Меню KDT

Новости

Главная Новости

05.04.2016

Мектеп оқушылары Каратэ-додан VII Әлем чемпионатына қатысты

Мектеп  оқушылары 2016 жылдың 1-3 сәуір аралығында Польша мемлекетінің Быдгощ қаласында өткен Каратэ-додан VII Әлем чемпионатына қатысып жүлделі орындармен оралды.

05.04.2016

Дін проблемаларын зерттеу орталығы қызметкерлерімен кездесу

6-7 сынып оқушыларымен «Зайырлы қоғам - даму негізі» тақырыбында лекция өткізілді.

05.04.2016

«Жамбыл Жабаев –қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы»

Биылғы жыл қазақ поэзиясы үшін айтулы күндерге толы. Қазақтың атын әлемге танытып, өнерін өрге сүйреген жыр алыбы- Жамбыл атамыздың туғанына биыл 170 жыл.

Осыған орай мектебімізде ақын шығармашылығын насихаттау үшін «Жамбыл Жабаев –қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы» деген тақырыпта әдеби-сазды кеш өтті.

Кештің мақсаты: оқушылардың бойында ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін ояту, поэзияны сүю, оны бағалай білу, сөз өнерін қадірлеу.

Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған, қазақ жырының дарабозы, ғасырға жуық ғұмыр кешті. Әдебиет зерттеушілерінің айтуынша, Жамбыл Жабаев көп қырлы ұлы тұлға. Оның ақындығын, суырып салма шешендігін былай қойғанда, жыр алыбы айрықша есте сақтау қабілетіне де ие болған. Миллион жол өлеңді жатқа білген. Сұраншы, Өтеген батыр, Хан мен ақын сынды эпостық жырлар мен Көрұғлы, Қыз Жібек дастандарын түнді таңға асырып айтқан. Ол өз заманында халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтай білді.

04.04.2016

Құттықтаймыз!!!

Оқушылар сарайында актерлік шеберлік үйірмесіне қатысып жүрген 2 "А" сынып оқушылары мерекелік концертте алғашқы өнерлерін  көрсетті. Алғашқы қадамдарын құтты болсын! Оқушылардың демалысы үшін қызығушылықтары бойынша кешенді студиялар, ансамбльдер, көпбейінді академиялар, шығармашылық клубтары, театрлар, бірлескен сабақтар топтары құрылған. Оқушылардың уақытын тиімді өткізуіне байланысты оқушылар сарайымен тығыз байланыс орнату балалар үшін өте тиімді.

04.04.2016

"Тəрбиелеу жолымен окыту, оқыту жолымен тəрбиелеу" атты педагогикалық кеңес

№ 55орта мектепте "Тəрбиелеу жолымен окыту, оқыту жолымен тəрбиелеу" атты тақырыпта педагогикалық кеңес өткізілді. Қазақ тілі мұгалімі Ажибаева Ұлжан "Оқу мен тəрбие егіз " деген ойға тоқтала келе ауқымды тақырыпты жақсы аша білді. Педсоветтің басында ұстаздарымыздың жетістігі жəне сəтсіздікке ұшырауы жөнінде баяндама оқылды. Əр мұғалімнің жетістігі рейтинг бойынша шыгарылды. Тəрбие бойынша топтарга бөлініп білім мен тəрбие туралы көріністер қойылды. Педагогикалық кеңес барысында ұстаздарымыз жан жақты көрсете білді.

04.04.2016

"Топтық жұмыс түрлері" атты коучингтер

Наурыздың 25-і күні екінші деңгей оқыған ұстазымыз Абишова Фарида жəне үшінші деңгей оқыған Тулегенова Данар "Топтық жұмыс формасы" атты коучинг өткізді. Наурыздың 26 куні бірінші деңгей оқыган ұстазымыз Сандигул Жүнсалиевна жəне үшінші деңгей оқыган ұстазымыз Альвира Серикқызы "Топтық жұмысты дағдыландыру" атты такырыпта коучинг жүргізді.Топтық жұмыстың тиімді түрлері
Бүгінгі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдер көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш - ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады.

04.04.2016

Жыл басы - Наурыз

Наурыз мерекесі қарсаңында ұмытылып бара жаткан салт- дəстүрімізді жаңғырту мақсатында  мерекелік көріністер өткізілді.Тақырыбы: «Жыл басы – Наурыз»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.

04.04.2016

«Сатирик жанырының тамыршысы»

04.04.2016 жыл Ұлттық кітапханада «сатирик жанырының тамыршысы» тақырыбындағы қаламы қарымды журналист-жазушы белгілі сатирик Табыл Құлыясов пен кездесуге №71 МЛ оқушылары белсене ат салысып автордың өз қолына төл туындыларын сыйға алды.

04.04.2016

Гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасы

25-29 наурыз күндері Петропавл қаласында гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасы өтті, олимпиада қорытындысы бойынша келесі оқушыларды құттықтаймыз: Данилова Маргарита, француз тілі – І орын, жекетшісі – Қантарбекова Р.С. Ягмурова Эмма, ағылшын тілі – ІІІ орын, жетекшісі – Булка И.И. Зейнелғаби Әділ, құқық – Грамота, жетекшісі – Попова Ю.Ф. Асылбек Жансулуу, қазақ тілі – Сертификат, жетекшісі – Оразбаева Г.Т. Жарайсыңдар, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

04.04.2016

Франциядағы Сен – Сир әскери лицейіндегі халықаралық келісім қатынас

2016 жылының 3 сәуірінде №17 мектеп-гимназиясының 16 оқушылары  мен 3 мұғалім Франциядағы  Сен- Сир әскери лицейге  халықаралық  қарым – қатынас барысында  барып келді.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны