Жақында мектебімізде тұңғыш Президент күніне орай "Алаштың ер ұланы" деген тақырыпта 9-10 сыныптар арасында жігіт сұлтаны байқауы өтті.

2015 жылдың 17 қараша күні «ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР» атты қалалық семинар жоғары деңгейде өтті. Семинарға Білім басқармасының әдіскерлері К.І.Баяхметбаева, С.Ботакановна, Республика мектептерінің директорлары және қала мектептерінің ұстаздары қатысты.

2015 жылғы 24 қараша күні Қазақстанның Теміртау қаласында математика, физика, химия және биология пәндерінен Президенттік олимпиаданың Республикалық кезеңі өтті, 11 сынып оқушысы Слейманов Амир олимпиаданың барлық кезеңдерін сәтті өтіп, республикалық кезеңінде биология пәнінен ІІ орынды иеленді. 2015 жылғы 27 қараша күні Ұлттық Мұражайда білім Министрі Б.Сарынжипов жүлделі орындарды иеленген оқушылармен балалармен кездесіп, оқушыларды жоғары жетістіктерімен құттықтады және бағалы сыйлар тартты. Жарайсың, Амир!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Астана қаласы мұғалімдері арасында өткен «Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсына №48 мектеп-лицейден география пәні мұғалімі Алиева Л, химия пәнінің мұғалімі Шетенова Е, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулендиева А. қатысты.

Астана қаласы мұғалімдері арасында өткен «Практикалық психолог білім жүйесінде » конкурсына №48 мектеп-лицейден педагог- психолог Азимбаева Жұлдыз қатысып, нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды иеленді.

1-желтоқсан Дүниежүзілік СПИД ауруына қарсы күрес күні. Қазақстанда алғаш рет ВИЧ инфекцияның пайда болу жағдайы 1987 жылы анықталды. 1996 жылдан бастап бұл қоғамдық індетке айнала бастады. Қазір республикамызда ВИЧ-инфекицяға шалдыққандардың саны 5 мыңнан асты.
Біздің қаламызда болса, биыл ғана ВИЧ инфекциясын жұқтырған15 науқас тіркелсе, олардың 14- нашақорлыққа салынғандар. Дәрігерлердің айтуынша бұл үрдіс аса қауіпті көрініс алуда.
Дертке қарсы күрес шаралары болса, үнемі жүргізіліп отырады.Осы үлкен бастамаға біздің мектептің оқушылары да өз үлестерін қосты. Атап айтқанда 1-қабатта қабырға газеттері ілінген болатын. Әрбір сынып өз ойларын көркем суреттермен жеткізуге тырысты.
2015 жылдың 28 қарашасында №3 Балалар музыка мектебінің базасында Астана қаласы Білім басқармасымен бірге Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті күніне арналған жас гитаристтердің V қалалық фестиваль-байқауы өтті
«Lesson Study тәсілін қолдану арқылы оқу үдерісін жетілдіру» тақырыбында семинар болып өтті.
Мақсаты: Жаңартылған мазмұн бойынша оқу-әдістемелік кешенді апробациялау іс-тәжірибесі. Семинарға қала мектептерінен 98 мұғалім қатысып, пилоттық мектептің іс-тәжірибесімен танысты. 2015/2016 оқу жылында қабылданған бірінші сыныптарының тоғызы қазақ, екеуі орыс тілінде білім алуда.

Астана қаласының № 51 мектеп - гимназиясында «Ұланымыз ұлы елдің» атты «Ту алып өту мен әскери-патриоттық ән орындау» сайысы болып өтті.

27 қараша Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп- гимназиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай, Елбасаның құрметіне арналған талантты жас дарынымыз Бакарам Жанболаттың «Жүрегіммен сеземін үніңді, Отан...» атты ән кеші өтті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны