәдениеттілік - спорт, шынығу мен денсаулық" атты акцияның аясында 4-сыныптар арасында "Әкем, анам және мен" деген атаумен отбасылық сайыс өтті.

Астана қаласы № 58 мектеп-гимназиясында қазанның 19.10-24.10 аралығында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің «Оқушыларды өз тілін сүюге, оны құрметтеуге үйрету» атты апталығы өтті

Қарашаның 18 күндері 6 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне саяхат жасады.
Мектебімізде "Зорлық Зомбылықтың алдын алу" тақырыбында әр сыныпта ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиындар коучинг түрінде өткізілді. Ата-аналарға тақырыпқа сәйкес видеороликтер, ақпараттар көрсетіліп, пікір алмасу, психологиялық тренингтар өткізілді. Рефлекция алынды.

«Абай есімі мәңгі есте!» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты ұлы Абайдың шығармашылық әлемін дәріптеу және ұлықтау болатын.

«Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» деп, Абайдың өз сөзімен алынған семинар эпиграфы өз мазмұнын семинар барысында бастан-аяқ айқындай алды. Бірнеше кіріктірілген сабақтар, интерактивті оқыту тәсілдерімен жүргізілген жаңашыл сабақтар, семинарды мазмұндық жағынан қорытындылап, бағасын арттыра түскен «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» тақырыбындағы тәрбиелік іс-шара – бәрі-бәрі бір-бірімен терең астасып жатты. Семинарға қатысушы барлық қонақтарымыз, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері Баяхметбаева К.І., Кожахметова А.З. семинардың өн бойындағы жақсы ұйымдастырылған жақсы дүниелер мен мұғалімдер сабағының ерекше тұстарына тоқталып, мектеп ұжымына, мектеп басшысы Ахмет Базыл Әлдешұлына, директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Алибекова Гүлден Зияшқызына өз алғыстарын жеткізді.

Қорыта келгенде, семинар өз мақсатына жетіп, қазіргі шәкірт – болашақ азаматтарға рухани азық, патриоттық сана тұрғысынан атқарылған үлкен іс деп танылды.

№53 мектеп-лицейінде «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа 6 сынып оқушылары қатысты. Сайыстың басында ойыншылар өздерін таныстырды. Болашақ армандарымен бөлісіп, сол арманға жету жолында қандай жұмыстар атқару керектігін сөз етті. Сайыстың өткізілу мақсаты балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету. Оқушылардың дайындығы өте жақсы болды, өз құқықтарын, мектептегі өз міндеттерін жақсы білетіндерін көрсетіп, сауаттылықтарын танытты. Ең көп ұпай жинаған 3 ойыншыға мадақтау қағазы берілді.Сайыс өз деңгейінде өтті, оқушылар ойыннан жақсы көңілмен қайтты. Ic-шараға жауапты мұғалім: информатика пәні мұғалімі - Қожахметова Қ.Т.

18 қараша Астана қаласының Оқушылар сарайында салтанатты түрде шектеулі балалар арасында "Көкейімдегі бар әлем" тақырыбында респубикалық конкурс-фестиваль өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны