Астана қаласының Білім басқармасы 2016 жылдың 11-22 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты ақпараттық науқан өткізу ұсынысына сәйкес білім мекемесінде 11-21 сәуір аралығында іс-шаралар жоспарланды. Жоспарға сәйкес 11,18 сәуір күндері «Қауіпсіз интернет» тақырыбында саптық тізілістер ұйымдастырылды. Саптық тізіліс барысында науқанның мақсаты түсіндіріліп, қосымша ақпараттар берілді. Саптық тізілістер барысында интернет туралы шағын қойылымдар да қойылды. 12-20 сәуір күндері аралығында 2-4сыныптарда «интернетке тәуелділік» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. 19-сәуір күні сыныптарда ата-аналармен «Баланы интернет тәуелділігінен қалай сақтаймыз» атты жиындар өтті. 19-20 күндері «Интернет не үшін керек?» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырлды. 19-20 күндері 4-сынып оқушылары арсында «Интернет әлемінде бізге не қауіпті не пайдалы?» тақырыбында эссе жазу күндері өтті. Аталған науқан бойынша барлық жоспарланған іс-шаралар орындалды.

Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің аясында 20.04.2016ж Сұлтанова Венера Ауданбайқызы 8 «В» сыныбымен ашық сабақ өткізді.
2016 жылдың 16 сәуір күні №56 мектеп – лицейінде 4 сынып оқушылары арасында орыс тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндері арасында олимпиада өтті, олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің мектеп оқушылары келесі жетістіктерді көрсетті: Михайленко Александр, математика – 2 орын, жетекшісі – Аракелян С.К. Хасенова Сабина, русский язык – 2 орын, жетекшісі – Ильина Л.Н. Абдрахманова Дильназ, казахский язык – 2 орын, жетекшісі – Жумагазина А.Н. Дрокин Александр, познание мира – Грамота, жетекшісі Аракелян С.К. Казиканов Адлет, математика – Грамота, жетекшісі – Жумагазина А.Н. ЖАРАЙСЫҢДАР, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Балаларды қауіпті әлеуметтік желілерден алдын ала сақтандыру және ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында сәуір айында №53 мектеп-лицейінде «Қауіпсіз интернет» акциясы өткізілді. Акция барысында дүсенбі күні тақырыпқа сәйкес сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Сынып сағаттары интернеттің жағымды-жағымсыз тұстарын айта отырып, түсіндіру, пікірталас, конференция түрінде ұйымдастырылды. 9 сәуір күні «Әке - жауапты лауазым» тақырыбында әкелер слеті болып өтті. Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлт болашағы үшін ата-ананың жауапкершілігін арттыру.Слетте мектеп директоры Қ.Ж. Әбдірәсілов салтанатты түрде ашып, келген әкелерге қошемет көрсетілді. Күн тәртібі бойынша директордың орынбасарлары Нұржанова Г.С., Абденова Т.К мектепте ата-ана мен мектеп арасындағы байланысып атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Екінші мәселе бойынша мектеп психологтары Жүнісова Н.З., Доголакова А.Ж. әкелер туралы видеоматериалдар көрсетіп, «Бала тәрбиесінде әкенің ролі» жайында дәріс оқыды.

Сәуірдің 27-і күні оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы- Ұланбасының сайлауы өтеді. Сайлау науқанында ұланбасы атағына өздерін үміткер ретінде ұсынған оқушылар: Ақжол Шұғыла, Мырзақұл Меруерт, Амангельдин Дамир, Николаев Азиз, Ғайса Арайлым, Смаилова Меруерт, Куралова Ақтоты, Хусаинова Дина, Полатова Зәуре көптеген іс-шараларын атқарып жатыр. Оқушылар өз бағдарламаларын дайындап, үгіт-насихат жұмыстарын өткізуде.

11-22 сәуір аралығында "Қауіпсіз интернет" ақпараттық науқан жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді.

12 сәуіркүні – Қазақстан Республикасының Ғылым күні етіп жарияланған.

2016 жылдың 15 сәуір күні 1-ОПП-415 тобының студенті Берикбай Ғазиза «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің арнайы пән оқытушысы Нуржауова Нуржанат Муратқызының басқаруымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «Менің колледжім- менің болашақ мамандығым» атты шығармашылық жұмыстарының республикалық интернет-байқауына қатысты.

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназиясында «Қауіпсіз интернет» іс - шарасына жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Бұл шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата – аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері мәселесін ұсыну, түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарлату болды. Осыған орай мектепте 1 – 11 сынып аралығында лездемелер мен сынып сағаттары өтті.

8-11 сынып оқушылары арасында «Көктем Аруы 2016» сайысы.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны