1-2 сыныптар аралығында Жаңа жыл мерекесі өте қызықты өтті. Аяз ата мен Ақшақар көптеген жұмбақтар жасырды. Балалар әртүрлі ойындарға белсене қатысты.

22 желтоқсанда мектепшілік "Креатив" қауымдастығының ашық сабақтар топтамасынан сабақтар өткізіле бастады.Бастауыш сыныптар бойынша 3б-сыныбында математикадан ашық сабақ өтті. Тәуелсіздіктің 24 жылдығына байланысты өткізілді.Оқушылар өте белсенділік танытып, топтасып шығармашылық жұмыс істеді.

20 желтоқсан күні Астана қаласында өткен мектебіміздің "Сарыарқа" би ансамблі "Жаңа жылдық карнавал" атты халықаралық конкурсына қатысып, I орынға ие болды. Жетекшісі: Жакеева А.Ж.

№ 3 мектеп-гимназиясының 3 «в» сынып оқушысы Абубакирова Диананы жеңісімен құттықтаймыз! Диана спорттық биден өткен ҚР және Еуразия ашық кубогында 1 орын иеленді.
№ 3 мектеп-гимназиясының 3 «в» сынып оқушысы Асқарова Дарина ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Сарғылт доп» атты теннистен өткен қалалық турнирде 1 орын иеленді.
2015 жылғы 15 желтоқсан күні №31 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған «Путешествие сквозь века» атты қалалық ойынында №3 мектеп-гимназиясының командасы, құрамында 10 сынып оқушылары: Молдахметова Русалина – 10 В сынып, Калинина Аида – 10 Б сынып, Сейтказина Жанара 10 В сынып, Бекбауова Камилла – 10 В сынып, Ягмурова Эмма – 10 В сынып І жүлделі орынды иеленді. Жарайсыңдар, құттықтаймыз!!!
Астана қаласы №65 мектеп – гимназиясының мектеп директоры Теменова Сауле Ермұханқызы бастаған топпен мектеп ішін жаңа жыл мерекесінің қарсанына орай түгелдей безендіру жұмыстары 2015 жылдың 19-желтоқсан күнінен басталып кетті.

2011-2020 жж. Қазақстан Республикасының Білім беруді іске асыру Мемлекеттік бағдарламасы бойынша колледждің арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында Көпбейінді колледжінде ТОО «New Technologies Company» ұйымдастыруымен «Казіргі ақпараттық технологиялар, техникалық құралдар және оларды білім берудегі қолдану әдістері «3 D Модельдеу және инженерлық графика» тақырыбында курс өткізілді.

21 желтоқсан күні "Шаттық" балалар театры емтихан тапсырды. Бұл театр №2 Өнер мектебінің филиалы ретінде былтырғы оқу жылынан бастап құрылды.

Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдары, колледж білім алушылары арасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арнлған "IT ғаламшар" компьютерлік шығармашылық жұмыстарының байқауының жүлдегері біздің мектебіміздің 10 "Ә" сынып оқушы Абилакимов Айдос III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі информатика пәні мұғалімі: Смайлова Арайлым Тулегенқызы

Ақтау қаласында каратэ-додан өткен Ақтау кубогі халықаралық турнирінде бас бапкер Үсенбаев Әділет бастаған Астана қаласының «Абырой» каратэ-до спорт клубының спортшылары, Астана қаласының Жамбыл Жабаев атындағы 4 мектеп-гимназиясының оқушылары жарысқа қатысты.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны