№ 55 орта мектебінде «Астана және Елбасы» атты 1-желтоқсан Президент күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында сурет көрмесі болып өтті. Жоспарға сай өткізілген сурет көрмесінде бастауыш сынып оқушылары суреттерді Астана тақырыбына яғни Отан,Елбасы,Астана табиғаты аясында салды.
№ 55 орта мектеп ұланбасы Дүйсенова Малика республикалық ұланбасылар форумына қатысып өз білімін шыңдау арқылы әр сынып бойынша топ басшылар (староста) жиналысын өткізді. Онда топ басшылар жиналып, жоспар бойынша 2-тоқсанда болатын жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар топ басшыларына біраз тапсырмалар беріліп, оның орындалуын Жас ұлан ұйымы төрайымдарына тапсырылды.
Астана қаласы Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 10-25 қараша аралығында «ЖҚТБ-ға қарсы күреспен сақтандыру орталығы» 8-11 сыныптар арасында сурет байқауын ұйымдастырған болатын. Бұл байқауға мектеп оқушылары белсене ат салысты. Соның нәтижесінде 9 «В» сынып оқушысы Д Мартынова 3 орынды иемденді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні мерекесі аясында Елордалық мектептердің көшбасшы-оқушылары арасындағы қалалық сайысының 19 қараша күні Оқушылар Сарайында өткен ІІІ-ші шешуші кезеңінде 16 оқушының арасында Әбілбеков Адал ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Қуанышқалиев Мэльс Қайырбекұлы.

1 желтоқсан - "Тұңғыш Перзидент күніне" орай №38 мектеп-лицейде көрме отті. Мектепке Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнайы көрме ұйымдастырылып, сап жиында мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ләззат Жақыпқызы жұмыс жоспармен таныстырды.
Тұңғыш президент күніне байланысты ұйымдастырылған апталық жалғасуда. Оралбекова Күнсулу 8 "А"сыныбымен "Елімің тірегі -Елбасы" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:Отанымыз туралы білімдерін кеңейту, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу,өз ойын ортаға салу

Құттықтаймыз!

Қарашаның 23-нде 4-сынып оқушылары арасында Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Елбасы-елімнің тірегі» атты қалалық шығарма сайысы өтті. Сайысқа 62 мектептен оқушылар қатысты. Біздің мектептен қатысқан 4 «В» сынып оқушысы Ниязбек Жанель жүлделі 3 орынға ие болды. Мұғалімі: Жанпеисова Алуа Кенжеғалиқызы. Жарайсыңдар!

Педагог-психолог Азимбаева Жұлдызды Балқаш қаласында өткен «Үздік жыл психологі» республикалық байқауына қатысып, «Үздік практикалық іс-шара» номинациясы бойынша марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!!!

2015 жылдың қазан айының 22-23-де Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен бірлескен «Lesson study» зерттеу жұмыстарын сабақ барысында қолдану жолдары және оны іске асыр» атты семинар өтті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны