1 мамыр-бірлік күніне арналған №51 мектеп-гимназиясында
«Біз достықты жырлаймыз» атты мерекелік іс-шара өтті.

23.04.2016 жылы №19 «Балбөбек» балабақшасы

«Біз таза қаланы қолдаймыз» атты сенбілікке шықты.

«Мен мамандықты таңдаймын ...» атты республикалық интернет-байқауы

2016-2017 оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдау.

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.

Халқымыздың «Бірлік болмай - тірлік болмас» деген дана сөзі бар. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі экономикалық – әлеуметтік салаларындағы тұтас жетістіктері тек бірліктің, сол бірлік арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана орын алды.

30 сәуірде Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында №3 мектеп- гимназиясында 5-7 сынып оқушылары арасында «Біздің күшіміз-бірлікте!» атты спорттық жарыстар өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 5 сыныптар арасында 1 орынды-5 в сыныбы, 2 орынды-5 г сыныбы, 3 орынды-5 б сыныбы иеленді. 6 сыныптар бойынша 1 орынды-6 б сыныбы, 2 орынды-6 е сыныбы, 3 орынды-6 ғ сыныбы иеленді. Ал 7 сыныптар арасында 1 орынды- 7 г сыныбы, 2 орынды-7 д сыныбы, 3 орынды-7 в сыныбы иеленді. Барлық жеңімпаздарды мадақтамамен және тәтті сыйлықтармен марапаттады.
29 сәуірде №3 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары Абжанова Карина,Жалалова Нурия және Оралова Малика М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өткен қалалық оригами байқауында "Ең ерекше жұмыс" номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жетекшісі Поберевская Н.Б.

Жақында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне орай мектепалды даярлау топтары арасында «Тілі бірдің-тілегі бір» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Астана қаласы оқу орындарының 7-10 сынып оқушылары мен ата-аналардың назарына

№53мектеп-лицейінде мектеп бітіруші түлектер, яғни 11-сынып оқушылары арасында филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Шерубай Құрманбайұлымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында ашық әңгіме «Тіл - ұлттың ең жанды жері» тақырыбында өрбіді. Өзінің күнделікті өмірде байқаған, түйген ойларын оқушылардың намысы мен жігерін жани отырып айтқанда балалар дың жүзінде жауапкершілік пен ойлылықтың белгісі тұрды. Кездесу барысында өзін Қазақстанның азаматымын дейтін, осы елдің ауасын жұтып, суын ішіп, осы елде өмір сүріп жатқан кез-келген адам мемлекеттік тілді меңгеріп, құрметтеп көздің қарашығындай сақтау қажеттілігін, ашық қоғамда кез-келген мәселенің ашық болуы керектігін әңгімеледі. Мектеп қабырғасынан ұшқалы отырған жас түлекке «Мемлекет ретінде өркендейміз, өсеміз, дамимыз десеңдер, болашағымыз жарқын болсын десеңдер, қазақша оқып, өзіңнің тілің мен дәстүріңді, өнерің мен мәдениетіңді, тарихыңды бойларыңа сіңіріп, содан соң ғана шет тілін үйреніңдер» - деген ақылын айтты. Негізінен кездесу барысында Шерубай Құрманбайұлы Алаш көсемі Ә.Бөкейхановтың тіл саласына, аударма саласына қосқан үлесі туралы, қазақ ұғымына сай астрономиялық атауларды қазақшаға аударуда Ә.Бөкейхановтың ұлттық болмысымыз бен таным-түсінігімізге сай ұғымдарды қолданғаны жайлы қызықты әңгімеледі. Мектеп оқушылары арасынын Зейнелкабиденов Аян, Балабек Арайлым, Жолдасбекова Ақмарал Шерубай ағайға сұрақ қойды. Берілген сұрақтарға жауап беру кезінде балалар мен ғалым ағаның арасында жанға жағымды байланыс орнады. Кездесу соңында 11«Ә» сынып оқушысы ақынжанды Орал Абдрауф өз көзқарасын өлеңмен өріп, оқып берді. Мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әлиев Ербол құрметті қонағымыз Шерубай Құрманбайұлына мектеп атынан алғысын айтып, №53 мектеп-лицейде елін сүйетін, тілін құрметтейтін балалардың көп екенін айта өтті. Кездесу кешін ұйымдастырған ұстаздар – тарих пәнінің мұғалімі Авдхалым Әсия мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәрсембаева Жұмаш Төлекенқызы.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны