№29 орта мектебінде 1 наурыз «Алғыс айту» күніне байланысты «Полицияның жас көмекшілері» тобы қалалық акцияға қатысып, қолөнер бұйымдарын қарт кісілерге таратты.

8 «Б» сыныбында сынып жетекшісі Рахимберлина А.А « ризалық сабағы» тартымды өтті.

№29 орта мектебінде 1 наурыз «Алғыс айту» күніне байланысты сынып сағаттары,лездемелер барлық сыныптарда өтілді.

4 сыныптарда сабақты Луиза Хейдің «Ризамын» әнін хормен айтудан бастады.Оқушылар бір-біріне ризашылық білдіріп, алғыс айтудан бастады. Шеңбер құрып, қолдарынан ұстап, арайлап атқан таңға, күлімдеп күлген күнге, самал желге, анамыздың аялы алақанына , бүгінгі күнге ризашылықтарын білдірді. Соңынан қағазға қолдарын салып қиып, алақандарынан күннің көзін жасап, тілектерін жазды. Жүректен жүрекке « Жан досым» әнін хормен шырқады.

1941-1945 жылдарындағы ҰОС-ң Жеңісіне 70-жылдығына арналған «Біздің күшіміз бірлікте» атты мұражай арасында байқауын өткізу шеңберінде, №60 МЛ мұражайы қала мектептердің арасында жүлделі орын алды. Көптеген жылдар бойы мұражайдың басшысы әрі құрастырушысы тарих пәнінің мұғалімі А.С. Хамитова болды. Алтыншаш Саткенқызы мектеп оқушыларымен бірге үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мұражайда соғыс жылдарының қызықты экспонаттары мен құжаттары бар. Алтыншаш Саткенқызы қала мектептерінің оқушылары үшін экскурсиялар ұйымдастырады. Алтыншаш Саткенқызының жұмысы азаматшылдыққа, отансүйгіштікке, ата-бабаларымыздың ерлігі құрметі үшін және борыштық сезімге бағытталған.

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткен «Тәрбиеден тағылым» атты қалалық байқауға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуралиева Сырғагүл Сайлаубекқызы қатысып, жоғары кәсіби деңгейін, шығармашылығын көрсетті. Іс-тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында өткен байқау өз дәрежесінде болды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біз Қазақстан болашағымыз» атты қала мектептері оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті. №48 мектеп – лицейінде ұлдар арасында волейбол жарысына төмендегі мектептер қатысты №48, №22, №51, №52, №29, №16 жарыс өте қызықты өтті. Жарыста І орында №52 мектеп командасы жеңіп алды, ІІ орын №16 метеп командасы ие болды, ІІІ орын №48 мектеп еншісіне тиді. Жарыстың негізгі мақсаты: оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналды.
Бізге «10 жыл» атты Республикалық фестивальде Сертификат алған 2 "ә" сынып оқушысы Амантай Дарынды шын жүректен құттықтаймыз! Дарын, өнердің биік шыңына бер! Сынып жетекшісі Сыдыкова Жығаға да шығармашылық табыс тілейміз!
9-17 ақпан аралығында Ауғанстаннан кеңес әскерін шығаруға 27 жыл толуына орай 10-11 сынып оқушыларының арасында әскери-патриоттық іс-шара өткізілді. Тіркелу куәлігін салтанатты түрде табыстау сәті. Сабақты қорытындылау үшін тарих пәні мұғалімі Попова Ю.Ф. сөз сөйледі. Ауғанстаннан кеңес әскерін шығаруға 27 жыл толуына арналған 11 В сыныбындағы «Ерлік сабағы». 11 сынып ұлдары арасындағы әскери-қолданбалы спорт түрінен өткен жарыс. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау сәті.

Филологтар – шығармашылық адамдар болғандықтан, әрқашан ізденіс үстінде. Декад уақытында «Сыни ойлау қабілетін дамытудың қандай әдістемелік тәсілдері бар?» атты коучинг өтті.

Жақында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Т.Айбергеновке арнап өлең шығарған жас дарындар конкурсы өтті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны