1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мектебімізде достық пен татулықтың, бейбітшілік пен мызғымас тұрақтылықтың мерекесі ретінде көтеріңкі көңілмен, жарқын жүзбен асқақ рухта аталып өтті.

2016 жылдың 19 сәуір күні мектебіміздің мәжіліс залында ақын Қалқаман Саринмен кездесу өтті. Кездесуді айтыскер ақын Азамат Мәлжанбай жүргізді. Алғашқы сөз ақынның өзіне беріліп өмірі, шығармашылығы туралы сыр шертті. Бірнеше өлеңдерін оқып, тыңдармандарын тәнтті еттті. Сонымен бірге оқушылар ақын өлеңдерін жатқа айтып, жас ақындар жырдан шашу шашты.

Өткізілген күн:28.04.2016ж

9«б»сынып

Сынып жетекшісі: Джумабаева А.Т
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Құсайнов Мұхтар Құсайнұлы жары Құсайнова Рыспала Калиакбаровнамен

№15 мектеп-лицейінде «Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің мекені» тақырыбында Сарыарқа мектептері №№1,2,14,15,18,20, 25,29,34,35,36,40,41 арасында плакаттар сайысы өткізілді.
Сарыарқа ауданы мектептері арасында «Әкелер» слетінің аясында «Өзіңді сына» әскери - спорттық жарыс өткізілді.
1 мамыр- Қазақстан халықтары бірлігі мен ынтымақтастығы күніне арналған "Бір шаңырақ астында" тақырыбында әр түрлі ұлттардың биін насихаттайтын достық фестивалі өтті. Фестиваль 1-4 сыныптар арасында өтті.
№ 73 мектеп лицейінде Жасұлан ұйымы арасында өткізілген 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Ұлт бірлігі-ұлы байлық" атты қалалық фестиваль - конкурсына біздің мектептен 6 сынып оқушылар командасына берілген беларусь ултын оқушылар жақсы орындап шықты. Жетекшісі: Жасұлан ұйымы тәлімгері: Тулегенова Данар. Онда № 55, № 70,№ 72, № 52,№ 73, № 51 мектептер оқушылары берілген өзбек, ағылшын, орыс, қазақ, беларусь,және қырғыз ұлттарын сомдады. Әр ұлттың киімдерімен келген командалар таныстыру, өнер көрсету, ұлттық құндылықтар және заманауи би кезеңдері бойынша сайысып нәтижесінде № 55 орта мектеп беларусь ұлты командасы III орынды жеңіп алды. Оқушылар арнайы мараптталды және де тәлімгерге алғыс хат табысталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!
1 мамыр - қазақстан халқының бірлігі күніне орай бастауыш сыныптар және орта буын арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Ғалия Фархатқызы 2-4 сынып арасында "Ынтымағы жарасқан ел" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Оқушылар әр ұлт өкілдерінің киімін киіп, сол ұлттың өнерін ортаға салды. 3-4 орыс сынып оқушылары арасында орыс,қазақ,беларусь,украин,татар,өзбек,түрік,азербайжан ұлт өкілі оқушылары болғандықтан сол ұлттың тілінде олең ,жырларын көрсете білді. Ажибаева Ұлжан 5-7 сынып оқушылары арасында әр ұлттың тұрмыс тіршілігіне шолу жасап, өнерлерін ортаға салды. Әр ұлт өкілдері сол ұлттық салт-дәстүрінен үзінді көрсетіп достыққа , бірлікке шақырды. Тәрбие сағаты соңында оқушылар үш тілде "Бір үйдің баласындай" әнін жақсы орындап шықты.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны