Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында желтоқсан айының 14 – ші жұлдызы күні 5 сынып оқушыларымен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.

Еліміздің ең елеулі мерекесі тәуелсіздік күні қарсаңында мектебімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

2 – сыныптар арасында «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында суреттер байқауы өтті. Оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсете білді.
10 "А" сынып оқушысы Ташенов Асхат Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған "Тұмар-2015" қалалық этнографиялық шығармашылық байқауында "Сәндік-қолданбалы өнердегі түпнұсқалы жұмыс" номинациясы бойынша марапатталды. жетекшісі - Жаппаров М.Б.

2015 жылдың қараша айы бойы «Право» қоғамдық қоры Астана қаласының мектеп оқушылары арасында құқықтық салауаттандыру бағыты бойынша «Менің құқығым және менің міндеттерім» атты шығармалар байқауын жариялаған болатын. Осы сайысқа №64 мектеп-лицей оқушылары да ат салысқан еді. Нәтижесі бойынша 7 «Ә» сынып оқушысы Полатова Зауре, 7 «Б» сынып оқушылары Түгел Ақмаржан және Кошкинбаева Надира сайыс қатысушылары сертификатына ие болды. Ал 7 «Ә» сынып оқушысы Полатова Зауре Лауреат сыйлығының иегері атанды. Бұл оқушыларға жетекшілік еткен №64 мектеп-лицейінің тәрбие ісі бойынша орынбасары А.С.Усербаева.

Қалалық "Отаным деп шырқаймын" патриоттық ән байқауынан 2-орын иегерлері Байбуринов Бекарыс пен Сагинбаева Алинаны құттықтаймыз!

7 д сынып оқушысы Турмуханбет Диасты жеңісімен құттықтаймыз! Тұңғыш Президент күніне арналған судағы полодан өткен қалалық ҚР кубогында 2 орын иеленді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Күй қайнары» атты ІV қалалық күй тартыста ІІІ орын алған 7 «А» сынып оқушысы Исмагулова Майяны жеңісімен шын жүректен мектеп әкімшілігі, оқушылар құттықтайды.

Өнерің өрге жүзіп, жеңіс тұғырынан көріне бер!

Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты-мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру.Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда кез-келген педагогикалық ұжым өзіндік бағыт- бағдарын ұйымдастыру формаларын анықтайды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Әжібаева Ұлжан 6 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздік бастауы -Желтоқсан" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны