Колледжіміздің “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының 3 ОПМ-313 тобының белсенді білім алушысы Тұрсынова Жанар тағы бір жаңалығымен қуантты. Жанар Астана қаласының атынан 2016 жылдың 7-11 сәуір аралығында Орал қаласында Самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.

Әр аптада колледжде «студенттер буфетінде» әр топтың туған күні өтеді. Жалпы іс-шараның мақсаты студенттерге әлем асханаларын таныстыру. Осы іс-шараға орай «Көліктерге техникалық қызмет көрсету» бөлімінің 2 АТМ-214 тобы білім алушыларына американ асханасы таныстырылды.

Қарағанды қаласында өткен "Весенний кубок 2016" атты Республикалық байқауда Сарыарқа би ансамблі қатысып, Гран при ұтып алды. Жеңісімен құттықтаймыз!

Кәсіптік бағдар бағдарламаларының мақсаты бар, ол- тұлғаны тәрбиелеу, жан-жақты дамыту, бағыт-бағдар беру. Кәсіптік бағдар мектеп жұмыстарының жеке-дара саласы бола алмайды. Себебі, мамандық таңдау- жауапты да күрделі іс-әрекет. Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт- бағдар беру арқылы оны талдай және таңдай білуге, өзінің қабілетін, бейімін мамандыққа сай тани білуіне жол көрсету мақсатында сәуір айының 16-шы жұлдызында «Мамандық таңдау-өмірді таңдау» тақырыбында кеш өткізілді.

Астана қаласы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Астана қаласын 2016-2020 жылдар аралығында жетілдіру бағдарламасы» аясында « Бақытты балалық!» атты көңілді старт өтті. Бұл маңызды іс-шараға әр ауданнан 3 мектеп қатысты. Біздің мектеп командасы жүлделі ІІІ-ОРЫН алып, мектеп мерейін үстем етті. Сайысты ұйымдастырған дене тәрбиесі мұғалімі Байдол Хайралас пен мектеп инспекторы Искандарова Жанар Камалбаевнаға мектеп әкімшілігі алғыс айтады.

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Бастау» математикалық турниріне мектебіміздің «Жас қыран» тобы қатысып Бас жүлдемен оралды. Топ жетекшісі Сапахова Динара Аманжоловнаны және мүшелері 4 «А» сынып оқушысы Жұмабай Омарды, 3 «В» сынып оқушысы Қуанышев Ардақты, 2 «А» сынып оқушысы Құдабай Әділханды жеңістерімен құттықтаймыз.

Жақында мектебіміздің салтанат залында "Қызғалдақ" қыздар клубының ұйымдастыруымен "Парасатты Айгерім" байқауы өтті.

Хабарландыру!!!

2016 жылдың 14-17 сәуір аралығында «Жас саяхатшылар» қалалық бекетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала Елі» туристік өлкетану экспедициялық отрядтарының ашық қалалық слеті өтті.

2016 жылы 6 сәуір күні Астана және Алматы қалаларында көп күткен жыл сайын өткізілетін Пифагор олимпиадасының III кезеңі өткізілді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны