«1 желтоқсан Тұңғыш Президент» күні мерекесі аясында «Тұңғыш Президент және менің Отаным» атты тәрбие сағаттары І және ІІ кезең сыныптарында толық өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға Елбасы туралы тәуелсіз мемлекетіміз құрылуына байланысты тарихи деректі мәліметтер, слайд-презентациялар көрсетілді.

9 «В» сынып жетекшісі Величко Е.Д. видео материалдарды жаңашыл түрде оқушыларға көрсетті. Елбасымыздың шекаралас мемлекеттер басшыларымен кездесу үстінде, бос уақытында спортпен шұғылдануы туралы және өмірінде болған басқа да қызықты кезеңдер жайлы көрді.

2 «Ә» сынып жетекшісі М. Б. Турабекованың дайындаған тәрбие сағаты жан-жақты толық қамтыған сабақтың бірі болды. Көрнекі құралдарды мұғалім тиімді қолдана білді, оқушыларда белсене қатысты.Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.

Сонымен қатар, «Тұңғыш Президент және менің Отаным» атты тәрбие сағаттарын ерекше өткізген сынып жетекшілері: 9 «А» сынып жетекшісі Батырханова М.А.,
2 «А» сынып жетекшісі Аралова М.Т.,

5 «Ә» сынып жетекшісі Қасымғалиқызы Л.,

6 «Ә» сынып жетекшісі Сансызбай Н.

Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында

1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне арналған

мерекелік іс-шара

Іс-шараның негізгі мақсаты Елін сүйген Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге оқушыларды тәрбиелеу болды.

Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытқан Елбасының кісілік келбеті туралы маңызды және қызықты мәліметтер айтылды.

Елбасының балалық кезі, Отбасы мүшелері, жастық шағынан деректі материалдар слайд-презентация арқылы көрсетілді.Тек саясаткер ретінде емес, жай қарапайым азамат ретінде ән сүйген, достарымен әзілдесетін, туған жеріне деген ыстық сезімі мол кісі екенін оқушылар видео-ролик арқылы көрсетілді. Әсіресе сүйікті әндерін «Үш қоңыр», «Весна на Заречной улице», «Менің Қазақстаным» оқушылардың орындауында ұсынылды.

Іс-шара өте тартымды, маңызды өтті. Қорытынды сөзді тәрбие бөлімінің меңгерушісі Кампитова С.А. және тарих пәнінің мұғалімі Қырықбаев Ж. бүгінгі белсене қатысқан оқушыларға алғыстарын және тәуелсіз елде бейбітшілік өмір сүріп жүргенімізге Елбасының зор үлесі бар екенін ескертіп өтті.

«Астана-есірткісіз қала» бағдарлама аясында 2015 жылдың 29 қараша күні Астана қаласының №65 мектеп гимназиясында жасанды рельефте спорттық тауға шығу жарысы өтті.

1-желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президент күні. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан айтып өтеміз. Осы мерекеге орай«Елбасымен біргеміз!» тақырыбындағы сап түзеу; «Елбасымен жасампаздық жолында», «Жемқорлыққа қарсы күрес», «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы – Мәңгілік Ел» тақырыптар аясындағы сынып сағаттары; «Елбасыға сыйлық» көрме байқауы; «Елбасын сыйлаған ел, қор болмайды» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, әрі мықты іргетасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел; «Менің елім» патриоттық әндер байқауы; «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» спорттық ойын тақырыптары аясында тұңғыш президент күніне арналған апталық өтті.

Күзде егінді жинап болған ата – бабаларымыз сабантой жасап, күз мерекесін өткізген болған. Біздің де гимназияда «Күз- молшылық айы» деген тақырыпта күзгі мерекелік жәрмеңке өтті.

№53 мектеп-лицейінде ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған«Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық!»акциясы аясында өткізілген мектепішілік дебат ойыны өтті.
Мақсаты: Акцияға үлесімізді қоса отырып, мектебіміздің оқушылары арасында спорт мәдениетін насихаттау. Аталған мақсатқа жету үшін 10Д сынып оқушыларынан үздік дебат ойыншылары топталды. Яғни Үкімет тобы ол «Крики морга» және оларға қарсы оппозиция «Битники» тобы пікір-сайысға түсті. Топтардың дайындығы жоғары дәрежеде болып, адамды ойға қалдырып таңқалдырар аргумент, фактілір айтып өтті. Ойынның қызық өткені соншалықты Парламентарий де өз кезегінде пікір білдіруге қатысты. Ойын соңында көрермендер не себепті топтың атауы Битники және Крики морга деп аталғанын сұрады. Өз кезегінде пікір-сайыстырушы топтар өз команда атауларын таңдау себептерін парасаттылықпен түсіндіріп берді. Әрине бұл интеллектуалды ойын болғандықтан жеңімпаздар болады. Өздерінің шеберліктері мен ізденістерінің кереметтігімен оппозиция Битники тобы жеңіске жетті. Топтар 1-2 орын мадақтамасымен марапатталды. Екі топтың үздік ойыншыларына Елбасының ағылшын тілінде жарық көрген кітабы және Қазахстан ассамблеясының тарихи очеркі кітәбі сыйлыққа тарту етілді. Белгіленген іс-шара нәтижесінде мақсатына жете алды. Себебі пікір-сайыс оқушы жастарға позитивті көңіл күй мен көптеген қажетті ақпараттар бере алды. Сонымен қатар пікір-сайысқа қатысушы топтар да өздеріне тәжірибе мен мотивация ала алды. Оқушылар тарапынан пікір-сайыстың жиі өтуіне деген сұраныстар көп болды Ұйымдастырушы: Мектепішілік Ойшыл дебат клубының жетекшісі Алиев Ербол

25 қараша күні №3 мектеп-гимназиясының 1-4 сынып оқушылары «Балдәурен» балалар ойын-сауық орталығына барып қайтты. Балалар түрлі байқауларға қатысып, түрлі ойын аттракциондарында көңіл көтеріп, ойнап, билеп ерекше естен кетпес көңіл-күймен оралды. Бұдан басқа әр қайсысына бірге түскен фотосуретті сыйлыққа берді.

Астана қаласы №65 мектеп – гимназиясында 26-қараша мен 28-қараша күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияның панасын, адамның құқығын және бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа замаңғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды.

Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Біздің Президентіміз ең жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді және бүгін оны әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды. Күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жетістікпен жеңіп аламыз.

Осы айрықша мәнді күні елдің игілігі үшін барлықтарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, береке тілейміз!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны