Көктемнің алғашқы мерекесі «Халықаралық әйелдер күні» мектебімізде ерекше аталып өтті. Мектептің жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ер балалар сазды бағдарламасы «Бикештерге арналады» айдарымен болып, мектептің барлық нәзік жандарының жүрегін жаулап алды. Мектеп директоры Жунусова Құсни Қияшқызы барлық нәзік жандарды мерекемен құттықтап, ерен еңбектері үшін марапаттау жасады. Бағдарлама барысында ер балалар қазақ, орыс, ағылшын, италия және француз тілдерінде әндер салып, биден шашу шашты. Бағдарламаның жүргізушілері Бердібаев Нұрлан, Ерғалиев Нұрлыбек, Ермек Нұрислам, Исаинов Рүстем көрерменнің жүрегінде ерекше із қалдырды. Сонымен қатар мектеп түлектері флешмоб билеп, барлық көрерменді еліктіріп алып қана қоймай, Сыздыков Сұлтан «Анаға арнау» әнімен әсерлі күй кештірді. Бағдарламада Сабиғат Ақжол, Алтаев Әділет, Жандаулет Әділ, Майгүл Бақытжан, Ержан Ерназ,Үзбен Ахмет, Мейрамбек Әділет қоңыр дауыстарымен тамаша ән сыйласа, Нигиматов Ерлан және Испаев Иран жүрекжарды өлең шумақтарын сыйға тартты. Сонымен қатар, «Релакс» КТК тобы үйлесімді әзілмен баршаға көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның қызықты кезеңдерін 10 сынып оқушысы Заула Бақберді суретке түсіріп, экран арқылы көрсетіп отырды. Барлық көрермен тамаша әсермен, мерекелік көңілмен демалды.

Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдікталғамын қалыптастыру. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту

Ашық сабақтар

Науырыз мерекесіне арналған біздің мектепте қайырымдылық күні өтті, 9-шы сынып оқушылары өз қолдарымен уйлерінен тәтті тағамдар пісіріп әкелді.
Көктемнің шуақты күнімен басталған ерекше мереке «Көктем Аруы-2016» байқауы 6-7, 8- 9-10 сыныптарда өз жалғасын тапты. Қыздардың көркемдік, эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында өткен іс-шара өз мақсатына жетті Аруларымыз киім киюдегі талғамын, қонымды шаш үлгісін көрсетті. Ерекше өнер түрін көрсеткен 10 «А»,10 «Ә» сынып оқушылары Фазыл Арайлым, Муканова Арайлымды атап өткіміз келеді.
«Жақсының жақсылығын айт –нұры тасысын!» дейді халық даналығы. Айналасына, жүрген ортасына шарапаты тиген үлкен жүректі жандар біздің мектепте де баршылық екеніне көзіміз жетті. «Үздік сынып жетекшісі-2016» сайысына қатысқан мұғалімдерді марапаттап, сыйлықтар жасауға демеушілік жасаған
"Өрлеу" дебат клубы оқушыларының жетістіктері.
Қоныс Альдана, Қарыбаев Алихан "Менің болашағым-менің мамандығым" атты Қазақ техналогия және бизнес университетінің пікір-сайыс дебатына қатысып,I-орын иеленді.
8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында №65 мектеп-гиманзиясы түзету сыныптарында оқитын жеткіншектеріміз мерекелік «Ана – біздің гүліміз» атты концерттік бағдарламасын өткізді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілген "Шаттық - 2016" шығармашылық байқауына "Киім үлгісі" сайысына белсенді қатысып, Дипломмен марапатталған оқушыларды және жетекшісі технология пәні мұғалімі Унчибаева Б.А.-ны құттықтаймыз.

8 «А» мен 8 «Б» сыныптары арасында «Қыз өссе елдің көркі» атты қыз сыны байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: - Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік негізінде тәрбиелеу. - Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. - қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту.

Сұлулықты соған ғана берген бе! Кімде болса бас иеді мойындап, Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушы қыздарымызға сәттілік тілей отырып, қошеметпен ортаға шақырдық.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны