Жас Отан ЖҚ Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен Астана қаласының мектептері арасындағы "Жайдарлы жастық шақ" атты КВН фестивалінде ереткше өнер көрсетіп қатысқаны үшін № 55 орта мектепің "Нағыз қазақтар" командасы марапатталды. Нағыз қазақтар тобы 5 жылдан бері өз ойынын жалғасытырып келеді.Келесі ойындарды сәттілік тілейміз!
Кэмбридж тәсілі 2-ші деңгей бойынша бастауыш сынып мұғалімі Абишова Фарида Рахымқызы 19 қараша күні "Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері "тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен жақын танысып, ата-аналардың мектепке деген көзқарасын анықтау.Жұмыс басты ата-ана үнемі жұмыста болып, баласына үйде аз уақыт көңіл бөлетіндігі айтылды.Ұйымдастыру бөлімі бір-біріне жылы сөз айтып,жақын танысты.Топқа бөліну 1сынып ата аналар үшін сәтті əрі қызықты болды.Топпен жұмыс істеу барысында ата-ананың нақты жауап беруіне көңіл бөлінді.
Жасұлан уйымы бойынша 17-19 қараша күні "Ұланымыз ұлы елдің" тақырыбында республикалық ұланбасылар форумы өткізілді. Астана каласының ұланбасылары бір бірімен тез тіл табысып,алдағы жұмыстарын жоспарлауда.17.11 күнгі таныстырылым мен 18.11 күнгі спорттық сайыс ешкімге жеңіліс бермеген сияқты.19.11 күні форумның жабылу салтанатында балаларға арналған концерттік бағдарламалар мен марапаттаулар болды. 16 облыстан келген ұланбасыларымыз да керемет жан-жақты өз өнерімен танылуда.Астана қаласы бойынша әр мектептің белсенді 21 ұланбасы қатысты.3 күнге созылған форум балаларға жақсы тренингтерімен,қызықты спорттық ойындарымен көңілді өтті.Біздің мектеп белсенді ұланбасы Дүйсенова Малика қатысып білімін шыңдай білді.Ұйымдастырушылар және Астана қаласы бойынша Жасұлан атқарушы хатшысы Құдайбергенова Шұғылаға үлкен алғыс білдіреміз.

20 қараша күні №10 мектеп-гимназиясында «Денсаулық – зор байлық» атты спорттық жобасы негізінде мектеп мұғалімдері құрамасы мен 10, 11 сынып оқушылары құрамасы арасында «Көңілді старт» сайысы болып өтті

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған "Үздік мәдениеттілік - спорт, шынығу мен денсаулық" атты акцияның кезекті спорттық шарасы "Арқан тартыс" болды.

Мектеп-лицейімізде Құрмет тақтасы ережесі құрылып, осы құрмет тақтасына лайық ұстаздар анықталды.

1954 жылы Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясымен Бүкіләлемдік балалар күнін бүкіл әлем балалары арасындағы туыстық пен түсіністік және балалардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға ықпал ету күні ретінде өткізу ұсынылған. Мереке балалардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға, барша балалардың мүдделері үшін атқарылып жатқан жұмыстарды күшейтуге бағытталған. БҰҰ ресми құжаттарында 20 қараша — Бүкіләлемдік балалар күнін өткізу туралы айтылған. Осы күні 1959 жылы Бала құқықтары туралы Декларация, 1989 жылы «Балалардың құқықтары туралы» Конвенция қабылданды.
2015 жылғы қараша айының 19-ы күні Астана қаласы мектептерінің дарынды оқушыларының арасында «Көшбасшы 2015» атты байқау өтті. Байқау 2 кезеңнен тұрды және оған алғашында қала мектептерінен 90 оқушы қатысты.
ҚР Тұңғыш Президент күніне орай волейболдан оқушылар арасында №55 орта мектебінің кубогына өтетін қалалық жарысқа дене тәрбиесі мұғалімі М.К. Исламбековпен 9 "А" сыныбынан Мухамедкалиева К., Нуртаева Г., Серикова А., Жұмағұл Қ., 9 "Ә" сыныбынан Жүсіпназар Ж., 11 "Б" Игубаева С. және 8 "В" Сарина А. оқушылар қатысып І орынға ие болды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны