23 сәуір "Біз таза қаланы таңдаймыз" атты жалпықалалық сенбілік № 55 орта мектепте салтанатты жиынмен басталды.Сенбіліктің мақсаты: жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу. Тазалық денсаулық кепілі. Енді әр сенбі сайын тазалық айдарын жүргізуді бастаймыз. Сенбілікке 6-11 сынып оқушылары белсенді қатыса білді. 7 сынып оқушылары флешмоб ұйымдастырып, оқушыларға жақсы көңіл- күй сыйлады. Мектеп айналасын қоқыстардан тазартып, бүкілқалалық сенбілікке өз үлестерін қосты.

Астана қаласындағы №29 орта мектебінде 23.04.16 ж жалпықалалық сенбілік өтті. Барлық сынып оқушылары бір кісідей ат салысып, мектеп ауласын тазартты. Мектеп басшыларының құттықтау сөзінен кейін барлық сыныптар көңілді әуенмен мектеп ауласын тазартуға кірісті.

Бүгінгі қалалық сенбілікке мектебіміздің оқушылары да ат салысты.

№48 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Тұран-Астана университетінің магистранты Абуева Айзада Казизовнаны «Қазақ тілі латын тілінде: теория, методика және тәжірибе» атты ғылыми жұмысымен Тагангрог қаласында өткен «Ғылым қырлары» атты халықаралық жоба байқауына қатысып, Диплом және медаль алуымен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбегіңіз жана берсін!!! Биікке шырқай беріңіз!! Қанатыңыз талмасын!

2016 жылдың 23 сәуірінде №17 мектеп-гимназиясының оқушылары Деточкина Дарья, Нариман Айрика – 11 «Б» сынып, Беділханов Ағзам 11 «А» сынып оқушылары жалпықалалық сенбілікте Орынбор көшесінде ағаш отырғызуда белсене қатысты.

Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте 2016 жылғы 23 сәуірде экологиялық сенбілік өтті.

23 сәуірде Астана қаласы бойынша жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Экологиялық айлық «Таза қала – бақытты қала» астанамызды көріктендіру және жасылдандыру, санитарлық тазарту бойынша экологиялық сенбілік аясында мамырдың 18-не дейін өткізіледі.

23 сәуір күні №38 мектеп-лицейдің оқушылар мен ұстаздары қалалық сенбілікке қатысты. Оқушылар сапқа тұрғызылып, мектеп-лицейдің әнұранын айтып, 10 б-сынып оқушылары флеш-моб биін ұсынды. Көңілді әуен ырғағымен барлық сыныптарға белгіленген жер бөліктері бойынша қоқыстан тазартылып, ағаштардың түптері түптетіліп, әктелді.
Халқымызда «Бақыттың көзі – еңбекте» деген қанатты сөз бар. Сондай – ақ, «Еңбек ширатады, өмір үйретеді» деп те айтылады. Балаларды ғана емес, жалпы тұрғындарды еңбеке баулу, үйрету мақсатында қолға алынған сенбілік бүгін де қолға алынды. Ал оның тарихы тым әріде жатыр.
Сенбілік — Кеңес өкіметі еңбекшілерінің өз еркімен ақысыз еңбек етуі, коммунистік шара. Алғашқы сенбілік 1919 жылы 12 сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша пайда болды. Сенбілік жарыс түрінің біріне айналды. Мәскеуліктердің бұл көрсеткен бастамасын бүкіл ел еңбекшілері қайталады. Ал қазір сенбіліктер Тәуелсіз Қазақстанымызда да жалғасын табуда. Бүгінгі сенбінің сәтінде біздің №73 физика - техникалық лицей ұжымы да құрал - жабдықтарын жайлап, сенбілікке шықтық. Қызу еңбекке кіріспес бұрын дене қыздыру мақсатында "Волонтерлар" клубының белсенділері Анашова Айгерім мен Нагизханова Сарбиназдың бастамасымен флешмоб ұйымдастырды. Сәтімен жалғасқан сенбілік көңілді нотада аяқталды...

2016 жылдың сәуірдің 23-і күні «Астана - таза қала!» айлығы аясында мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілік сағат 09.00 де басталып, 14.00 де аяқталды. Сағат 09.00 де 7 сыныптар алғаш келіп, мектеп директоры Р.Буламбаева құттықтау сөз сөйлеп, қауіпсіздік ережесінің сақталуын айтып өтті. Сенбілік барысында музыка қойылып, оқушылар мен ұстаздар қауымының көңіл күйі көтеріліп, жұмысты қарқынды істеді. Сенбілік мектеп ауласын бекітілген карта бойынша сыныптарға бөлініп, ағаш қалдықтары мен қоқыстардан еңбек құралдарымен тазартып, оқушылардың қала сенбілігі арқасында еңбекке баулу жұмыстары белсенді түрде ұйымдастырылды.

23 сәуір күні №3 мектеп-гимназиясының 5-11 сыныптарында «Таза қала-бақытты қала!» атты сынып сағаттары өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны