Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Зердеге» - 10 жыл» тақырыбы аясында «10 жылдыққа 10 игі іс» акциясы басталды.

23 қаңтар күні мектеп психологы Мөлдір Әбдіғалиқызы 11 «А» сынып оқушыларымен «ҰБТ- білім сапасының негізі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында жасөспірімдерге қорқыныш пен іштей қиналған сезімдерден арылуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялата білді. Оқушылар ҰБТ-ға қатысты сұрақтар қойып, өздеріне жауаптар ала алды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 21 қаңтар күні «Астана балалары сурет салады» атты компьютерлік суреттер көрмесі өтті.

21,22 қаңтар мектебіміздегі коррекциялық сынып оқушыларының ата–аналар жиналысы өтті.

2016 жылдың 22 қаңтар күні «Жаңа қала ойлайық, Астананы сомдайық!» атты ғимарат макеттерін жасау сайысы өткізілді. Астана қаласының сәулетін жобалау арқылы өз Отанына деген құрмет сезімінің қалыптасуына ықпал ету және «Ата-ана – Оқушы – Мектеп» ынтымақтастығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс – шараға 2 сынып оқушылары мен ата –аналары қатыстырылды.

Біздің колледжде оқытушылар сабақты стандартты емес түрде өткізуге тырысады. Қазақ әдебиеті бойынша сабақтың тақырыбы – «Қазақ жазушысы Сакен Сейфуллиннің өмірі және шығармашылығы».

Қазақ әдебиеті оқытушысы Искакова А.А. оқу-өндірістік шебері Узбайрова А.Т. бірлесе отырып 1ТРА-215 топ студенттері үшін С.Сейфуллин атындағы мұражайына экскурсия ұйымдастырды.

Жақында "Рух" психология және тұлғаны дамыту орталығы" ЖШС-нің ұйымдастыруымен өткен І аймақтық мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушылары арасындағы "Жас данышпан" шығармашылық және зерттеу жұмыстары сайысында және Астана қаласы Білім басқармасы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы ұйымдастырған "Астана бүлдіршіндерінің суреті" атты компьютерлік сурет көрмесінде оқушыларымыз жүлделі орындар алып, мектебіміздің абыройын асырды.

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте 21.01.2016 ж. күні кешкі сағат 18:00-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс тақырыбы жалпы қоғамды ойландырып отырған мәселелердің бірі «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға» байланысты болды. Ата-аналар жиналысын ұйымдастырушылар – мектептің жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар мен мектеп инспекторы, жаңа форматты ұстаздар, тақырыпты әрі терең мазмұнда, әрі жаңаша оқытудың тәсілдері арқылы ата-ананың өз бетімен түсініп кетуіне орай қарастырды. Жиналыс барысында тақырыптық баяндамалар жасалып, топтық жұмыстар, жағдаяттар, психологиялық тренингтер жүргізілді және рефлексиялар алынды. Ата-аналар тарапынан көптеген сұрақтар туындап, тіпті ұсынылған жұмыстың электронды нұсқасын алып, бұл тақырыптың бүгінгі күнде әрбір ата-ана үшін маңызды екеніне мән берген ата-аналар да болды. Негізгі тақырып аясынан бөлек, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі мен «Кәсіптік бағдар беру» мәселесі де жиналыстың күн тәртібіне қойылып, арнайы шақыртылған колледж және жоғарғы оқу орнының қызметкерлері де келіп біріккен жұмыс көрсетілді.

Қорытындылай келе, мектептің тәрбие ісінің меңгерушілері «Қай заманда да әрбір ел өз ұрпағының қамын ойлап, солардың тыныштығын күзеткен. Олай болса, біздің мақсатымыз да сіз бен бізге ортақ бала қамы, олардың бейбіт заманда бейбіт өмір сүргенін тілейтін адал ниетімізбен ұштасып отыр. Құрметті ата-аналар, баршаңызға отбасылық тыныштық тілейміз», - деген сөздермен аяқтады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Қазақстан – менің үйім» компьютерлік суреттер байқауы өтті. Сол сайысқа № 64 мектеп-лицейінің оқушылары да белсеңді қатысты.

Нәтижесінде 5 «м» сынып оқушысы Токубаева Камила I орын, 9«ә» сынып оқушысы Тұрсынбаева Ұлболсын III орын , 10 «б» сынып оқушысы Кеңес Нұрбек дипломға ие болды.

Жас суретшілерімізді құттықтап, алдағы байқауларда жеңіс тілейміз!

Мектебімізде 2016 жылы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық

Астана қаласы№ 65 мектеп-гимназияындағы «Қамқорлық» қайырымдылық

акциясы кезінде жүргізілген іс-шаралар жөніндегі мәлімет.

2015-2016 оқу жылы.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны